а/ слайдта берілген тапсырмалар арқылы оқу құралдарын қайталау;
ә/ оқу құралдарына байланысты берілген тапсырмаларды орындау /дәптерге, бояуға байланысты берілген тақпақты тыңдап, мағынасын түсіну, кітапқа байланысты берілген мақалдың мәнін түсіндіру, қарындаш, қаламға байланысты берілген жұмбақтарды шешу/. 4. Сергіту сәті: «Қонжықты мектепке жинаймыз» ойыны.
5. Алған білімдерін пысықтау:
а/ суреттерге қатысты сөздерді қолданып. 5 сөйлем құрастыру;
ә/ мәтінді түсініп оқып, ат қою;
Біздің мектеп өте әдемі, биік. Мектептің сыныптары кең, жарық, таза. Мектеп екі қабатты.
Бірінші қабатта спорт залы, еңбек кабинеті, асхана бар. Екінші қабатта қазақ тілі, орыс тілі, математика, бейнелеу өнері, шет тілі кабинеттері бар.
Мен өз мектебімді жақсы көремін.
Мектеп қандай?
Мектептің сыныптары қандай?
Мектеп неше қабатты?
Бірінші қабатта не бар?
Екінші қабатта не бар?
б/ фонетикалық жаттығу: көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазу;
Оқушылар сыныпқа кірді. Болат –ға отырды. Ол - сін ашты.
Сөмкесінен алды. Әлия - ға шықты. Сабақ қызық болды.
ә/ көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып жаз.
Мен оқи... . Мен шық... .
Сен оқи... . Сен шық... .
Сіз оқи... . Сіз шық... .
Ол оқи... . Ол шық... .
б/ сөйлемдерді оқы. Олардың дұрыс, бұрыс екенін көрсетіп, кестені толтыр.
№
Сөйлемдер
Дұрыс
Бұрыс
1
Ғарышкер сыныпта ұшады.
2
Әже үшінші сыныпта оқиды.
3
Оқушы дәптерге жазады.
4
Біз қазақша үйренеміз.
5
Сөмкеге мысықты салады.
6
Ұстаз күнделікке баға қояды.
7
Оқу жылы жазда басталады.
8
1 қыркүйек – білім күні.
9
22 наурыз – тәуелсіздік күні.
10
Кітап – оқу құралы.
Сергіту сәті: «Бұл қай пәнде болады?» ойыны
Кім не істеді?
6. Қорытынды: деңгейлік тапсырмаларды орындау;
1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді аяқтап жаз.
Партада қалам, қарындаш ... .
Әселде дәптер мен күнделік ... .
Арман үшінші сыныпта ... .
Кітапханада қызық кітаптар ... .
Мектепте оқушылар ... .
2. Суреттерді сөзбен жаз.
Мынау –
Мұнымен күнді бояймын.
Мынау –
Мұнымен құмды бояймын.
Мынау -
Мұнымен гүлді бояймын.
Мынау -
Мұнымен суды бояймын.
1. Сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жаз.
Көп, кітап, Ермек, оқиды, ана тілінде.
Отыр, сыныпта, оқушылар.
Қазақ тілі, Асан, сабағында, оқыды, өлең.
Жазамын, мен, дәптерге, жаттығу.
5. Сен, бар, кітапханаға.
2. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемді көшіріп жаз, қазақ тіліне тән дыбыстардың астын сыз.
Мен с...рет салуды жақсы көремін. Мен...ң сурет дәптерім бар. Оған мен т...рлі түсті қар...ндаштармен таби...ат суретін салдым. Ал қыз...л, сары, к...қ, жас...л түсті бояумен мект...птің суретін салдым.
1. Сурет бойынша 4-5 сөйлем құрастыр.
2. Тест тапсырмасын орында.
1. Математика сабағында не істейсің?
1. жүгіремін
2. есеп шығарамын.
3. ойнаймын
4. диктант жазамын
5. сурет саламын.
2. Сурет сабағына не әкелесің?
1. кітап
2. сөздік
3. ойыншық
4. бояу
5. күнделік
3. Ән сабағында не істейсің?
1. кітап оқимын
2. сурет саламын
3. ән айтамын
4. жүгіремін
5. есеп шығарамын.
7. Рефлексия.
8. Үй тапсырмасы: деңгейлік тапсырмалар орындау:
мектеп өміріне қатысты 5 мақал-мәтел жазып, жаттау;