2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын, танымдылықты дамыту.
3. Елжандылыққа тәрбиелеу .
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:
Сабақтың тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу, сабаққа дайындалу
2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)
3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау
ІІ Жаңа сабақ
Мұғалім сөзі:
Құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісінде айтылған іс екіншісінде айтылған істің мезгілін білдіретін құрмаластың түрін мезгіл бағыныңқылы сабақтас дейміз. М., Абай үйге кіргенде, Әбіш конверттегі бар қағазды оқып шыққан еді. Еселі далаға шықса, таң құланиектеніп атып келеді екен.
1) есімше + –ша, -ше жұрнақтары
2) есімше + жатыс септік жалғау –ған+да, -ген+де
3) есімше + септеулік шылау (-ған, -ген + соң, кейін, сайын, бері, шейін)
4) есімше + мезгіл мәнді көмекші сөз тіркесуі (-ған, -ген + кезде, шақта, уақытта)
5) көсемшеден (-ғалы, -гелі, -а, -е, -й) және етістіктің түбіріне –са, -се, -ысымен, -ісімен деген қосымшаның жалғануы арқылы жасалады.
Сұраулары: Қашан? Қашаннан бері? Қашанға шейін? М., Аттылар жалт-жалт қарасқанда, жақын жерде отырған көп адамның жиыны көрінді.
Тапсырмалар:
132-жаттығу.
Мезгіл бағыныңқылы сабақтастардың бағыныңқы, басыңқы сыңарларын сызып, бағыныңқы болып тұрған баяндауыштардың жасалу жолдарын түсіндіріңдер.
133-жаттығу.
Төмендегі берілген сөйлемдердің басыңқы сыңарларын өздерің ойлап тауып, мезгіл бағыныңқылы сабақтас жасаңдар.
ІІІ Бекіту
Синтаксистік талдау
Тимур үйге қайтып келісімен, оны нағашысы жанына шақырып алды.
Тимур қайтып келісімен, нағашысы шақырып алды – предикаттық қатынас, қиысу, етістікті тіркес.
Үйге қайтып келісімен, оны шақырып алды, жанына шақырып алды
– етістікті тіркес, синтетикалық тәсіл, меңгеру
IV Рефлексия
V Үй тапсырмасы
Мысал теру.
VIБағалау
Мерзімі
Тақырыбы: Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
Мақсаты: 1. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.
2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын, танымдылықты дамыту.
3. Татулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:
Сабақтың тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу, сабаққа дайындалу
2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)
3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау
ІІ Жаңа сабақ
Шартты бағыныңқылы сабақтас деп құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісі екіншісіндегі істің жүзеге асу я аспау шартын білдіретін құрмаласты айтамыз.
М., Екпей, егін бітпес; үйренбей, білім бітпес.
Бағыныңқының баяндауышы
Тұлғалық белгісі
Сұрауы
Сөйлемдердің сызбасы
Мысал
Шартты рай
-са, -се
Қайтсе? (не істесе?)
/...../ тыңдаса, /---/
Ол заманда ұл балаға бас кеспесе, қан төкпесе, ат қойылмайтын еді.
Көсемше
-ма+й
(-ме+й)
-майынша
(-мейінше)
Қайтпей? (не етпей?)
қайтпейінше?
(не етпейінше?)
/... ...../ таппай /----/
/.........../ үйренбейн ше, /-------/
Оның өскен ортасын білмейінше, жұмбақ қасиетін де түсінуге болмайды.
Есімше
-ған+да
(-ген+де)
қайткенде?
(не еткенде?)
/....../ болмағанда, /--------/
Дәл осы минутта мұғалім кіріп келмегенде, мұның аяғы жақсылықпен тына қоюы екіталай еді.
123-жаттығу. Жоғарыда берілген сөйлемдердің сұрақтарын қойып, баяндауыштарының жасалу жолдарын кестеге қарап түсіндіріңдер.
