Просмотр содержимого документа
«Мектептегі ?ызы?ты ?мір»
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
№ 10 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиетіпәнінің мұғалімі
Оралбаева Бейнегүл Айтпайқызы
Сабақ тақырыбы: Мектептегі қызықты өмір
Сабақтың мақсаты: «Мектеп» тақырыбынан өткен материалдарды кайталату арқылы оқушылардың білімдерін жүйелеп, бекіту,оларды тақырыпқа байланысты өз ойын айта білуге үйрету, тақырыптың негізгі идеясын ашу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: өткенді еске түсіру, сұрақтарға жауап беру, көрген, естіген, оқығандарын практикада қолдана білуге дағдыландыру.
а)Қызығушылықты ояту: Ал, енді біз қазір жаңа тақырыпқа көшеміз. Қандай тақырып, екенің сендер маған айтып бересіздер, ол үшін мен сіздерге видео көрініс көрсетемін. 2- слайд
-Бұл бейнефильм не туралы?
-Сендер қалай ойлайсындар,мектеп ол не?
«Мектеп» сөзіне ассоциация
-Мектеп есігін алғаш рет ашқан күннен бастап біз үшін мектеп өмірі басталды. Сабаққа бару , үзіліске шығу, күнделік толтыру, үй тапсырмасын орындау, ғылыми жұмыстарға дайындық жасау, түрлі мерекелерге қатысу-міне осының бәрі мектеп өмірі.
Үйретейік, үйренейік біз бүгін,
Білімнің толтырайық сандығын.
Білім жолы басталады мектептен,
Білімсіз қандай адам алыс кеткен.
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
Слайд 3 - Сабақтың тақырыбы
- Сабақтың тақырыбы: Мектептегі қызықты өмір.
Бүгін сабақта мектеп туралы білімдерімізді тиянақтаймыз,
2- топ бойынша жұмыс атқарамыз.
1- топ- «Білгірлер» тобы, ал 2 -топ «Тапқырлар» тобы.
-Бәріңізге сәттілік тілеймін !
Балалар топта спикер болады , мына бонустарды жауап берген оқушы жапсырады./ кестені көрсету/
II Үй тапсырмасын тексеру
Мектеп туралы жұмбақ жасырады, басқа топ шешуін табады
III Негізгі бөлім 4- слайд
а).Сөздікпен жұмыс:
Білім ошағы-очаг знаний
Қабырғасында-в стенах
Кіргенде-когда входишь
терек-тополь
ішіне-во внутрь
кіреберісте-у входа
сонымен катар-наравне с ними
тілге қабілеті-способности
арналған-посвящены
ешкімді ренжітуге тырысамын-стараюсь никого не обижать
ә)«Ыстық орындық». Топтағы оқушылар сандарға бөлінеді.
№1 санды бала: Жаңа сөздерді сұрайды.
№2 санды бала: Тақырып бойынша сұрақ қояды.
№3 санды бала: - сөз тіркесін құрайды
№4 санды бала:-1-топ зат есімді , 2-топ-сын есімді,3-топ-етістікті табады.
г)Критерий бойынша бағалайды:
б)«Мектеп туралы» мәліметке сүйене отырып, мәтінді аударады.
- Қызыл түстілер бір бөлек, жасыл және көк түстілер бір бөлектен отырыңдар.
Қызыл түстілерге мәтіннің 1 – ші ,4-ші бөлігі, көк түстілерге мәтіннің 2 - ші бөлігі беріледі,жасыл түстілер -3-ші бөлігі.
Оқушылар мәтіндерді оқып болған соң, өз орындарына отырады. Әр топ мүшелері мәтіннің мазмұнын айтып береді.
4)1-топ:1-тапсырма: диалог құру.
2-тапсырма: «Қара жәшік» / музыкасы/
-/ Бұл жәшікте не жатыр?/
-Оқу құралдарының бірі. Оқушылардың ең қажетті құжаты. Бұл не?
/күнделік/
2-топ: 1-тапсырма: мәтінді жоспар бойынша бөлу.
. 2-тапсырма: «Мектеп»- сөзіне синквейн құрау.
Тексеру
« Велосипед» әдісі арқылы тексеру.
ІV. «Бәрін білгім келеді?» ойыны.
-Балалар, мектептің жүрегі кімдер? / мұғалімдер/
-Біздің мектебімізде қандай мұғалімдер жұмыс істейді ?
-Бүгін олар сендерге сұрақтар дайындады.
-Ал қазір ойын ойнайық
«Бәрін білгім келеді?» ойының музыкасы
Бұл ойын 5 сұрақтан тұрады. /презентацияда берілген
Y. Қорытыңды
Сонымен балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай болды ? - Сонда бізге мектеп не үшін керек?
-Сабақта не істедік?
Рефлексия
/ Сигнал арқылы көрсету/
Жасыл – сабақты түсіндім, сабақ өте ұнады.
Қызыл – сабақты орташа түсіндім, сабақ онша ұнамады.
YI. Оқушыларды бағалау
Спикерлерге сөз беріледі. 1 топ 2 топтың жауаптары ұнады ма?