Просмотр содержимого документа
«Мені? ?уес ісім – сурет салу.»
Қазақ тілі, 7-сынып
06.02.2016
Сабақтың тақырыбы: Менің әуес ісім – сурет салу. Сабақтың мақсаты: Оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып «Менің әуес ісім» тақырыбы бойынша жаңа білімдерін қалыптастыру. Білімділік: бір-бірімен белсенді қарым-қатынас жасауға үйрету; диалогтық оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауға төселдіру; қалай оқу керектігіне және өзін-өзі бағалай алуға үйрету; дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтырып, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету; оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөйлеу әрекеті дағдыларын шыңдау; термин сөздер, ырықсыз етіс, еріндік дауыстылар туралы білімдерін бекіту. тәрбиелік: Серіктестік қарым – қатынас орнату; Оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу; өнерді қастерлеуге тәрбиелеу . Сабақтың көрнекілігі: Сурет, тірек сызба, интерактивті тақта
Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдіс - тәсілдері: баяндау, түсіндіру
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу; Сыныптың сабаққа әзірлігін тексеру; 2. Үй тапсырмасын сұрау: «Білім бұтағы» әдісі. Интерактивті тақтада ағаш бейнеленеді. Ағаштың әр бұрағы бір сұрақ. Оқушылар сол сұрақтарға жауап беру керек. 1) Ырықсыз етіс дегеніміз не? 2) Ырықсыз етіс жұрнақтарын ата? 3) Ырықсыз етіске мысалдар келтір. 4) Термин сөздер дегеніміз не? 5) Еріндік дауыстыларды ата. Еріндік дауыстылар бар сөздерден мысал келтір. 6) 4-тапсырма. Жақшадағы керекті сөзді алып, сөйлем құрап жазыңдар. 3. Жаңа сабақтың мақсатын айту. І. Қызығушылықты ояту. Тақырыпқа шолу («миға шабуыл» , слайдтар) - Мынау нелер? - Бұл кімнің суреттері деп ойлайсыңдар? - Осы суреттерді салған бала неге әуес деп айта аламыз? - Осындай сурет сала алатын бала қандай бала деуге болады? - Қалай ойлайсындар, осылай сурет салу кез келген адамның қолынан келе ме? - Сурет салуға қандай құралдар қажет? - Ал мектепте біз қай кезде сурет саламыз? 4. Оқулықпен жұмыс.
145 бет, 1-тапсырма І топ: Мәтінді мәнерлеп оқиды және аударады. ІІ топ: Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.
ІІІ топ: Мәтін бойынша диалог құрастырады.
5. Тренинг. Тақтада кезекпен сөздер бейнеленеді. Оқушылар жалпы қанша сөз көрсетілгенін және соның ішіндегі ырықсыз етістерді атау керек. Сурет, Салынды, ілінді, кітап, оқылды, киім, тігілді.
(Жауабы: 7 сөз, 4 ырықсыз етіс. 6. Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма: Клоуз – тест. Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, еріндік дауыстылары бар сөздерді теріп жазыңдар. Сурет салу ... ... ... қолынан келе бермейді. Ол да ... бір түрі. Сурет салу кезінде ... ... қажет болады. Оларға ..., ..., ...., ..., ... жатқызуға болады. Кәсіби суретшілер суретті ... ... салады. Сурет салуға әуес болу көбіне ... ... ... ... басталады. Суретшілер көбінесе ..., ..., ... сомдауға әуес болады.
145 бет 3-тапсырма. 7. Сабақты қорыту. «Иә-жоқ» әдісі. Оқушылар жауап парақтарына белгілейді.
№
Сөйлемдер
иә
жоқ
1
Менің әуес ісім – сурет салу
2
Сурет салу кез келген адамның қолынан келеді.
3
Сурет салу өнер емес.
4
Сурет салуда қайшы, мата, жіп керек.
5
Мен қылқаламмен сурет саламын.
6
Кәсіби суретшілер суретті арнайы альбомға салады.
7
Мен сурет салуды сурет сабағында үйрендім.
8
Суретшілер табиғатты салуды жақсы көрмейді.
Бағалау шкаласы: «5»- 8-7 «4» - 6-5 «3» - 4-3 8. Үйге тапсырма. «Қазақстан суретшілері» хабарлама дайындау. 9.Бағалау