Просмотр содержимого документа
«?лкей Мар??ланны? е?бектері »
Сабақ №8
Занятие №
Сабақты өткізу күні және топ:
Дата занятия и группа:
Сабақтың тақырыбы: Әлкей Марғұланның еңбектері
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Жаңа тақырып бойынша жаңа сөздермен таныстырып,е өз ойларын айта білуге үйрету.
2.Дамытушылық.: сурет бойынша әңгімелесуге, тақырыпты мазмұндауға, ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру ,грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындауға, сызба бойынша әңгімелеуге үйрету.
3.Тәрбиелік: қазақ халқының ұлы адамдарын үлгі етіп, олардан тәлім – тәрбие алуға үйрету. туралы толық мағлұмат алуға үйрету.
Негізгі ұғымдар: Мұрағат,мұра,Қолжазба, сынаған, зерттеген, әжуалаған, сұрыптаған,.іріктеген.
Основные понятия:
Сабақтың әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі: интерактивті тақтада мультимедиялық презентация, суреттер,бейнетаспа, үлестірме қағаздар,сызба, кестелер.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру әдісі,өз беттерімен жұмыс,бекіту жұмыстары
Сабақтың типі: аралас
Сабақ жоспары:
План занятия :
Сабақтың барысы:
І .Ұйымдастыру кезеңі: Психогимнастика(күй айтылып тұрады)
Көзімізді жұмамыз, көзімізді ашамыз,күлімдейміз. Жүрегіміз жұмыс қалпына келу үшін кеуденің, сол жағын сипалаймыз,басымыз жақсы істеу үшін басымызды сипаймыз, бүгін қолымыз әдемі жазу үшін оң қолымызды сипаймыз, ал енді бір – бірімізге қарап, күлімдеп ойша жетістік тілейміз.
-Мен сендерге сәттілік тілеймін.
ІІ. Оқушылардың білімдерін тексеру
Проверка знаний учащихся.
Енді жақсы көңіл – күймен сабағымызға кірісейік. Бүгін сендермен екі топқа бөлініп, жұмыс істейміз.
Бірінші топтың аты- «Болашақ», екінші топтың аты – «Аманат»
Бүгін біз сендермен қазақ халқының ұлы адамдар туралы әңгімелесеміз.Аз ғұмыр сүрсе де ,артына өшпес мұра қалдырған атақты ұлы адамдар баршылық. .Біз олармен өткен сабақта танысқанбыз. Бүгін сабағымызда оларды басқа қырынан қарастырып көрейік.
1 тапсырма: «Мен кіммін?»ойыны Презентация №1
Қазір сендер «Мен кіммін?» ойыны арқылы қандай ұлы адамдарды анықтаңыздар.
1.Аса көрнекті геолог, ғалым, қоғам қайраткері.
Ол Семей губерниясының Ақкелін болысында туған.
Томск технологиялық институтының геологиялық барлау мамандығы бойынша бітірді. Бұл кім?( Қаныш Сәтбаев)
2.Ол Қостанайдың Құсмұрын бекетінде туған.
Балалық шағы Сырымбет тауының баурайында өткен.
Ол Орыс География қоғамының мүшесі.
«Манас»жырының авторы.
1847-1853 жылдары Омбыдағы кадет корпусында оқиды.
1853 жылы 18 жасында Кадет корпусын табысты аяқтаған Шоқан Омбыдағы генерал губернатор Г.Х.Гасфорттың адьютанты болып қызметке орналасады.
(Шоқан Уәлиханов )
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі,тарих ғылымдарының докторы,профессор,аса көрнекті ғалым,қоғам және мемлекет қайраткері.
1931 жылы 16 қарашада қазіргі Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Тазкөл ауылында дүниеге келген.
2003 жылы 30 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне академиктің есімі берілді.
Шоқан Уәлиханов пен Әлкей Марғұланға қатысты дұрыс сәйкестікті табыңдар.
топтан екі оқушы шығып интерактивті тақтамен жұмыс істейді.
«Ыстықкөл сапарының күнделіктері»
Шоқан Уәлиханов «Манас»
Баянауыл ауданы
Кадет корпусы
филология ғылымдарының академик докторы
Әлкей Марғұлан «Сот реформасы туралы жазбалар»
Семей педагогикалық техникумы
«Қырғыздар туралы жазбалар»
«Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті»
«Жоңғария очерктері»
«Шоқан Уәлиханов және Орта Азия тарихы»
3 тапсырма .Хабарлама жасау(презентация арқылы )
Екі топ алдын ала берілген тапсырма бойынша екі ғалымға даярлап келген хабарламаларын презентация қолдана отыра оқиды.
