Просмотр содержимого документа
«"Менің Отаным Қазақстан" қазақ тілінең сабақ жоспары»
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жалғауларды пысықтау мақсатында тапсырмалар орындау,бекіту. Менің Отаным, оның табиғаты,кен байлықтары туралы алған білімдерін бекіту.Дамытушылық: Танымдарын, зейіндерін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ауызекі сөйлеу тілін жетілдіріп, сауатты жазу дағдыларын дамыту.Тәрбиелік: Елжандылыққа, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, СТО әдісі.
І. Психологиялық дайындық. Шеңберге тұру. Cәлемдесу.
- Балалар, сабағымызды бастамас бұрын сіздерге мына бір әдемі сөздерді сыйлағым келіп тұр..
Қайырлы күн достар!
Бүгінгі күн міне,
Сәттілікке толсын
Елімізде әр қашан
Тыныштық болсын!
Бүгінгі сабағымызға барлығыңда жақсы қатысып, жақсы көңіл – күйде болыңдар деген тілекпен сабағымызды бастайық
Сабақтың барысы:
ІІ. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Отан тақырыбына түсінік айту.(Ең үздік оқушыға қошемет көрсету)
ІV. Жаңа сабақ.
а) күннің жадын жазу.
ә) өткенді қайталау.
V. Сабақтың эпиграфы:
Мұғалім сөзі: Отан бұл адамның туып өскен жері, ауылы, отбасы, достары, тарихы мен тілі. Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол тәуелсіз Қазақстан деп елбасымыз айтып кеткендей біздің Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан.
б) Сыныпты 3 топқа бөлу.
1 – топ 2 – топ
«Бәйтерек» « Қыран»
VІ. Миға шабуыл «Ғажайып жұлдызшалар»
Екі топқа ортақ сұрақ қойылады қай топ сұраққа толық әрі жылдам жауап берсе сол топқа ұпай қосылады.
- Қазақ тілінде неше дыбыс түрі бар?
- Қазақ тілінде неше септік бар?
- Қазақстанның табиғаты қандай?
- Қазақстанда қандай қалалар бар?
- Қандай ұлттың өкілдері тұрады?
- Отан туралы қандай мақал білесіңдер?
VІІ.Мағынаны тану:
Айтылым: Сурет бойынша жұмыс
1 – топ 2 – топ
«Бәйтерек» « Қыран»
«Қазақстанның туы» «Қазақстанның елтанбасы»
Жазылым: Берілген сөздерді жекеше және көпше түрде тәуелде.
1 – топ 2 – топ
«Бәйтерек» « Қыран»
Атамекен Отан
Сергіту сәті:
Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан – ана,
Отан – үлкен.
Қазақстан – туған ел!
Семантикалық карта: мысал Жерді Көлде Өзенмен Отанға Таудың Табиғат Бұлақтан
Атау септік +
Ілік септік +
Барыс септік +
Табыс септік +
Жатыс септік +
Шығыс септік +
Көмектес
Септік +
VІІІ. Ой толғау: “Бес жолды өлең” стратегиясы. (5 мин)
1-топ: Мектеп
2-топ: Елбасы
Үлгі:
1. Зат есім. Не? Отан
2. Сын есім. Қандай? Үлкен, кең байтақ.
3. Етістік. Не істейді? Дамиды, құлпырады, өркендейді.
4. Синоним. Туған жер, атамекен
Сөйлем. Біздің Отанымызды құрметтеуге, қорғауға міндеттіміз
ІХ. Бекіту: Тест тапсырмалары (5 мин)
1. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? А) 4; Б) 5; В) 7;