Просмотр содержимого документа
«" ?ліппе са?ан мы? ал?ыс!!!."»
Әліппе саған мың алғыс!!!.
Мақсаты: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден және математикадан алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, өнер сүйгіштік қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу; Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Математика» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есептер, көрнекілік, шарлар, әріптер, шардан жасалған киім үлгілері, карона. Әріп макеттері. Барысы: Атасы немересін жетектеп келеді. Автор: Жеті жасар баласын, Жетпісте шал жетектеп. Келе жатыр көшеде, «Қайда әлгі мектеп»-деп. Жетпіс келед жүгіріп. Ата: Балам,балам, жақсы бол, Міне,сенің мектебің. Сабағыңа зейін сал Ақылды бол тентегім. Немере: Қыркүйекте келдім де Сыныпқа кірдім қуанып, Қарсы алды ұстаз мейіріммен Қадамымды құп алып. Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық. І-жүргізуші: Қайырлы күн, уа, халайық! ІІ-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар, Білім іздеп, инемен құдық қазғандар, Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, Би биленіп,әнде бүгін шырқалар. І-жүргізуші: Көз салып қараңызшы бойымызға Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға. Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар, Әліппемен қоштасу тойымызға. Мұғалім: Өсті міне бойларың, Өсті ақыл- ойларың. Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойларын! Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы. Іші толы әріпке, Білімдегі жарық не? Хормен: Болашаққа жол ашар- Ол сүйікті- Әліппе! Ол сүйікті -Әліппе! Мұғалім: -Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық. Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе! Әліппе: Армысыздар жас достар! Армысыздар, ата-ана!
Мұғалім: 1-оқушы: Әдемі Әліппем менің Әліппем, Сені қолға алып мен. Есігін аштым мектептің, Ертеңгі сәуле жарықпен. 2-оқушы: Жулдыз Келгенде алғаш мектепке, Білмеуші едік әріпте, Оқимыз қазір ертекте, Үйреткен оны Әліппе! Ән: Хормен «Әліппе»
ІІ- жүргізуші:
Қане беріп қарайық, Зейін қойып тыңдайық Әріптермен танысу Тақпақтардан бастайық.
І-жүргізуші: Алмас Енді ортаға әріптерді шақырайық.
Мұғалім: ( Ә,Л,І,П,П,Е) әріптер таққан оқушылар шығады. «Кішкентай сиқыршы»: Жұмбақ жасырам, шешімін тапсаңдар бір сөз шығады. Әжеде бар, атада жоқ Әтеште бар, көжекте жоқ (Ә) 2.Мынау-доға қарайық Ұқсайды оған қай әріп? (Л) 3.Ірімшік жедің ғой, «Тәтті екен» дедің ғой. Оның аты біз жазған, Қайсы әріптен басталған? (І) 4.Ата-анаңмен барып сен, «Пілді» көрдің «парктен» Осы атауға зер салшы
Басталған қай әріптен? (П) 5.Пілде бар, шілде жоқ. Допта бар, шарда жоқ. (П) 6.Ешкіде бар, қойда жоқ Кеседе бар, қасықта жоқ (Е) Қандай сөз шықты? Әліппе
Мұғалім: Рахмет балалар, Білмесбек болмай, Білгішбек болыңдар! ( сахнаға кір-қожалақ Білмесбек келеді) Білмесбек: -Мыналар не жиналған -әй. Менің атымды атаған қайсың? Мұғалім: -Сәлеметсің бе Білмесбек! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі. Білмесбек: -Әліппемен қош-та-су. Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін. Чао! ( кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады) Бала: -Тиіспе, менің шарыма . Мұнда әріп жазылған. Білмесбек: -Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты-ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай-ақ білемін. Мұғалім: Ол не дегенің Білмесбек.
Бұлар О,П әріптері.
Дегенмен балалар Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас. Тапсырмалар кетеді: «Қазақ тілі» аулына барады. 1. «Әріптер әлемі» сайысы:(қыздар әріптер алып, оған сөз ойлап, буынға бөледі). 2.«Теңге алу» ойыны: (жердегі буындарды жинап, сөз, сөзден сөйлем құрайды)
Білмесбек бірнеше рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды. Мұғалім: Міне Білмесбек , көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі. Білмесбек: Онда мен де кітап оқығым келеді. Мұғалім: Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті –басыңды тазалап, жөнге сал. «Әліппені» таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды. Білмесбек: Жарайды.(шығып кетеді) Мұғалім :Балалар , әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулерін ата-ана үшін де ,мен үшін де үлкен қуаныш. ІІ- жүргізуші: Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік. Рахмет саған «Әліппе».(хормен) Қыздардың орындауында би. (Өзбек биі) І-жүргізуші : «Әліппе» даңғыл жол ашты Жаңадан пәндер жалғасты Әліппе сырын ұқтырған Рахмет ұстаз алғашқы.
ІІ- жүргізуші: Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі өнер сіздерге арналады. «Вальс» биі. Мұғалім: -Балалар! Сендер енді әліппемен ғана танысып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар. -Математика – ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдерін тексерейік. ( ауызша есеп)
Тапсырмалар: «Математика еліне саяхат» «Жұмбақ» сайысы: (математика: Ата-ана, балаларға). 1. Торда үш қоян бар еді.Үш оқушы бір-бірден қоян алды. Сонда тақтада әлі де бір қоян қалды. Ол қалай? (Ж: біреуі торымен алған). 2.Бес бұтақты қайыңда, Бұтақ сайын бес алма. Біреуін бер сайынға, Сонда қалды неше алма? (Қайыңда алма өспейді). 3.Тепсең-ақ секіріп, Ұстатпай қашады. Бір жерге бекініп, Тұра алмай сасады. (доп). 4.Күн мен түн қалай басталады? (кезекпен) 5.Адам есектен неге құлайды? (жерге). 6.10 ешкіден 5 қойды алсақ, неше ешкі қалады? (10) 7.Адам несіз өмір сүре алмайды? (ауасыз, сусыз, тағамсыз). 8.Сен және мен, біз екеумуз қосылсақ қанша боламыз? (екеу) 9.Алманың жартысы неге ұқсайды? (жарты алмаға) 10.Қарға ұшады, ал ит құйрығына отыра ма? (Ит жуас болса, құйрығына қарға қонып отырады). Өте жақсы Жарайсыңдар! Мұғалім: Ал енді Әдемінің орындауында ән. «Айгөлек»
Ендеше , балалар, осы цифрларды тура және кері бағытта жазып көрейік. «Санамақ» Би: (Күзгі бақ) Қыздар
Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі: -Сәлеметсіңдер ме, балалар? Туған елдің тілімін, Ақылымен танылам. Түсіндірер бәріне Ана тілі мен болам. Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін. Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар! «5» болсын алар бағамыз, Біліммен бақыт табамыз, Өнер-білім көп тоқып, Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату) Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе! Мұғалім: Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға ана тілін аламыз. Ата-ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Кітапханашы:
Лента қию: Ана тілі кітабын табыс ету .Мадақтау, марапаттау сыйлықтар сыйлау!!!