124-жаттығу. Төменде берілген шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдердің сыңарының баяндауыштарын кестеде көрсетілген жолдармен жасап көріңдер де, байқағандарыңды түйіндеңдер.
126-жаттығу. Мәтінді құрайтын құрмалас сөйлемдердің ішінен шартты бағыныңқылы сабақтастарды ажыратып, жасалу жолдарына көңіл бөліңдер.
ІІІ Бекіту
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қалай жасалады?
IV Рефлексия
V Үй тапсырмасы
Мысал теру.
VIБағалау
Мерзімі
Тақырыбы: Себеп бағыныңқылы сабақтас
Мақсаты: 1. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.
2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын, танымдылықты дамыту.
3. Елжандылыққа тәрбиелеу .
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:
Сабақтың тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу, сабаққа дайындалу
2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)
3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау
ІІ Жаңа сабақ
Мұғалім сөзі:
Бағыныңқысы басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтастың түрін себеп бағыныңқылы сабақтас дейді. М., Жұмыстың ең ауыры осында болғандықтан, Ермек мұнда әдейі тіленіп келді.
Сұраулары: Неліктен? Не себепті? Неге? Не деп?
Себеп бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады:
А) Есімшенің өткен шақ формасына – дықтан (-дық+тан) деген жұрнақ пен жұрнақтың қосылуы арқылы жасалады: Бұл түн менің ең соңғы көрген дүнием болғандықтан, көп нәрселер әлі көз алдымда тұрады.
Ә) есімшенің өткен шақ формасына соң шылауы тіркесуі арқылы жасалады. Жіберген жоқшылары осындай хабар әкелген соң, Жарасбай түні бойы күйіп, қорланудан тыныштық ала алмады.
Б) көсемшенің –й жұрнағына біткен болымсыз түрінен жасалады. Сол жылы Асқардың стипендиядан басқа қаражаты болмай, бір мезгіл пристаньда қара жұмыс істейтін еді.
В) ашық райлы етістікке деп көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Ер Төстік жалмауыздың қолында қалды деп, елі мүлде күдер үзіп қояды.
Себеп бағыныңқы құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады.
134-жаттығу. Төмендегі себеп бағыныңқылы сабақтастардың баяндауыштарын тауып, қалай жасалғанын анықтаңдар.
135-жаттығу. Төмендегі сөйлемдердің басыңқы сыңарларын ойдан жазып, себеп бағыныңқылы сабақтас құраңдар.
139-жаттығу.
Күй аңызын оқып шығыңдар.
Тыныс белгісі қойылмаған құрмаластың тыныс белгісін қойыңдар.
ІІІ Мәтінді оқып келгендіктен сұрақтар мен тапсырмалар орындату.
1. Шоқан кім? Ол жайында не білесің?
2. Шоқан мысықпен қай жерде кездесті? Шоқан мен Мысықтың кездесу кезіндегі диалогтерін (айтылу ерекшелігін сақтап) оқы.
3. Мысық Шоқанның келгеніне неге қуанды? Мысықтың негізгі ермегі не еді?
4. Мысық жасаған мүсіндерді Шоқан қалай бағалады?
5. «Қайырымдылық», «Өнердің болашағы», «Мүсінші Мысық», «Уәде еттің - орында» деген тақырыптардың қайсысы шығарманың қай бөліміне лайықты деп санайсың? Сол жеке-жеке тақырыптар бойынша түсінгеніңді қысқаша әңгімеле.
ІІІ Бекіту
С.Бегалин балаларға арнап Шоқан Уәлиханов туралы шығарманы қалай жазған?
Мақсаты: 1. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын меңгерту.
2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын, танымдылықты дамыту.
3. Қайырымдылыққа тәрбиелеу .
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:
Сабақтың тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу, сабаққа дайындалу
2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)
3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау
ІІ Жаңа сабақ
Құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқысы басыңқыдағы істің, қимылдың қалай орындалғандығын білдіретін құрмаластың түрін қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас дейміз.
