Б?л сурет туралы не білесі??
Кейіпкерлер туралы ??гімеле
Кейіпкерлер туралы ?андай о?и?аны білесіз?
?ашан, кіммен кездесті?
Б?л с?тте ?андай жа?дай болып еді?
ІV. Жа?а саба?ты ме?герту.
Балалар, сендер «Мені? атым ?ожа» фильмін к?рді?дер ?ой, и?. Ендеше, мен сендерге жа?а саба?ты? та?ырыбын аны?тау ма?сатында б?гінгі ?тілетін тараудан ?зінділер айта отырып ой тастайын.
Топқа бөлу үшін Қожаның, Жанардың, Жантастың және С.Майқанованың суреттерін қолданамын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Интерактивті тақтадағы тест тапсырмаларын орындау арқылы оқушылардың білімдері бағаланады.
ІІІ. Ой қозғау.
Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында суреттермен жұмыс жасату.
Бұл сурет туралы не білесің? Кейіпкерлер туралы әңгімеле Кейіпкерлер туралы қандай оқиғаны білесіз? Қашан, кіммен кездесті? Бұл сәтте қандай жағдай болып еді?
ІV. Жаңа сабақты меңгерту.
Балалар, сендер «Менің атым Қожа» фильмін көрдіңдер ғой, иә. Ендеше, мен сендерге жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында бүгінгі өтілетін тараудан үзінділер айта отырып ой тастайын. «Мен өзімнің он үш жыл өмірімнің ішіндегі ең бір қатыгез күнді бастан кештім». - Қожа бұл сәтті қашан бастан кешіріп еді? - Қожаның тәртіпсіздік қылықтарын, әсіресе соңғы жасаған ағаттығын , яғни Майқанованың сөмкесіне бақа әкеп салған әрекетін талқылау мақсатында болып жатқан педкеңесте. - Дұрыс, айтасыңдар. Қожа қанша тәртіпсіздік істесе де, мұғалімдер оны кешіріп келген еді, иә. Осы жолғы кеңес ұзаққа созылды. Осы кезде Қожа өз мәселесінің шешілу қорытындысы, талқылану процесі жайлы өзінше ой қорытып отырды. Кеңес те аяқталды. «Мен туралы не деп жатыр?» екен деп дегбірі қашқан Қожа бұл кезде қайда отыр еді? - Мектеп терезесінің тұсында тұрған теректің үстінде отыр еді. ...Педкеңес аяқталды, жұрт тарай бастады. Ахметов пен Майқанова оқшауланып, Қожа тұрған теректің түбінен өтіп бара жатып не дейді? - «Түбінде адам болатын бала» - Өте дұрыс. Біз жаңа сабақтың мазмұнын бірлесе айта отырып, тақырыпты да анықтап алдық. - Өздерің көрген кино соңында осы сөзден Қожа қорытынды шығара ма? - Иә, қорытынды шығарғаны соншалық, ол өзіне құпия кеңес өткізіп, онда өз жасаған қателіктері, оны түзету және болдырмау үшін не жасау керектігі туралы қаулы шығарады. Сонымен, балалар, біз Бердібек Сокпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесімен танысып шықтық. Енді сабақты қаншалықты меңгергенімізді байқау үшін өтілген барлық тараулар бойынша бірнеше тапсырмалар орындап көрейік. а) Топтық тапсырма:
І топ.
Кімнің сөздері?
Әрбір сөздің астына сөйлеушінің суретін қою
1. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім? (Жантас) 2. Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз. (Қожа) 3. Біз екеуміз таныс шығармыз деймін? (С. Майқанова) 4. Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? (С.Майқанова) 5. Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. (Мектеп күзетшісі Сәйбек қарт) 6. Келесі сабаққа қайыссың бақа ұстап әкелесіңдер? (Зоология пәнінің мұғалімі Оспанов) 7. . “Иә, жылап жатырмын.Қайтейін жыламай... Сенен-ақ өлетін болдым ғой! (анасы Миллат)
ІІ топқа.
Қожаның бір әрекетіне көрініс құру.
ІІІ топқа.
" Сыныптас досыңның бойынан Қожаға тән мінездерді байқадың ба?" шағын ой толғау жазыңдар.
ІV топқа постер қорғау.
Қожаға мінездеме жазыңдар. Жағымды және жағымсыз қылықтары.
Қожаның жағымды жақтары Өз ісіне есеп бере алады Жағымсыз іс-әрекеттерін жөндеуге талаптанады Өз-өзін тәрбиелейді Үлкенді сыйлайды Қожаның жағымсыз жақтары Тәртіпсіз Аңқау Өтірікші Сотқар
V. Бекіту.
"Кезбе тілші" әдісін қолданамын. /Бір оқушы ортаға шығып, оқушыларға
сұрақтарын қояды./
VІ. Сабақта қорытындылау.
Қалай ойлайсыздар, әдепті жолға түсуіне не себепкер? Анасын аяуы ма, Сәйбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктер ме, Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме? Өз-өзіңе есеп бер!(Қай кездерде)
ә) Бағалау. Әрбір дұрыс жауапқа Қожаның, анасының, жалпы фильм кейіпкерлерінің суреттері берілген болатын. Сол суреттерді санай отырып, оқушылар бағаланады.