Бірінші сөзді «Болашақ» тобы бастайды, екінші «Аманат» тобы
4 тапсырма . Бейнефильм көрсету.
Енді экранға назар аударайық.( Экранда Шоқанның 175 жылдығына байланысты өзінің оқыған жерінде өткізілген іс -шара туралы бейнефильм көрсетіледі).
Оқытушы: бейнефильмді көрдік.Оқушылар осы бейнефильм сендерге қандай ойсалды?(Оқушылардың жауаптары)
III. Жаңа материалды оқыту
Изучение нового материала.
Жаңа мәтінмен таныспас бұрын жаңа сөздермен танысайық
1. Жаңа сөздермен жұмыс презентация №3
Мұрағат - архив
Мұра- наследие
Шығыстанушы – востоковед
Жыр – дастандар – эпосы –поэмы
Аңыз - әңгімелер – легенды- рассказы
Сұрыптаған – сортировал
Бөліп жіктеген – группировал
Сынаған – критикова
Сақталған – сохранены
Қолжазба – рукопись
әжуалап –высмеивал
ұлықтар – правители
әшкерелеу- разоблачать
үлгілері - образцы
түзетулер - исправления
Ал ,енді орыс тілінде жазылған сөздерді қазақ тіліне аударайық .
Назарымызды тақтаға аударайық
2 .Мәтінмен жұмыс.Презентация №4,5
Мұрағаттың сарғайған беттері
Академик Әлкей Марғұланның жөн сілтеуімен институт қызметкерлері Ленинград мұрағаттарынан Ш. Уәлихановтың мұраларын іздестірді .Шоқанның Петроградта көбірек ғылыми байланыс жасаған жері өзі мүшесі болған Орыс География қоғамы. Сол себепті қазақ ғылымының біраз еңбектері сонда сақталған. Әлекеңнің көрсетуімен осы мұрағаттан арап әрпінде жазылған 20 шумақ өлең алынды. Бұл Шоқан жинаған халық фольклорының бір үлгісі екен.
Шоқан қолжазбаларын сонау елуінші жылдан бері қарай зерттеп жүрген Ж.Қармышева қолжазбасының Шоқанның жазуына ұқсайтынын айтады.
Жалпы Шоқан өзінің қысқа ғұмырында халқымыздың жыр- дастандарын , аңыз - әңгімелерін, мақал – мәтелдерін және жұмбақтарын қай жерде жүрсе де жинаумен болды.
Әрине, ол халықтың асыл мұрасының өзіне ұнаған прогрессивтік мәні бар құнды нұсқаларын ғана іріктеп, сұраптап жинады.
Шоқан алғаш рет халық мақал- мәтелдерін топ- топқа бөліп жіктеді.
Кезінде Шоқан жазып алған «Манас» жырының жоғалып кеткен нұсқасын 60 жылдан соң Ә.Марғұлан тауып, үлкен іс тындырған еді.
Шоқанның бізге жеткен еңбегінің бірі « Поговорки Большой Орды» мен басқа еңбектерін байыптап қарағанымызда оның халық мұрасын жинаушы орыс фольклористерімен тығыз байланыста болғанын байқаймыз. Ол тіпті орыс фольклористерінің қазақ жыр, аңыздарына қатысты кейбір еңбектерін қатты сынап, тузетулер енгізіп отырған. Шоқан мұрағатында аты белгісіз қазақ әдебиетін зерттеушінің «Словесность» атты үлкен еңбегі сақталған. Бұл зерттеуді Шоқан қысқаша , бірақ жеріне жеткізе былай деп сынапты: «... Критические идеи автора, попытки в исторических исследованиях показывает совершенное незнание истории среднеазиатских государств и преданий казахов, склонность автора рукописи к ученым теориям при слабых ученых познаниях взгяд и наконец, юмористический тон в рассказах о грустной темной стороне киргизской(казахской) жизни – все это производит на нас крайне неприятное чувство...»
Жалпы ол кезде Қазақстан мен Орта Азия туралы қандай еңбек жазылса да алдымен Шоқан оқып пікір жазып отырған.
а ) мәтінді мәнерлеп оқу
ә ) мәтінді бойынша сұрақтарға жауап беру
1. Шоқан Уәлихановтың мұраларын кім іздестірген?
