Оқушылармен амандасу,сабақта жоқ оқушыларды белгілеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
І слайд
Миға шабуыл(сұрақ-жауап)
1. М.Әуезовтің туған жері
(Қазақстан шығысындағы Семей өңірі Шыңғыстау етегі.)
2. М.Әуезовтің есімі берілген басты кешендер?
(Ғылым академиясының әдебиет және өнер институтына,Қазақтың мемлекеттік драма театрына)
3.1919 жылы қай жердегі мұғалімдер семинариясын бітірді? ( Семейдегі)
4.Шығарманың тақырыбы дегеніміз не?, идеясы дегеніміз не? (Шығармадағы автор көтерген басты мәселе тақырып деп аталады. Сол тақырыпты танытудағы жазушының ойы мен көзқарасы шығарманың идеясы болады.)
5.М.Әуезов ұлы Абайға арналған еңбегі үшін қандай атаққа ие болды?
(КСРО Мемлекеттік сыйлығының және Лениндік сыйлықтың лауреаты атағын алды.)
6. Мұхтар Әуезовтың әңгімелері
7. Алғашқы жазған хикаяты «Көксерек» повесті
8. Шығарманың жазылу себебі (Валентина )
Әңгіменің мазмұны
1-топ . Әңгіменің І,ІІ, ІІІ,ІҮ бөлімдерге ат қою.
І бөлім. Қасқырлар мекені, «Тағылар ұрпақ қамында»
ІІ бөлім. «Адамдар тағылығы», «Табиғатқа шабуыл»
ІІІ бөлім. «Көксерек ауылда»
ІVбөлім. «Ұяластарымен табысу»
2-топ. Әңгіменің V,ҮІ бөімдерге ат қою .
V бөлім. «Қасқыр қашанда қасқыр», «Көксеректің дүлей, жойқын күшке айналуы»
VІ бөлім. «Жауыздық», «Құрмаш өлімі», «Сатқындық»
3-топ. Әңгіменің VІІ бөлімі
VІІ бөлім. «Жаза», «Әже зары»
Талдау.“Кім кінәлі” (проблемалық сұрақтар)
1. Құрмаштың өліміне кім кінәлі?
2. Қасқырлар іс-әрекеті мен адамдар іс-әрекетінде ұқсастық бар ма? Қайсысы қаталырақ?
3. Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?
4. Қасқырларды қолға үйретуге бола ма? Қалай дәлелдер едіңдер?
Дәптермен жұмыс
І топ Көксеректің портреті.
ІІ топ Аққасқаның портреті
ІІІ топ Қасеннің портреті
Көксеректің портреті. (.. Жотасы күдірейген, құйрығы шоп-шолақ, бойы тау басында тайдай көрінеді. Нағыз көкжал, сұсты, көзі жап-жасыл.)
Венн диаграммасы
1.Дала тағылары мен адамдар іс-әрекетіндегі ұқсастық
2.Әңгіме бойынша Көксеректің ауылдағы өмірі мен тағылық өмірін салыстыр
3.«Көксерек» повестінің желісімен фильм де түсірілді. Осы киноға ұқсас тағы қандай қазақ киносын көрдіңдер? («Шал» киносы) Осы екі киноның қандай ұқсастығы бар.
«Шал» қазақ фильмі «Көксерек» фильмі
Ұқсастықтары Айырмашылығы
Баты кейіпкері кішкентай бала, соңында бала Құрмаш өлім құшады, қайғылы оқиғамен аяқталады
Қазақ фильмі, басты кейіпкер адам мен қасқыр.Екеуінде де қасқырдың бөлтіріктері өлтірілгеннен кейін қасқырлар адамдардан өш алады.
«Қай сәт бейнеленген?» ойыны. Шығармадан үзінді оқылып қай сәт екенін сұрау.
“Пікір алысу” (қорытынды )
Шығарманың авторы, аты
Шығарма несімен ұнады?
Сүйікті кейіпкерің
Жасалған қорытынды
М.Әуезов “Көксерек”
Қызықты, тартымды. Шығарма Көксеректің ойымен баяндалады.
Құрмаш,Әжесі
Қасқырдың болымысы адам тәрбиесіне көнбейді екен. Түз тағысы да өмір сүруге құқылы. Адамдар табиғат заңдылығын бұзса, ол өзіне қатер төндіреді.
Ой түю стратегиясы. Менің көзқарасым.....
Хикаятты оқығанда мені қызықтырғаны: ........
Мен үшін ең аянышты жері: ..................
Хикаяттан алған тәрбием: ...........................
Үйге тапсырма: «Табиғат және адам» тақырыбына эссе жазу.