бағыныңқы баяндауышы
тұлғалық белгісі
сұрауы
сөйлемдердің сызбасы
көсемше
-ып, -п, -п.
-а, -е, -й
қайтіп? Қалай?
/......../ қосылып /------/
есімше
-ған+дай
(-ген+дей) болып
-ған, -ген
күйі (қалпында)
-ма+с+тан
-па+с+тан
-бе+с+тен
қалай?
қалай?
қалай?
/......./ танығандай болып, /-------/
/........../ ұстаған күйі, /------/
/...../ талмастан, /---------/
140-жаттығу. Мәтінде құрмаластың арасына қойылатын үтір қойылмаған. Үтірді қойып шығыңдар.
2. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтастарды ажыратып, қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңдер.
3. Мәтінде кімнің тағдыры баяндалған, сол жөнінде ой толғаңдар.
4. Ол үшін мына сұрақтар бойынша ізденіңдер: Үзінде Ғ.Мүсіреповтің қай шығармасынан алынған? Шәйза мен шешесі неліктен мұндай қорлыққа ұшырады?
141-жаттығу. Төмендегі мәтін – жоғарыдағы берілген мәтіннің жалғасы. Құрмалас сөйлемнің айтылмай қалған баяндауышының орнына көп нүкте қойылған. Көп нүктенің орнына сөйлемнің ыңғайына қарай қажетті баяндауыш болатын сөздерді ойдан тауып қойып, сөйлемдерді аяқтаңдар.
143-жаттығу. Оқып, үзіндідегі тірек сөздерді табыңдар. 2. Қимыл-сын пысықтауышы бар жай сөйлем мен қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерді айырыңдар. 3. Мәтінде қандай қимыл-әрекет суреттелген? Зәрубай мен Омардың өнерін жеткізген осы үзіндіні суреттеу деуге бола ма? Толық жауап беріңдер.
ІІІ Бекіту
Синтаксистік талдау.
Шу толастай берген сәтте қоян қабын қымтанып, дайын отырған Зәрубай ортаға шоршып шыға келді.
Шу толастай берген – етістікті тіркес, қиысу, предикаттық қатынас.
В) Абайдың «Тоты құс түсті көбелек» өлеңінде қанша есімше бар?
Г) Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс (сөйлемдерден есімшелерді табу).
IV Бекіту
«Жылдам ойла!» ойыны
1. Таба ма екен – 3. Келе алады -
2. Бермес пе екен - 4. Айта алмайды -
V Рефлексия
А) таблицаны толтыру
нені еске түсірдік?
нені үйрендік?
VІ Үйге тапсырма
VІІ Бағалау
Өлең өлкесінің дарабоз дарыны
(Әдеби-сазды кеш)
Мақсаты: ғасырлар тоғысында Ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын оқырман жүрегіне ұялату, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Көрнекілігі: ақын шығармашылығына арналған көрме, ақынның портреті, кештің тақырыбы жазылған плакат.
(Музыкалық әуен ойналып тұрады)
1-жүргізуші: - Ей, өлең, маған тиген еншім едің,
Бой жазайын, қасыма келші менің.
Менің саған шамалы жақсылығым,
Сен де маған, әрине, көншімедің.
Сананы сары уайым сарылтқанмен,
Тынысты тұйық тұман тарылтқанмен,
Үзбеймін күдерімді жарықтан мен,
Үзбеймін күдерімді халықтан мен! – деп ақынның өз»і жырлағандай, жыр әлемінде өз ойын, өмір шындығын көркем тілде ақындық биік тұрғыдан тұтас шеберлікпен жырлаған, өз дәуірінің шежіресін айқын да айшықты бояумен жеткізген, қасқая қарап ақиқатты жырлаған Мұқағали Мақатаев шығармалары 60-80 жылдардың көркем тілімен жазылған тұтас бір шежіресі секілді.
Ақын шығармаларының тақырыбы әр алуан, бірақ оның ерекшеліктері өзгеге ұқсамас сыры мен қырында жатыр. Дүниедегі бар құбылысты