2. Шоқан Уәлихановтың еңбектері қайда сақталған? (Орыс Георграфия қоғамында )
2. Шоқанның ғылыми еңбектері қандай тақырыптарды қамтыған?
3.Ол өзінің зерттеу жұмыстарын қалай іріктеген?
4.Шоқан басқа ел зерттеушілері еңбектерінің қандай кемшіліктерін көрсеткен?
5.Шоқанның еңбектерін кімдер зерттеген?
6. Ғалымның соңғы еңбектерін ата.
б ) Мәтін бойынша тірек – сызба құрастыру. Презентация № 6
Шоқанның еңбектерін кімдер зерттеген?
Мұрағаттан не тапқан?
Не жинаған?
1. Әлкей Марғұлан
1.20 шумақ өлең
1.Мақал- мәтелдер
2. Ж.Қармышева
2. «Поговорки большой орды»)
2.аңыз - әңгімелер
3. «Манас» жыры (60 жылдан соң)
3.жыр-дастандар,жұмбақтар,халық фольклорын
в ) Мәтін бойынша кластер құрастыру. Бірінші топ мәтіннен Шоқан кім ?деген сұраққа жауап беретін сөздерді тауып,кластер құрастыру керек. Екінші топ Шоқан не істеген? деген сұраққа жауап беретін сөздерді тауып, кластер құрастыру қажет.
Шоқан кім? Шоқан не істеген?
зерттеуші сынаған
аудармашы сұрыптаған
сыншы іріктеген
фольклорист жазған
суретші жинаған
ірі ғалым зерттеген
шығыстанушы
саяхатшы
IV. Тақырыптың негізі ұғымдарын бекіту бойынша жұмыс
Работа по закреплению основных понятий темы. :
1 )«Ең үздік аудармашы»ойыны Презентация № 7
Оқытушы : Сендердің болашақ мамандықтарын қандай?( Аудармашы)
Енді қазір сендердің қаншалықты тілдерді білетіндерінді көрейік.
2. «Манас» жырының жоғалып кеткен нұсқасын қашан тапты?(60 жылдан соң ......)
3.Ш.Уәлиханов Қырғыз еліне, Жоңғарияға,Құлжа қаласына не жасайды? Саяхат, путешествие, ...... )
4.Арап әрпінде жазылған мұрағаттан не табылды? өлең,стихотворение)
5.Қазақстан мен Орта Азия туралы қандай еңбек жазылса да алдымен Шоқан оқып не жазған? (Пікір – мнение)
2. «Қатесін тап» ойыны Презентация № 8
1.Академик Әлкей Марғұланның жөн сілтеуімен институт қызметкерлері Омбы (Ленинград)мұрағаттарынан Ш. Уәлихановтың мұраларын іздестірді
2.Шоқан Павлодар(Қостанай) облысында дүниеге келген.
3. Шоқан қолжазбаларын сонау елуінші жылдан бері қарай зерттеп жүрген Қ.Сәтбаев(Ж.Қармышева) қолжазбасының Шоқанның жазуына ұқсайтынын айтады
4. Шоқан мұрағатында аты белгісіз қазақ әдебиетін зерттеушінің «Евгений Онегин»( «Словесность») атты үлкен еңбегі сақталған.
3. Көрініс көрсету (Шоқан мен Достоевскийдің әңгімесі)
V .Қорытынды
Сабақта қандай мәтінмен таныстық?
Мәтінде не туралы айтылған?(Оқушылардың жауаптары)
Оқытушының қорытынды сөзі: Академик Веселовский айтқан екен: «Шоқан Шыңғыс Уәлиханов шығыстану ғалымында аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды». Бірақ осы аз ғұмырында Шоқан біраз жұмыстар атқарды. Шоқанның бойында энциклопедиялық білімі бар десек еш қателеспейміз.
Кең байтақ Қазақстанымыздың көптеген қалалары мен облыс орталықтарында Шоқан Уәлихановкқа ескерткіштер орнатылып, мұражайлар ашылып, көшеге аты берілген. Ғалым өмірі – ұрпаққа ұлағат, үлгі -өнеге. Сендер де Шоқан сияқты көп тілді меңгерген полиглот ,қазіргі заманға сай бәсекеге қабілетті, жан – жақты , шебер , кәсіби маман болуға ұмтылуларын қажет . Ол үшін сендерге білім , оқу қажет.
