Сабақ қазақтың ақиық ақыны, үлкен ақыны, поэзия әлемінің асқар шыңы, сонымен қатар қазақтың қара өлеңіне шекпен жауып қайтарған абыз, жанына жақын сырлас дос таппай дүниеден өткен Мұқағали Мақатаевқа арналады. Қазақ поэзиясының «Хан тәңірі» атанған Мұқағали Мақатаев 1931 жылдың 9-шы ақпанында Алматы облысы, Нарынқол ауданында дүниеге келген. Әкесі – Сүлеймен, Анасы – Нағиман, Әжесінің аты – Тиін. Ол алғаш рет астанада шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне түседі. Бірақ өз жағдайы оқудан шығуға мәжбүр етеді. Мұқағали Мақатаев – халықтың сүйіспеншілігіне бөленген сүйікті ақыны. 1976 жылы 45 жасында ақын аға қайтыс болады. Туған жерің? Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың? Туған жылың? 1931.Құрдасымын Шәмілдің. Жынысың кім? Еркекпін ғой, еркекпін Және дағы тәуірмін Мекен-жайым – жер менің Жерде жүрген ақын деген пендемін Қалам, қағаз, уақыт бер аздаған, Мен өмірді жырлау үшін келгенмін! І. Тірек сызба бойынша әңгімелеу: 1-топ – Ақын өмірі; 2-топ – Ақынның білімі; 3-топ – Ақын шығармалары. ІІ. Мұғалім алдымен жаңа сөздермен таныстырады. Сөздерге қарап өлеңнің не туралы екенін болжатады. Ерсі – дөрекі, әдеп ережесіне сай емес Дүрбелең дүние – тынымсыз өмір Беймәлім – белгісіз Жаралу – дүниеге келу, пайда болу Сему – солу, құрау, өлу Жармасу – бір нәрседен ұстау Қасқайып – қаймықпай, тайсалмай. Оқушылардың назарын суретке аударады: 1)Бұл қандай ағаш? Оны қандай сөздермен сипаттауға болады? 2)Бұл ағаш қанша жыл өмір сүреді? 3)Қайыңның жаны бола ма? 4)Қайыңның жүрегі бар ма? Болса ол қайда орналасқан деп ойлайсыңдар? 5)Қайың жапырақтары неге ұқсайды? 6) Сенің қайың болғың келе ме? Балалар, ақынның өзіне құлақ түрейік: (Компьютерден ақынның «Өмір сүрейік алмасып...» өлеңі тыңдалады) Оқушылардың өздеріне іштей мәнерлеп оқуға тапсырма беріледі. 1)Өлең кімге арналған? 2)Өлеңде қандай қаратпа сөз жиі қолданылады? 3)Ақын өлеңде қандай өтініш айтады? 4)Ақынға қайың не себепті ұнайды? 5) Ақын неге қайың болғысы келеді? 6) Ақын ме қайыңның арасында қандай ұқсастықтар болуы мүмкін? 7) Ақын қайыңға қандай сезімдерін жеткізеді? ІІІ. Әдебиет теориясы. Параллелизм (грек.parallelismos – қатар жүруші, симметрия) – екі құбылысты қатар алып, бір-бірімен салыстырып бейнелейтін әдебиеттегі көркемдеу тәсілі. IV. Топтық жұмыс. 1-топ: «Саржайлау» өлеңін мәнерлеп оқиды. Өлеңнің тақырыбын анықтап, қаратпа сөздерді табады. Өлеңнен төменде берілген мақалдармен мазмұндас жолдарды тауып оқиды. 2-топ: Суреттерге қарап, сұрақтар бойынша өзара пікірлеседі. Ақпаратты оқып, сұрақтарға жауап береді. 3-топ: «Мен сендерді іздеймін...» өлеңін мәнерлеп оқиды. Өлеңде жиі қайталанатын сөздерді анықтап, неліктен жиі қайталанатындығын түсіндіреді. V. Сергіту сәті. Оқушылар өздерінің туған күндері, айлары, жылдарындағы әрбір санды алып бір ғана сан қалғанша қосады. Соңында қалған сан әр оқушының қасиетті саны болып саналады. Мысалы: 16.07.1998 1+6+0+7+1+9+9+8=41 4+1=5 VІ. Шығармашылық бағыт. Дәптермен жұмыс а) (Б.Блум таксономиясын қолдану): ІІІ деңгей қарапайым білім мен түсінік деңгейінде игеруді білдіреді: Білу Түсіну Қай жылы туған? Қайда туған? Кім? ІІ деңгей тапсырмалары алған білімін қолдана білу және талдау деңгейінде игеруді білдіреді: Қолдану Талдау Параллелизм Өлеңнің тақырыбы... Осы құбылысты түсіндіреді... Идеясы.... Өлеңнің ішінен параллелизмді анықтау. Өлеңнен не білдіңіз... б) (Еркін жауап стратегиясы) 1.Ізденушілер тобы. Сұрақ. «Бірде адам, бірде қайың боп, Сүрейік өмір алмасып...» - дегенді қалай түсінесіңдер? |