Ұйымдастыру кезеңі | 1.Оқушылармен амандасу, түгелдеу. «Не үшін» ойыны. -Екі көзің не үшін керек? -Жақсыларды көру үшін. -Екі қолың не үшін керек? -Елге көмек беру үшін. -Құлақ деген не үшін керек? -Ақыл-кеңес тыңдау үшін. -Екі аяғың не үшін керек? -Туған жерді аралау үшін. -Ал қазақ тілі не үшін керек? -Ана тілінде сөйлеп, сауатты, әдемі жазу үшін. 2.Оқушыларды топқа бөлу 1. Ойшылдар. 2. Тапқырлар. 3. Ақылдылар | Амандасады. Кезекші жауап береді. | |
Негізгі бөлім Жаңа сабақ. | Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты Мен жастарға сенемін. (Мағжан Жұмабаев) «Ой толғаныс» 1. Жастар бойындағы қасиеттердің бәрі – анықтауыш 2. Бір ғана сұраққа жауап береді. 3. Бір ғана сөзбен байланысып, бірдей тұлғада айтылады. Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беріп,бірдей тұлғада тұратын сөйлем мүшелерін бірыңғай мүшелер дейміз. Бірыңғай мүшелер сөйлемдегі бір мүшемен ғана байланысады. (кестемен жұмыс) Лексикалық тақырыппен жұмыс. V. Оқулықпен жұмыс. а) Мәтін «Мен газет-журналдарға жазыламын» 1.Қазақстан баспасөзі туралы дайындалған слайд бойынша жалпы тарихи шолу. Баспасөз – өмір айнасы. Ол туралы біз не білеміз? 1.Ақпарат көздеріне не жатады? 2. Баспасөздер арқылы не білуге болады? 3. Газет-журналдар дегенде алдымен қандай сөздер еске түседі? Ақпарат құралдары- мемлекет тәуелсіздігінің саяси экономикалық және ғылыми-техникалық дербестігімен пара-пар басты белгілерінің бірі. Сол себепті олар қоғам мен адам өмірінде зор мағынаға ие және үлкен орын алады. Олар біздерге А - тақты Қ – айраткер П – арасатты А – ғартушы Р – ухани бай А – дамдарды Т – анытушы (танимыз) 2.Мәтін бойынша жалпы шолу 3.Мәтінді мәнерлеп оқу 4.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру 5.Мәтіннен бірыңғай мүшелері сөйлемдерді табу | Интерактивті тақтамен жұмыс. Сұрақтарға бірлесе жауап беріп, түйіндеуге дағды қалыптасады. Тақтамен жұмыс: Сөйлемдерден бірыңғай мүшені тауып, талдау жасау. 1.Тәуелсіздік алғалы Асан қайғы мен Қорқыт баба, Кенесары мен Сырым, Абай мен Ахмет, Ербол мен Ләззат сынды тұлғаларымыз әлемге танылды. 2.Мен туған жердің түнін, күнін, өзенін, тауын, гүлін сүйемін. Мәтінмен әр топ жұптық жұмыс жасайды. Ақпараттарды өз бетінше ұғынады және меңгере алады | Плакат және маркер, стикер. |
Сабақты топтастыру әдісімен қорытындылау | Сөйлемнің бірыңғай мүшелері ↓ ↓ ↓ Бүгін біз сыныпта ақылдылар,тапқырлар, ойшылдар топтарымен жұмыс істедік. Топ мүшелері «Баспасөз – өмір айнасы» тақырыбы аясында мәліметтер ала отырып, өз білгендерін де ортаға салды.
| Оқушылар сұрақтарға бірінен кейін бірі жауап береді. | Плакат және маркер, стикер. |