Академик Әлкей Марғұланның жөн сілтеуімен институт қызметкерлері Ленинград мұрағаттарынан Ш. Уәлихановтың мұраларын іздестірді .Шоқанның Петроградта көбірек ғылыми байланыс жасаған жері өзі мүшесі болған Орыс География қоғамы. Сол себепті қазақ ғылымының біраз еңбектері сонда сақталған. Әлекеңнің көрсетуімен осы мұрағаттан арап әрпінде жазылған 20 шумақ өлең алынды. Бұл Шоқан жинаған халық фольклорының бір үлгісі екен.
Шоқан қолжазбаларын сонау елуінші жылдан бері қарай зерттеп жүрген Ж.Қармышева қолжазбасының Шоқанның жазуына ұқсайтынын айтады.
Жалпы Шоқан өзінің қысқа ғұмырында халқымыздың жыр- дастандарын , аңыз - әңгімелерін, мақал – мәтелдерін және жұмбақтарын қай жерде жүрсе де жинаумен болды.
Әрине, ол халықтың асыл мұрасының өзіне ұнаған прогрессивтік мәні бар құнды нұсқаларын ғана іріктеп, сұраптап жинады.
Шоқан алғаш рет халық мақал- мәтелдерін топ- топқа бөліп жіктеді.
Кезінде Шоқан жазып алған «Манас» жырының жоғалып кеткен нұсқасын 60 жылдан соң Ә.Марғұлан тауып, үлкен іс тындырған еді.
Шоқанның бізге жеткен еңбегінің бірі « Поговорки Большой Орды» мен басқа еңбектерін байыптап қарағанымызда оның халық мұрасын жинаушы орыс фольклористерімен тығыз байланыста болғанын байқаймыз. Ол тіпті орыс фольклористерінің қазақ жыр, аңыздарына қатысты кейбір еңбектерін қатты сынап, тузетулер енгізіп отырған. Шоқан мұрағатында аты белгісіз қазақ әдебиетін зерттеушінің «Словесность» атты үлкен еңбегі сақталған. Бұл зерттеуді Шоқан қысқаша , бірақ жеріне жеткізе былай деп сынапты: «... Критические идеи автора, попытки в исторических исследованиях показывает совершенное незнание истории среднеазиатских государств и преданий казахов, склонность автора рукописи к ученым теориям при слабых ученых познаниях взгяд и наконец, юмористический тон в рассказах о грустной темной стороне киргизской(казахской) жизни – все это производит на нас крайне неприятное чувство...»
Жалпы ол кезде Қазақстан мен Орта Азия туралы қандай еңбек жазылса да алдымен Шоқан оқып пікір жазып отырған.
а ) мәтінді мәнерлеп оқу
ә ) мәтінді бойынша сұрақтарға жауап беру
1. Шоқан Уәлихановтың мұраларын кім іздестірген?
2. Шоқан Уәлихановтың еңбектері қайда сақталған? (Орыс Георграфия қоғамында )
2. Шоқанның ғылыми еңбектері қандай тақырыптарды қамтыған?
3.Ол өзінің зерттеу жұмыстарын қалай іріктеген?
4.Шоқан басқа ел зерттеушілері еңбектерінің қандай кемшіліктерін көрсеткен?
5.Шоқанның еңбектерін кімдер зерттеген?
6. Ғалымның соңғы еңбектерін ата.
б ) Мәтін бойынша тірек – сызба құрастыру.
Шоқанның еңбектерін кімдер зерттеген?
Мұрағаттан не тапқан?
Не жинаған?
Сабақ №8
Сабақты өткізу күні және топ:
Дата занятия и группа:
25.03.11ж ПДД-1-09 топ
Сабақтың тақырыбы: Мұрағаттың сарғайған беттері
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Жаңа тақырып бойынша жаңа сөздермен таныстырып,е өз ойларын айта білуге үйрету.
2.Дамытушылық.: сурет бойынша әңгімелесуге, тақырыпты мазмұндауға, ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру,грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындауға, сызба бойынша әңгімелеуге үйрету.
3.Тәрбиелік: қазақ халқының ұлы адамдарын үлгі етіп, олардан тәлім – тәрбие алуға үйрету.
Негізгі ұғымдар: Мұрағат,мұра,Қолжазба ,сынаған, зерттеген, әжуалаған, сұрыптаған,.іріктеген.
Основные понятия:
Сабақтың әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі: интерактивті тақтада мультимедиялық презентация, суреттер,бейнетаспа, үлестірме қағаздар,сызба, кестелер.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру әдісі,өз беттерімен жұмыс,бекіту жұмыстары
Сабақтың типі: аралас
Сабақ жоспары:
План занятия :
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі Психогимнастика(Оқушылардың сабаққа назарларын аудару)
ІІ. Оқушылардың білімдерін тексеру
1 тапсырма: «Мен кіммін?»ойыны «Мен кіммін?» ойыны арқылы ұлы адамдарды анықтаңыздар.
2 тапсырма «Сәйкестікті тап» ойыны . Шоқан Уәлиханов пен Әлкей Марғұланға қатысты дұрыс сәйкестікті табыңдар.
3 тапсырма .Хабарлама жасау(презентация арқылы )
Екі топ алдын ала берілген тапсырма бойынша екі ғалымға даярлап келген хабарламаларын презентация қолдана отыра оқиды.
4 тапсырма . Бейнефильм көрсету.
Енді экранға назар аударайық.( Экранда Шоқанның 175 жылдығына байланысты өзінің оқыған жерінде өткізілген іс -шара туралы бейнефильм көрсетіледі).
IIІ. Жаңа материалды оқыту
Жаңа мәтінмен таныспас бұрын жаңа сөздермен танысайық
1. Жаңа сөздермен жұмыс
2 .Мәтінмен жұмыс.
б ) Мәтін бойынша тірек – сызба құрастыру.
Шоқанның еңбектерін кімдер зерттеген?
Мұрағаттан не тапқан?
Не жинаған?
в ) Мәтін бойынша кластер құрастыру. Бірінші топ мәтіннен Шоқан кім ?деген сұраққа жауап беретін сөздерді тауып,кластер құрастыру керек. Екінші топ Шоқан не істеген? деген сұраққа жауап беретін сөздерді тауып, кластер құрастыру қажет.
IV. Тақырыптың негізі ұғымдарын бекіту бойынша жұмыс
Работа по закреплению основных понятий темы. :
1 )«Ең үздік аудармашы»ойыны
2. «Қатесін тап» ойыны
V .Рефлексия Сабақта қандай мәтінмен таныстық? Мәтінде не туралы айтылған?
Анализ урока
Я на уроке достигла поставленной цели. Цели: научить выражать свои мысли на казахском языке ,познакомив новым материалом.
Усовершенствоаать развитие устной речи при составлении кластеров , опорных схем, развивать разговорную речь при описании великих людей
Воспитывать: ценить великих людей и почитать их
Использовала на уроке инте рактивную доску,видиоматериал о 175 летии Шокана,
Развиваю разговорную речь при помощи различнх игр, таких как «Лучший переводчик», «найди ошибку», найди соответствие и т.д
такие приемы помогают лучше освоить новый материал
Сабақты өткізу күні және топ:
Дата проведения занятия и группа:
Сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қалалары Синтаксис.Жай сөйлем.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Жаңа лексиканы игерту,сөйлеу формаларын игерту.
Дамытушылық: Ауызша,жазбаша ойлаумен сөйлесу қасиеттерін дамыту.
Қазақ тіліне қызығушылықтарын, ықыластарын арттыру. Шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу.
Негізгі ұғымдар: Основные понятия:жағасы,орталық,мекендеген,кәсіп
Сабақтың әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі: Т.А. Саутова, Ұ. С.Байсақалова «Қазақ тілі», қосымша материал.
Сабақтың типі: Тип занятия: аралас сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Методы и приемы: баяндау, сұхбат
Көрнекілік: суреттер, сызбалар
Сабақ жоспары:
План занятия:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Организационный момент: оқушылармен амандасу, түгендеу.
Бүгін кім кезекші?
Бүгін нешесі? Аптаның қай күні?
Топта бәрі түгел ме?
Бор, қағаз, дайын ба? Дәптерлеріңде үй жұмысы бар ма?
Үй жұмысын дайындадыңыз ба? қайталаңыздар.
ІІ . Оқушылардың білімдерін тексеру. Проверка знаний учащихся
Сұрақтарға жауап беріңіздер.
Көкшетау немен бай?
Қазақстанның табиғаттың ең көркем жерлерін ата.
Қандай көлінің табиғаты ғажап.
Бұл жерге кімдер келеді?
Қоғамдық ұйым немен айналысады?
Орман шаруашылығы қызметкерлеріорман үшін не істейді?
Мәтінді мазмұндау . Синтаксис дегеніміз не?
100б «Туған жерге сағыныш»өлеңді мазмұндау және жатқа айтып беріңіз.
ІІІ. Сабақ жоспары: План занятия:
Синтаксис. Жай сөйлем.
