Микробиология ілімінің даму тарихы. Микробиологиялық зертхана. Микроскоптық зерттеу әдістері.
Микробиология ілімінің даму тарихы. Микробиологиялық зертхана. Микроскоптық зерттеу әдістері.
Бактериологиялық, вирусологиялық лабораториялар санитарлы – эпидемиялық станциялар (СЭС) мен ірі ауруханалар құрамына кіреді. СЭС лабораторияларында аурулардан алынған материалдар бактериологиялық, вирусологиялық анализдермен талдау жасайды. Бактерия тасымалдаушылар тексеріліп, су, ауа, топырақ, тағам өнімдеріне санитарлы-микробиологиялық зерттеулер жүргізіледі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Пәнішілік байланыс:Микроденелердің жіктелуі, морфологиясы және физиологиясы.
Пәнаралық байланыс:Микробиология, жұқпалы аурулар, гигиена
Күтілетін нәтижелер:
микробтар әлемін және микробтардың адам өміріндегі ролін;
-микробтардың қоршаған ортада таралуын және адам паталогиясындағы ролін;
-медбикеге микробиология және вирусология білімдерінің қажеттілігін;
- микробиология және вирусология дамуына үлесін қосқан ғалымдарды;
-жарықтық, қара алаңды, люминесцентті, электронды микроскоптаудың көру мүмкіншілігін;
-иммерсиялық микроскоптау техникасын:
Қажетті ресурстар:
Материалдық: микробиология оқулығы, жұмыс бағдарламасы, дәріс, плакат, микроплакаттар.
Техникалық-программалық: компьютер, СD, DVD дикскілер
Оқушы білуі тиіс:микробтар әлемін және микробтардың адам өміріндегі ролін;
-микробтардың қоршаған ортада таралуын және адам паталогиясындағы ролін;
-медбикеге микробиология және вирусология білімдерінің қажеттілігін;
- микробиология және вирусология дамуына үлесін қосқан ғалымдарды;
-жарықтық, қара алаңды, люминесцентті, электронды микроскоптаудың көру мүмкіншілігін;
-иммерсиялық микроскоптау техникасын:
Оқушы істей білуі тиіс:
«Мейіргер ісі», «Емдеу ісі» маманының алдында тұрған нақты практикалық мәселелерді шешу үшін алған теориялық білімдерді өзіндік түйіндеу және қолдана білу;
-лаборанттың жұмыс орнын дайындау;
-препараттар бояуға столды жабдықтауды;
-спирттік горелканы пайдалана білу;
-жұмыс орнын және қолды зарарсыздандырғыш ерітіндімен өңдеуді;
-микроскопта жарықты орнатуды;
-микроскоптың иммерсиондық жүйесіменен жұмыс істеуді игеру;
-боялған препараттарды микроскоптауды;
-микроскопты күтуді:
Сабақ барысы
Тәжірибелік сабақ -180 мин.
Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, формасын тексеру, бөлме тазалығын тексеру) -3 мин
Тірек тапсырманы сұрау- 20 мин
Жаңа тақырыпты түсіндіру (іс –әрекетті демонстрациялау) -40 мин
Өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқаулық -5 мин.
Өзіндік жұмыс-90 мин
Сабақты бекіту - 15 мин
Қорытындылап, баға қою - 5 мин
Үйге тапсырма беру -2 мин
І. Ұйымдастыру кезеңі -3 минут
Оқытушы оқу бөлмесінің тазалығына, оқушылардың киіміне назар аударады. Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеріп, оларды сабақтың бағдарламасы және мақсатымен таныстырады.
ІІ. Тірек тапсырманы сұрау- 20 мин
Теорияда алған білімдерін тест сұрақтармен сұрау.
Микробиологияға кіріспе. Микробиологиялық зертхана құрылымы. Микроскоптық зерттеу әдістері.
І-нұсқа
1. Микроорганизмдерге қандай ағзалар жатады ?
А) бактерия, вирус, саңырауқұлақ;
Б) маса;
В) шыбын-шіркей;
Г) өсімдіктер;
Д) адамдар;
2. Адам ағзасына әртүрлі ауруларды тудыратын микроорганизмдер тобы қалай аталады?
А) патогенді емес немесе сапрофитті;
Б) патогенді;
В) прокариоттар;
Г) эукариоттар;
Д) микробтар;
3. Қарапайымдыларды зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?
А) бактериология;
Б) вирусология;
В) протозоология;
Г) микология;
Д) экология;
4. Адам ағзасында ауру шақырмайтын микроорганизмдер тобы қалай аталады?
А) патогенді емес немесе сапрофитті;
Б) патогенді;
В) прокариоттар;
Г) эукариоттар;
Д) микробтар
5.Микробиология пәні нені зерттейді ?
А) микроағзаларды;
Б) вирустарды;
В) қарапайымдыларды;
Г) бактерияларды;
Д) паразиттерді;
6. Вирусология ғылымы нені зерттейді ?
А) вирустарды
Б) бактерияларды
В) қарапайымдыларды;
Г) микроағзаларды;
Д) паразиттерді;
7. Микроскопты алғаш ашқан ғалым кім ?
А) Луи Пастер;
Б) Ивановский
В) Роберт Гук;
Г) Левенгук;
Д) Илья Мечников;
8. Вирустарды ашып, зерттеген ғалым кім?
А) Роберт Кох;
Б) Левенгук;
В) Роберт Гук;
Г) Луи Пастер;
Д) Ивановский;
ІІ - нұсқа
1. Макроорганизмдерге қандай ағзалар жатады?
А) адамдар, құстар, жәндіктер;
Б) вирустар;
В) бактериялар;
Г) саңырауқұлақтар;
Д) қарапайымдылар;
2. Ядролық мембранасы жоғары ұйымдасқан, ядроға дейінгілерді қалай аталады?
А) патогенді емес немесе сапрофитті;
Б) прокариоттар;
В) патогенді;
Г) эукариоттар;
Д) микробтар;
3. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?
А) бактериология;
Б) вирусология;
В) микология;
Г) протозоология;
Д) экология;
4. Микрорганизмдер құрылымын, өмір сүру барысын және экологиясын зерттейтін ғылым саласын ата?
А) экология;
Б) эпидимиология;
В) микробиология;
Г) биология;
Д) вирусология;
5. Туберкулез таяқшасын ашқан ғалым кім ?
А)Роберт Кох;
Б) Роберт Гук;
В) И.Мечников;
Г) Д.Самойлович;
Д) Э.Дженнер;
6. Шешек ауруынан қорғанудың жолын ашқан ғалым кім ?
А) Д.Самойлович;
Б) Р.Кох;
В) И.Мечников;
Г) Э.Дженнер;
Д) Роберт Гук;
7. Иммунитетті зерттеген ғалым кім ?
А) Роберт Гук;
Б) Р.Кох;
В) Луи Пастер;
Г) Д.Самойлович,
Д) И.Мечников;
8. Обаның белгілі бір жәндікпен таралатынын анықтаған орыс дәрігері кім ?
А) Д.Самойлович;
Б) Р.Кох;
В) Луи Пастер;
Г) И.Мечников;
Д) А.Левенгук;
ІІІ – нұсқа
1. Микроорганизмдер жер бетінде қандай маңызды роль атқарады ?
А) тепе-теңдікті ұстап тұрады;
Б) қоректік зат ретінде;
В) ауа алмасуына;
Г) қоректік затты қорытуға;
Д) барлық жауабы дұрыс;
2. Ядросы бар және жоғары ұйымдасқан бір немесе бірнеше жасушалы ағзаларды қалай аталады?
А) патогенді емес немесе сапрофитті;
Б) эукариоттар;
В) патогенді;
Г) прокариоттар;
Д) микробтар;
3. Бактерияларды зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?
А) вирусология;
Б) протозоология;
В) бактериология;
Г) микология;
Д) экология;
4. Фармацевтикалық микробиология нені зерттейді?
А) шартты патогенді микроорганизмдердің адам ағзасында ауру туғызуын;
Б) қоршаған орта микрофлорасын;
В) дәрілік өсімдіктердің жұқпалы ауруларын;
Г) зерттеу объектісі жоқ;
Д) барлық жауабы жоқ;
5. Қарапайымдыларды зерттейтін микробиологияның саласын қандай ?
А) протозоология;
Б)вирусология;
В) бактериология;
Г) микология;
Д) иммунология;
6. Ағзаның қорғаныс қабілетін зерттейтін ғылым саласы қалай аталады ?
А) иммунология;
Б)вирусология;
В) бактериология;
Г) микология;
Д) протозоология;
7. Саңырауқұлақтарды зерттейтін микробиологияның саласы қалай аталады ?
А) иммунология;
Б) вирусология;
В) бактериология;
Г) микология;
Д) протозоология;
8. Бактерияларды зерттейтін микробиологияның саласы қалай аталады ?
А) протозоология;
Б) вирусология;
В) микология;
Г) иммунология;
Д) бактериология;
ДҰРЫС ЖАУАПТАРЫ
І-нұсқа
ІІ-нұсқа
ІІІ-нұсқа
1-А
1-А
1-А
2-Б
2-Б
2-Б
3-В
3-В
3-В
4-А
4-А
4-В
5-А
5-А
5-А
6-А
6-Г
6-А
7-Г
7-Д
7-Г
8-Д
8-А
8-Д
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру (іс –әрекетті демонстрациялау) -40 мин
Оқытушы оқушыларға :
-маманның алдында тұрған нақты практикалық мәселелерді шешу үшін алған теориялық білімдерді өзіндік түйіндеу және қолдана білу;
-лаборанттың жұмыс орнын дайындау;
-препараттар бояуға столды жабдықтауды;
-спирттік горелканы пайдалана білу;
-жұмыс орнын және қолды зарарсыздандырғыш ерітіндімен өңдеуді;
-микроскопта жарықты орнатуды;
-микроскоптың иммерсиондық жүйесімен жұмыс істеуді игеру;
-боялған препараттарды микроскоптауды;
-микроскопты күтуді:
Микробиологиялық лаборатория және оның жабдықталуы
Бактериологиялық, вирусологиялық лабораториялар санитарлы – эпидемиялық станциялар (СЭС) мен ірі ауруханалар құрамына кіреді. СЭС лабораторияларында аурулардан алынған материалдар бактериологиялық, вирусологиялық анализдермен талдау жасайды. Бактерия тасымалдаушылар тексеріліп, су, ауа, топырақ, тағам өнімдеріне санитарлы-микробиологиялық зерттеулер жүргізіледі. Сонымен бірге дезинфекция мен стерилизацияның сапасын бақылайды. Өте қауіпті инфекция түрлерінің (оба, тырысқақ, туляремия, бруцеллез, сібір күйдіргісі) диагностикасы арнайы лабораторияларда жүргізіледі. Вирусологиялық лабораторияларда вирустар мен риккетсиялар (бөртпе сүзегі, Ку-қызбасы) тудыратын ауруларды диагностикалау жүргізіледі.
Әрбір лабораторияларды бірнеше бөлімшелері болады:
Бактерия немесе вирустың жеке тобымен жұмыс істейтін бокстар.
а) серологиялық зерттеуге; б) қоректік ортаны дайындауға; в) стерилизациялауға; г) ыдыстарды жууға арналған бөлімшелер.
Тәжірибелік және сау жануарларды ұстайтын бөлме (виварин).
Лаборатория мына жабдықтармен жабдықталады: биологиялық иммерсионды микроскоп, қосымша көмекші құралдармен жарықтандыру. Фазалы-контрасты құрылым, күңгірт жазықты конденсор, люминицентті микроскоп, термостат, анаэростат, стерилизациялық аппараттар, автоклав, Кох аппараты, кептіргіш шкаф, рН метрлер, дистилятор, центрифугалар, сезгіш аппараттар, Зейцаның сүзгіші. Мұздатқыш, мақта, дәрілік тығын жасайтын құрал, құрал-жабдықтар жиынтығы (ілмек, шпатель, ине, пинцет т.б.). Лабораториялық ыдыстар (пробирка, колба, Петри табақшасы, флакон, ампула, пипетка т.б.).
Ілмектер Спирт шамы Лабораториялық пипеткалар
Пипетка түрлері Петри табақшасы
Қалың заттық шынылар Беттік заттық шынылар
Лабораторияның барлық бөлмелері желдеткішпен және су құбыры канализация, электроэнергиямен қамтамасыз етілуі керек. Бөлме қабырғалары боялған немесе кафельді плиткамен қапталған болуы және үлкен лабораторияларда микроорганизмдерді көп мөлшерде қабылдау үшін термостатты бөлмелер болуы қажет.
Газды горелка
Микробиологиялық лабораторияларда дақылды өсіру үшін және оны сақтау үшін және басқа мақсатта мынадай төмендегі аппараттар қолданылады:
Термостат – бұл аппаратта температура бір қалыпты сақталынады. Микроорганизмдердің негізгі оптимальды көбею температурасы – 370С.
Микроанаэростат – микроорганизмдердің анаробты жағдайда өсіретін аппарат.
Тоңазытқыш – бұл микроорганизм дақылын, қоректік ортаны, қанды, вакциналарды, сарысуларды және бұзылатын биологиялық активті препарттарды сақтайды.
Центрифуга – микроорганизмдерді, эритроциттерді басқа да жасушаларды біртекті емес сұйықтықтардан бөліп алу үшін қолданылады.
Пастер пеші (стерилизациялау) – лабораториялық ыдыстар мен басқа да материалдарды ыстық ауа арқылы стерилизациялау.
Автоклав – жоғары қысымдағы бу арқылы материалдарды (шыны заттарды, резина, пластмасса, мақта және дәке тампондары, халат т.б.) стерильдеуге негізделген.
Лабораторияда жұмыс істеу ережелері
1.Лабораторияға жұмыс істеуге кіргенде міндетті түрде, халат, шапка, аяқ-киім ауыстыру керек.
2.Лабораторияда темекі шегуге, тамақ ішуге қатаң тыйым салынады.
3.Жұмыс орны тәртіпке сай жинақы болуы қажет және қызметкерлердің артық заттары арнайы бөлмеде сақталуы керек.
4.Абайсызда залалданған материалды тыңғылықты түрде дезинфекциялайтын затпен сүрту керек.
5.Қолданылған заттарды (пипетка, зат айнасын, шпательдерді, мақта тампонын) дезинфекциялық ерітіндіге салу керек. Пинцет, бактериалық ілмекті, инелерді отқа ұстап залалсыздандырады.
6.Микробты материал, заладанған жануарлар мәйіті, қолданылған дақылдар барлығы залалсыздандыру үшін тапсыру керек.
7.Микроорганизмдер дақылы арнайы инструкция бойынша сақталу керек.
8.Жұмыс біткеннен кейін қолды дезинфекциялық ерітіндімен сүртіп, сабынды сумен жуу қажет.
Микроскоптың құрылысы.
Микроскопиялық зерттеулер үшін микроскоптың бірнеше типі (биологиялық, люминесцентті, электронды) және арнайы түрлері қолданылады (фазалы – контрасты, күңгірт жазықтықты). МБР-1, МБИ-2, биолам, Р-1 және басқа биологиялық микроскоптар микроорганизмдердің құрылысын, формасын, өлшемін зерттеуге арналған.
Микроскоп - өте майда денелерді ұлғайтып көрсететін, көлемі көздің көру мүмкіндігінен анағұрлым жоғары оптикалық аспап. Микроскоп екі бөліктен тұрады. Оптикалық және механикалық.
Оптикалық бөлікке объективтер, окуляр және жарық түсіру жүйесі жатады. МБР-1 биологиялық микроскоптың құрылысы:
Объектив (6) – бұл микроскоптың ең маңызды бөлігі. Объектив – ішінде белгілі бір ретпен құрастырылған линзалары бар темірден жасалған қуыс цилиндр. Объективтің үлкейтіп көрсетуі линзалардың санына тікелей байланысты, линзалар саны 8-10 болады. Қанша есе үлкейтетінін көрсететін цифрлар объективтің бүйірі жағына жазылады. Объективтің көрсету мүмкіндігі әртүрлі. 8 есе үлкейтетін объективте көрсету мүмкіндігі шамамен 1,5 мкм, 40 есе үлкейтетін объективте 0,5 мкм, ал 90 есе үлкейтетін объективте – 0,25-0,30 мкм шамасы.
Объективтің препарат жақтағы ең шеткі линзасы фронтальды линза деп аталады. Затты зерттеу барысында микроскопты үлкен объективке ауыстырғанда өте сақтық қажет. Өйткені объективтердің үлкейту мөлшері артқан сайын фронтальды линзасы мен жабын әйнектің арасындағы қашықтық кеми түседі.
Сонымен объектив арқылы объектінің анық үлкейтілген кері бейнесі және оның құрылымының нәзік бөлшектері нақты көрінеді.
Окуляр (17) темір цилиндрде құрастырылған 2-3 линзадан тұрады. Линзалардың арасында тұрақты диафрагма бар. Окулярдың диафрагмасы оның көру аймағының шекарасын анықтайды. Окулярдың ұлғайтуы әртүрлі. Мысалы, 7х, 10х, 15х, 20х. Микроскоппен зерттелетін объектінің неше есе үлкейтілгенін білу үшін окуляр бетіндегі санды объективтің бүйір жағындағы санға көбейтеміз.
Жарық түсіру жүйесіндегі зат үстелшесінің (7) астында иристі диафрагмалы конденсор (10,11) және айна (15) орналасқан. Конденсор цилиндр пішінді металмен көмкерілген екі линзадан тұрады, объектіге жарық жинау қызметін атқарады. Конденсордың фронтальды линзасының зат үстелшесінің деңгейінде немесе одан шамалы төмен тұрғаны жөн. Конденсордың иристі диафрагмасы – дөңгелек құрсауына жылжымалы етіп бекітілген бірнеше жұқа пластинкалардың жүйесі. Конденсордағы бұранда арқылы диафрагма саңылауының көлемін өзгертіп айнадан конденсорға келетін жарықтың мөлшерін реттеуге болады. Диафрагмадан төмен кеңістікте горизонталь бағытта қозғалтуға болатын. Металмен көмкерілген күңгірт линза бар, ол микроскоптың кіші объективтерімен жұмыс жасаған кезде қажетке қарай пайдаланылады. Айна мен конденсор зат үстелшесінің саңылауы арқылы жарықты объектіге бағыттау үшін қажет. Айнаның бір беті ойыс, екінші беті жазық. Айна беттерінің пайдаланылуы бөлмеге жарықтың қалай түсетініне байланысты. Жарық шашырап түскен жағдайда ойыс тік түскен жағдайда жазық бетін пайдаланады. Айнаның жиегі темірмен көмкеріліп, микроскоптың мойнына қозғалмалы орнатылған.
Микроскоптың механикалық жүйесі оның оптикалық бөлімін жұмысқа қосады. Микроскоптың механикалық бөлімі төмендегідей құрамнан тұрады: табан, микрометренді механизм және микрометренді бұрандадан құралған қорап, мойын, макрометрендік бұранда (үлкен) конденсордың кронштейні, конденсорды қозғайтын бұранда револьвер және зат үстелшесі. Микроскоп табаны (16) таға пішінді, сирек жағдайда төртбұрышты болып келеді. Қораптың екі жағындағы микрометрендік бұранда (13) арқылы микроскоптың мойны мен объективті қарапайым көзбен байқау мүмкін емес (микрометрмен өлшенетін) қашықтыққа жылжытылады.
Микроскоптың мойнында (2) тубус (1), револьвер (5) және макрометрендік бұранда (14) бекітілген. Макрометрендік бұранда микроскоптың мойны мен кіші объективті қажетті қашықтыққа (жоғары, төмен) қозғайды. Макрометрендік бұранданы сағат тілінің бағытымен бұрағанда тубус төмен түседі де, сағат тіліне кері бағытта тұрағанда жоғары көтеріледі. Тубус (түтік) – іші қуыс цилиндр. Ол микроскоптың мойнына стопорлы бұранда (3) арқылы бұралған. Қажет болған жағдайда бұранда арқылы тубусты босатып, толық шеңбер бойымен айналдырып қозғауға, көлбеу тубусты тік тубусқа, немесе, керісінше, ауыстыруға болады. Тубустың жоғары жағына окуляр бекітіледі.
Өзінің қажетіне қарай бұрау арқылы ұяларына енгізілген объективтерді алмастыру үшін револьвер пайдаланылады.
Микрометрендік бұрандасы бар қорапшаға жылжымалы конденсор кронштейні (10,11) бекітілген, оның оң жағындағы бұранда (12) арқылы конденсор жоғары – төмен жылжытылады.
Препаратты қоюға арналған зат үстелшесінің пішіні дөңгелек немесе төртбұрышты. Үстелшенің ортасында конденсордың фронтальды линзасы шығып тұратын тесігі болады. МБР-1 микроскопының үстелшесі дөңгелек, екі бөлімнен тұрады: төменгі жағы табанына қозғалмайтындай болып бекітілген, ал жоғарғы жағы бүйір жақтарында екі бұранда (9) арқылы шектелген қашықтыққа, алға, артқа, оңға және солға жылжытылады. Зат үстелшесіне препарат екі клемма (8) арқылы қосып ұстатылады.
Микроскопты пайдалану тәртібі.
Микроскоп өте күрделі де нәзік оптикалық аспап, сондықтан онымен жұмыс жасау өте сақтықты қажет етеді.
Микроскоп тұрақты жұмыс орнына бір қолмен мойнынан, екінші қолмен табанынан демеп ұстап әкелінеді.
Микроскоп жұмыс орнында үстелдің жиегінен шамамен 2-3 см-дей ілгері сол иықтың қарсысына қойылады. Оның оң жағында сызу дәптерімен препарат жасауға бос орын қалдырылады.
Микроскопты жұмыс қалпына келтіру үшін: а) оның оптикалық линзаларын, айнасын жұмсақ матамен сүртеді; ә) конденсордың фронтальды линзасын микроскоп үстелшесінің деңгейіне көтереді; б) конденсордың төменгі жағындағы күңгірт линзаны сыртқа қарай жылжытып, иристі диафрагманы ашады; в) кіші объективті зат үстелшесіне 1 с қашықтыққа дейін түсіреді; г) оң көзді ашып тұрып, сол көзбен окулярдан қарап, айнаны жарық көзіне бағыттау арқылы көру аймағының тегіс жарық болуын қамтамасыз етеді.
Препарат зат үстелшесіне ондағы объект объективпен үстелшенің тесігіне сәйкес келетіндей етіп қойылады. Бүйір жағынан қарап тұрып макрометренді бұранданы сағат тілінің бағытында бұрау арқылы объективтің фронтальды линзасы мен препараттың арасындағы қашықтық 4-5 мм қалғанша объективті төмен түсіреді. Окуляр арқылы қарап отырып, тубусты төмен түсіруге болмайды. Мұндай жағдайда фронтальды линза зат әйнегін сындырып, линзада сызаттар пайда болып, істен шығады.
Окулярға сол көзбен қарап отырып, макрометрендік бұранданы сағат тіліне қарсы бағытта бұрап, объективті объектінің бейнесі анық көрінгенше көтереді. Препарат зат үстелшесінің жиегіндегі бұрандамен немесе қолмен жылжытып, объектінің керекті жері көру аймағының ортасына нақты көрінетіндей етіп қойылады. Окулярға қараған кезде сол көз ғана емес, оң көз де ашық болуы керек.
Объектіні үлкен объективпен қарау үшін сол қолмен микроскоптьың мойнынан ұстап (салмақ түсіруге болмайды), оң қолмен револьверді бұрап, кіші объективті үлкен объективке ауыстырады. Объектив орнына түссе сырт еткен дыбыс естіледі. Енді микрометрендік бұранданы ілгері, кейін бір қалыпты баяу бұрап, объектінің бейнесін анық көруге болады. Микрометрендік бұранданы бір жағына қарай жарты айналымнан артық бұрауға болмайтынын есте сақтау керек.
Микроскопты жұмыс аяқталғанша бастапқы орнынан қозғауға болмайды.
Жұмысты аяқтағаннан соң микроскопты қайтадан кіші объективке ауыстырып, содан кейін ғана препаратты зат үстелшесінен алады. Микроскоп бөлімдерінің тұтастығын тексеріп, тазалап сүртіп, әр түрлі реактивтерден, қышқылдардан бөлек, жабық шкафтарда сақтайды.
Әрбір жұмыс орнында микроскопқа керекті жабдықтар: зат әйнегі мен жабын әйнегі, сапты инелер, ұшы жіңішке (қысқыш) қандауыр, шыны таяқша, тамызғыш, ұстара, қиылған сорғыш қағаздар, таза су құйылған стакан, оптикалық бөлімнің линзаларын, айнаны сүртетін арнаулы жұмсақ мата. Сонымен қатар үстіне зат әйнегін және жабын әйнекті қойып, препарат жасау үшін пайдаланатын бір жартысы қара, екінші жартысы ақ бояумен боялған көлемі 10х10 см қалың әйнек.
Микроскоптың түрлері.
Күңгірт жазықтықты микроскопия.
Күңгірт жазықтықты микроскопия Тиндаль эффектісіне негізделген (өте ұсақ бөлшектерді сұйықтықта жанынан қарау арқылы сәуленің дифракциясына негізделген). Оған кәдімгі конденсор емес, параболоид немесе кардиоид – конденсор қолданылады. Жанынан келген сәулелер объективке түспейді, сол себептен көру алаңы күңгірт болып тұрады. Объективке объекті түсу арқылы көрінеді.
Фазалы – контрасты микроскопия.
Фазалардың өзгеруіне негізделген, күн сәулесі мөлдір (фазалы) объектілерден өтіп барып, ол объектілер микроскопта көрінеді. Бұл кезде көрінетін жоғарғы контрасты позитивті объекттің күңгірт көрінісі жарық көру алаңында немесе негативті жарық көрініс күңгірт алаңында көрінеді.
Люминесцентті (немесе флюресцентті) микроскопия.
Фотолюминесценцияға негізделген (объектіні сәуле әсерінен жарқырату), люминесуенциялы объектіге алдын ала бояу (екіншілік объектіні люминесценция флюрохром арқылы бояйтын түрлері бар).
Бұл микроскопиялық артықшылығы зерттейтін материалда тірі және аз мөлшердегі микроорганизмдерді көру.
Электронды микроскопия.
Сәулелі микроскоппен көре алмайтын объектілерді көру үшін қолданылады (вирустар, макромолекулалық құрылымдар, субмикроскопиялық құрылымдар). Жарық сәулесінің орнына электрондар толқынын қолданады, олардың ұзындығы 0,005 нм, ал 100 000 есе жарық сәулесінен қысқа. Электронды микроскоп 0,1-0,2 нм өлшемді объектілерді көруге рұқсат етіледі, яғни 100 есе үлкейтіп көрсетеді.
Лабораториялық қызметкерлердің қолдарын антисептикалық өңдеу жасау әдістері
Жұмыстан соң қолды дезинфекциялық ерітіндімен өңдейміз. 1% хлорамин немесе 3% лизол ерітіндісін қолданамыз. Мақта тампонын немесе дәке салфеткасын ертінділермен ылғалдап алып бірінші сол, содан соң оң қолдың саусақтарын сүртеміз, одан соң саусақ үстін, алақанды, саусақ арасын, тырнақ үсті сүртіледі.
Патологиялық микроб культурасымен ластанған қолды тез арада терінің осы бөлігіне дезинфекциялық ерітіндіге малынған мақтаны 3-5 минут қоямыз. Одан соң жылы сумен сабындап жуамыз.
Иммерсионды обьективпен жағынды – препараттарды жарық микроскоппен тексеру әдістерін игеру.
Жасанды және табиғи жарық көздерін пайдалана отырып (ОН-7, ОН-19 жарықтандырғыш) микроскоптың кіші ұлғайтқышмен х8 көрудің айқын жарықтануына қоямыз. Конденсорды жоғары көтереміз, диафрагманы ашамыз.
Иммерсионды обьективті х90-70 қойып, макровинт көмегімен жайымен микроскоп тунбусын фронтальды линзасы май тамшысына тигенше түсіреміз.
Содан соң окулярға қарап, микровинт көмегімен көрініс көріскенше микроскоп тубусын түсіреміз.
Одан кейін микровинт көмегімен жүзеге асырамыз.
Жұмыс істеп болған соң тубусты көтеріп, препаратты алып, иммерсионды объективті жайымен майын кетіріп жұмсақ шүберекпен сүртеміз. Микроскоп револьверін кіші обьективке х8 қоямыз. Микроскоптың қабын жауып, шкафқа жайғастырамыз.
Микропрепараттарды дайындау әдістерін игеру.
Микропрепараттрады заттық шыны үстінде дайындайды, шыны таза және майсыздындырылған болу керек. Жақсы майсыздандырылған шыныда тамшы тегіс жайылады, ал нашар майсызданса ұсақ тамшыларға бөлініп кетеді. Шыныны майсыздандыру үшін сабын сүйкеп құрғақ шүберекпен жақсылап сүртеді. Микропрепаратты дайындау 4 этаптан тұрады:
жағынды дайындау
кептіру
бекіту
бояу
Қаннан, қақырықтан, іріңнен, кілегейден жасалынған жағындыны бөлме температурасындағы ауада немесе термостатта кептіреді. Горелка жалыны маңында да кептіру ұсынылады. Бұл жағдайда шыныны үлкен және сұқ саусақпен ұстап, жалын үстінде жоғары ұстап тұрамыз. Кептіру үшін жоғары температура қолданылмайды, бұл кезде жасуша құрылысы бұзылуы мүмкін.
Шыныға жағындыны бекіту үшін және микроорганизмдерді жалазсыздандыру үшін жағындыны екі әдістің бірімен бекітеміз: жалында және сұйықтықта. Жағындыны жалында бекіту үшін шыныны үлкен және сұқ саусақпен немесе пинцетпен ұстап, жалын үстінде үш рет төмен-жоғары көтереміз, ал сұйықтықта бекітуді – метил спирті (5 мин), этил спирті (10 мин), Никифиров қоспасы (этил спирті + эфир) – 10-15 мин, ацетон (5 мин) арқылы жүргізеді. бекітудің бұл әдісі қаннан дайындалған жағынды үшін міндетті.
ГЛОСАРИЙ
Қазақша
Орысша
Ағылшынша
микроскоп
микроскоп
microscope
зертхана
лаборатория
laboratory
микропрепараттар
микропрепараты
microslides
IV. Өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқаулық -5 мин.
Өз бетінше атқаратын жұмыс жоспары
Микроскоппен танысу
Микробиологиялық лабораторияның жабдықталуы
Уақытша микропрепараттар дайындау
V. Өзіндік жұмыс -90 минут
Оқушы көрсетілген іс әрекетті өз бетінше жасап үйренеді. Оқытушы іс әрекетті қадағалап отырып, қате болса ескертіп, қайта түсіндіреді.
VI. Сабақты бекіту- 15 мин
Бекіту сұрақтары:
1.Лаборатория қандай жабдықтармен жабдықталады?
2.Термостат қандай құрылғы ?
3.Тоңазытқыш қандай құрылғы?
4.Автоклав қандай құрылғы?
5.Пастер пешінің қызметі қандай?
6.Лабораторияға жұмыс істеуге кіргенде міндетті қандай заттары болуы керек?
7.Микроскоп қандай аспап?
Жауаптары:
1.Биологиялық иммерсионды микроскоп, қосымша көмекші құралдармен жарықтандыру. Фазалы-контрасты құрылым, күңгірт жазықты конденсор, люминицентті микроскоп, термостат, анаэростат, стерилизациялық аппараттар, автоклав, Кох аппараты, кептіргіш шкаф, рН метрлер, дистилятор, центрифугалар, сезгіш аппараттар, Зейцаның сүзгіші. Мұздатқыш, мақта, дәрілік тығын жасайтын құрал, құрал-жабдықтар жиынтығы (ілмек, шпатель, ине, пинцет т.б.). Лабораториялық ыдыстар (пробирка, колба, Петри табақшасы, флакон, ампула, пипетка т.б.).
2.Бұл аппаратта температура бір қалыпты сақталынады. Микроорганизмдердің негізгі оптимальды көбею температурасы – 370С.
3.Тоңазытқыш – бұл микроорганизм дақылын, қоректік ортаны, қанды, вакциналарды, сарысуларды және бұзылатын биологиялық активті препарттарды сақтайды.
4.Автоклав – жоғары қысымдағы бу арқылы материалдарды (шыны заттарды, резина, пластмасса, мақта және дәке тампондары, халат т.б.) стерильдеуге негізделген.
5.Пастер пеші (стерилизациялау) – лабораториялық ыдыстар мен басқа да материалдарды ыстық ауа арқылы стерилизациялау.
6.Халат, шапка, аяқ-киім ауыстыру керек.
7.Өте майда денелерді ұлғайтып көрсететін, көлемі көздің көру мүмкіндігінен анағұрлым жоғары оптикалық аспап.
8.1% хлорамин немесе 3% лизол ерітіндісін қолданамыз.
VII. Қорытындылап , баға қою. 5 мин
Теориялық және тәжірибелік тұрғыдан қаншалықты игергендігі бойынша білім деңгейі тексеріліп, критерийге сәйкес қойылған бағалар оқушыларға мәлімденеді.
VIII. Үйге тапсырма - 2 минут
Оқытушы студенттерге үй тапсырмасын береді.Тақырыбы: Микроденелердің жіктелуімен морфологиялық негіздері.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Тецц В.В. «Руководство к практическим занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии» 8-16 беттер
2.Ғаламтордан осы тақырыпқа байланысты материалдар іздену.