kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Локомоторлық қозғалыстар

Нажмите, чтобы узнать подробности

           Адам өмірінде сыртқы ортамен әрқашанда тікелей байланыста болады. Дүниеге келгеннен бастап, сол байланыс адамның қызметімен, қоршаған кеңістік пен уақытты бағдарлаумен байланысты.

            Қозғалу заңдылықтарымен оның табиғаты әрдайым кеңейіп отырады. Оған әсерін тигізетін тәжірибелер мен зерттеулер, бақылаулар мен тәрбиелеу өздерінің үлестерін қосады. Соның арқасында теориялық қағидалар дүниеге келіп отырады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Локомоторлық қозғалыстар»

«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған биомеханика сабағының жоспары

Колледж: МГК Мерзімі: 15.12.2017ж. Оқытушы: Козыбакова А.П., Мусрепова Х.К.

Топ: ДТБ-31 Студеттен саны: 25 Тақырыбы: локомоторлық қозғалыстар

Құндылық: ақиқат Қасиеттері: ізгілік, әділдік, шыншылдық.

Сабақтың мақсаты: локомоторлық қозғалыстар жөнінде айта отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: білім алушыларға дене мүшелерінің бір-біріне үйлесімді орналасуы, жалпы дененің қалпы жаттығуларды орындау техникасы туралы ой-өрісін арттыру;

Дамытушылық: білім алушыларға қозғалыстар, жаттығулар түрлерін туралы айта отырып, танымдық қабілеттерін дамыту;

Тәбиелік: білім алушыларды ізгілікке, әділдікке, шыншыл болуға тәрбиелеу.

Ресурстар (материалдар, көздері)

Сабақтың барысы. Сыртқы интеграция

Ұйымдастыру кезеңі (топқа бөлу «Жемістер әлемі»)

а) білім алушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ә) 5 Т– тыны еске түсіру (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық).

Тыныштық сәті. «Орманға ойша серуен»

Дәйексөз: Ақиқат маңызды емес, адамдардың ақиқат деп білетін нәрсесі маңызды

Пол Уотсон

- Дәйек сөздің мағынасын ашыңыз.

- Осы дәйек сөзден қандай ой түйдіңіздер?

Тыныштық сәтi.

 Оқытушы: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз.

Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Рахмет.

Білім алушылар өз әсерлерімен бөліседі.

Ескерту

Үй тапсырмасын сұрау, қорыту. Қызығушылықты ояту әдісі.  Бұл кезеңде білім алушылардың тақырып туралы не білетіні анықталады. «Мынау кімнің қаламы? - осы кезде қаламның иесі тұрады және сол білім алушыға сұрақ қойылады (карточка беріледі). 

1. Ішкі күштерге жататындар

2. Сыртқы күштерге жататындар

(Жауабы: Ішкі күштерге жататындар: бұлшық еттердің тартылу, созылу, қарсыласу күші және қозғалыс кезіндегі пайда болған дене мүшелерінің біріккен күші. Сыртқы күштерге жататындар: дене мүшелерінің тірелу нүктесі, сыртқы ауырлық, сыртқы ортаның үйкелу және қарсылық күші, басқа жанды-жансыз денелердің, нәрселердің қозғалып келе жатқан күштері.

Ішкі интеграция (сабақтың мазмұнына жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау)

Кеңістік сипаттамасына жататындар: дене мен  дене мүшелерінің тұрысы, қалпы, қозғалыс  траекториясы.

Уақыт сипаттамасы  уақыт ұзақтығы, қарқын және қимыл ырғағы.

Кеңістікті-уақыт сипаттамасы - жылдамдық және үдеу.



Ол ақиқат.

Жаңа сабақ

Адам өмірінде сыртқы ортамен әрқашанда тікелей байланыста болады. Дүниеге келгеннен бастап, сол байланыс адамның қызметімен, қоршаған кеңістік пен уақытты бағдарлаумен байланысты.

Қозғалу заңдылықтарымен оның табиғаты әрдайым кеңейіп отырады. Оған әсерін тигізетін тәжірибелер мен зерттеулер, бақылаулар мен тәрбиелеу өздерінің үлестерін қосады. Соның арқасында теориялық қағидалар дүниеге келіп отырады.