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемдер қазақ және орыс тілдерінде мақсаты мен айтылуына қарай: 1.хабарлы -повествовательные
2.Сұраулы- вопросительные
3.Лепті - восклицательные
4.Бұйрықты –побудительные
Мысалы:тәуелсіз мемлекеттің өз шекарасы болады. Ошақ басының оты сөнбесін!Аға ,денсаулығыңыз қалай? Сабаққа кешікпе.
1.тапсырма: Мәтінді ұғып, аудару
Қазақстан қалалары
Қазақ жерінде ежелден –ақ көп қала болған. Олардың дені өзен- көлдердің жағасына ,жері бай, топырағы құнарлы, ауа-райы жұмсақ жерлерге орналасқан. Олардың үстін керуен жолдар басқан.
Қазақстанда қалалар бұдан екі жарым мың жылдай бұрын пайда бола бастаған. Бірақ ол қалалардың көбі қазір жоқ Ертедегі қалалар қирап,олардың үйінділері ғана қалған.
Ежелгі қалалардың қазіргі барларының бірі –Түркістан қаласы.
Түркістан қаласы –Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан ауданының орталығы. Онда темір жол бекеті бар. Қала Шымкент қаласынан 225 шақырым жерде. Төртінші-оныншы ғасырларда қаланың орнында Шабғар деген үлкен қала болған. Гүлденген шағында Иассауи деп аталады. Ал кейін 15 ғасырдан бастап Түркістан деп аталып келеді.
«Түркістан» деген сөз түріктер мекені дегенді білдіреді.
Өйткені бұл маңда түркі тілдес халықтар мекендеген.
Бұл қалада осы күнге дейін Ақсақ Темір 15 ғасырда салдырған Ахмет Иассауи кесенесі бар. Ол Үнді ,Қытай сияқты шығыс елдерінен батысқа өтетін жолдың үстінде.
17 ғасырдан бастап, Түркістан қазақ хандығының құрамына ,олардың билігіне беріледі.
Жаудан қорғану үшін қаланы айналдыра қорған салдырған. Қорғанның төрт қақпасы бар. Түркістан көрші Сауран,Отырар,Сайрам ,т.б.қалалардың пайда болуына әсер еткен.
Түркістан маңында егіншілік кәсібі жақсы дамыды.
Жаңа өсіп келе жатқан Манкент,Сүткент сияқты қалалар Түркістан әкімшілігіне бағынады Түркістанды М.Жұмабаев былай деп жырға қосты:
Түркістан –екі дүние есігі ғой,
Түркістан - ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған ,
Түріктің Тәңір берген нәсібі ғой.
Жуырда Абылай ханның денесі қайтадан Түркістанға жерленді. Қаланың 1500 жылдық мерейтойы әсерлі өтті.
2 тапсырма: Жоспар құрыңыздар
3 тапсырма: Жай сөйлемдердің түрлерін дауыс екпінін келтіріп оқыңыздар.
1.Қазақстан батысында Батыс Қазақстан облысы (орталығы- Орал қаласы, Ақтөбе , Атырау және Ақтау қалалары)бар.
2. Тараз ,Павлодар,Қызылорда ,Петропавл,Алматы қалаларының бұрыңғы атауларын білесіңдер ме?
3. Отырар 6- 8 ғасырда Сырдария өзенінің орта тұсындағы ірі мемлекеттің астанасы болған. 4. Тараз – орта ғасырдағы қала, 7 ғасырда бұдан «Жібек жолы» өткен. 5. Қызылорда болып қайта аталды.
6. Пәлі,ел ордасы ,Астанағой, шіркін! 7.1869жылы Қаратал өзенінің бойындағы Талдықорған қыстағына негізін қалады.
IV. Тақырыптың негізі ұғымдарын бекіту бойынша жұмыс
Работа по закреплению основных понятий темы.
Кластер қүрастыру
V. Үй тапсырмасын беру
Задание на дом.
50-51-52 б мазмұндау, аудару,түсіну жаттау
Оқытушы
Преподаватель Кушербаева Ж.А
қолы/подпись аты-жөні/Ф.И.О
ЦӘК төрайымы
Председатель ЦМКАлпысбаеваА.Е
қолы/подпись аты-жөні/Ф.И.О
.

Преподаватель
қолы/подпись аты-жөні/Ф.И.О
ЦӘК төрайымы
Председатель ЦМКАлпысбаеваА.Е
қолы/подпись аты-жөні/Ф.И.О
Ф ПГКМ – 703-31-09 Сабақ жоспары. Бірінші басылым.
Ф ПГМК - 703-31-09 План учебного занятия. Издание первое