Саба?ты? ма?саты:
1.Білімділік:М?ражайлар туралы т?сінік беру,??рмалас с?йлем т?рлерін пысы?тау,с?йлемдерді д?рыс ??ру?а ?йрету.
2.Дамытушылы?. О?ушыларды д?рыс с?йлей білуге, жылдамды??а, талдау жасай білуге да?дыландыру;
3.Т?рбиелік.О?ушыларды ?з еліне деген ??рметке, мемлекеттік тілде сауатты с?йлей білуге т?рбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«М?ражайлар»
Күні 23.11.15
9 – сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Мұражайлар
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:Мұражайлар туралы түсінік беру,құрмалас сөйлем түрлерін пысықтау,сөйлемдерді дұрыс құруға үйрету.
2.Дамытушылық. Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, жылдамдыққа, талдау жасай білуге дағдыландыру;
3.Тәрбиелік.Оқушыларды өз еліне деген құрметке, мемлекеттік тілде сауатты сөйлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ – жауап,жазбаша
Сабақтың құрылымы: 1 –2-3- 4 – 5- 6- 7 – 8
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, күн ретін, кезекші есебін тыңдау.
Құрмалас сөйлем, түрлерін, құрамын, жасалу жолдарын пысықтау.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
Сурет галереясы туралы әңгімелеу.
Сұрақ-жауап арқылы жауаптарын толықтыру.
3.Білімдерін тексеру
Құрмалас сөйлемдерге мысал келтіру.
2 сөзге фонетикалық талдау жасау
Тест сұрақтарына жауап беру.
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Мұражай дегеніміз не?
Қандай түрлерін білеміз?
Мұражайларда болып көрдіңдер ме?
Мектепте мұражай бар ма?
5.Жаңа сабақ.
«Мұражайлар» мәтінін оқып,мазмұнын талдау
Мәтін мазмұны бойынша диалог құру.
6.Оқушылардың түсінігін тексеру.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру
«Атамекен,қала» сөздерін септеу
7.Оқушылардың білімдерін бекіту.
3-тапсырма.Сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазу.
Тақырып аясында 3 құрмалас сөйлем құру.
8Оқушылардың білімін бағалау, үйге тапсырма беру:
Мәтінді мазмұндау.Құрмалас сөйлемдер құру