Спортшылардың техникалық әзірліктері, жаттығулардың жаңа орындалу тәсілдері көбінесе өмірдің талабына сай өсіп отырады. Сондықтанда биомеханиканың негізгі мақсаты, сол қозғалыстардың (жаттығулардың) жетістіктеріне талдау жасап, жетілдіре түсу.

Қай жаттығудың орындалу техникасын алсақ, олар бір-біріне кеңістік, уақыт, кеңістікті - уақыт  және қозғалыс тәрізді сипаттамаларда  болады. Кеңістік сипаттамасына жататындар: дене мен  дене мүшелерінің тұрысы, қалпы, қозғалыс  траекториясы.

Кеңістіктегі дене тұрысын біз иық және аяқ-жамбас буындарының орналасу тәртібіне қарай білеміз. Ол тік болуы мүмкін – тік  тұру, ілініп тұру (аспа темірде, шығыршықта),  тіреліп тұру (қос сырықта, белтемірде т.б.) немесе көлденең (тепе-теңдік, суда жүзу) және таяну (еденде, скамейкада тірей сүйену) түрінде де кездеседі.

Дене мүшелерінің бір-біріне үйлесімді орналасуы, жалпы дененің  қалпы жаттығуларды орындау техникасында үлкен рөл атқарады. Тәжірибеде  ол үш түрлі жағдайларда кездеседі:

- жаттығудың басында. Жаттығудың басында дұрыс алынған негізгі дене қалпы жаттығуларды орындауда ең тиімді жағдай жасауға  және белгілі бір анатомиялық, физиологиялық тиімді әсерге жетуге көмектеседі. Мысалы, 100 метрге жүгіру алдындағы  төменгі сөреге тұру қалпы, палуанның өз әдісіне керек қалыпты ұстауы т.б.;

- қозғалыс кезінде. Қозғалыс барысы кезінде керек дене қалпын сақтау спортта көп кездеседі. Мысалы, конькимен  сырғанаушының жартылай отыру қалпы, шаңғышының секіру кезіндегі ұшу қалпы т.б.;

 - жаттығуды аяқтағанда керек дене қалпын сақтау. Мысалы, спортшының снарядтағы  жаттығуды орындап болғаннан кейінгі  секіріп түсіп, дұрыс дене қалпын сақтауы т.б.

Траектория дегеніміз - кеңістіктегі қозғалыс шамасы және қозғалысты елестетудегі дененің жағдайы. Траекторияға қарап дене мүшелері қозғалысының  бағытын, түрін, амплитудасын анықтайды.

Қозғалыс бағыттары: жоғары-төмен, алға-артқа, оңға-солға болып бөлінеді.


«Топтастыру» әдісі

1-топ «Белсенділіер» тобы.

2-топ «Жауапкершілік» тобы

3- тобы «Ынтымақтастық» тобы.


Жаңа тақырып бойынша постер қорғау.

Сергіту сәті: «Молекула ойыны»

Рефлексия әдісі «Бағдаршам»

Не білемін?








Не білгім келеді?

Нені білдім?


Түйін: Ақиқат- бұл табиғаттың бастауы. Адамда туа біткен интуиция немесе жақсымен жаманды айыра білу қаблеті болады. Жағымды жағдайда ол осы сыйды өзінің шынайы табиғатына сүйеніп қабылдайды. Қорқыныш немесе күнәсін ұғыну бойын билегенде, ол тура жолдан тайқып кетеді. Ар-ұжданның дауысына құлақ салмай, өз білгенін істейді, содан соның зардабын шегеді. Сонда да көңіліңнің түпкірінде шындықтың жеңетінін біледі.


Карточка үлестіру

Үй тапсырмасы: Қадамның жылдамдығы, ұзындығы, жиілігі және ырғағын біліп келу

Ән:Толағай - А.Кішкенбаев, М.Сәдуақасова, Ерболат

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Локомоторлық қозғалыстар

Автор: Мусрепова Х.К.

Дата: 14.09.2018

Номер свидетельства: 477789


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства