Просмотр содержимого документа
«Негізгі бөлмелердің жарықтануын бақылау»
Пән: Электр жабдықтарына техникалық күтім жасау және жөндеу
Күні __________
Топ № 52К
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы:Негізгі бөлмелердің жарықтануын бақылау
Сабақтың мақсаты: студенттердіге әртүрлі сымдардың оқшаулағыш күйін бақылауды тәжірибие жүзінде үйрету, алған білімдерін өмірде тиімді пайдаланып, білім дағдыларын пысықтау.
Сабақтың түрі: зертханалық сабақ
Сабақтың әдісі: жаттығу
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд
Пәнаралық байланыс: электртехникалық өндіріс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: студенттермен амандасып, жоқ студенттерді түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасы сұрау: слайд тексеру
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 1. Бөлмелерді жарықтандыру реті
2. Бөлмедегң жарықтандыру жүргізу барысындағы қауіпсіздік техникасы
Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде жарықтандырылу тәртібі барлық бөлмелердің, әсіресе негізгі бөлмелердің сандық және сапалық жағынан ұтымды жарықтандырылуын қарастырады. Балалар мекемелерінің жарықтандыру тәртібін көру қызметінің дұрыстығын сақтау проблемасынан бөліп қарауға болмайды. Негізгі бөлмелердің жарықтандырылу жағдайы оқу-тәрбие кезінде жалпы және көру қызмет-қабілетінің сақталуына жағдай жасап, көздің қажуының алдын алып, соған сәйкес болатын көрудегі ауытқулардың, жеке алағанда алыстан көрмеушіліктің дамуына жол бермеу керек.
Табиғи жарық. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде табиғи жарық көптеген нормалық көрсеткіштермен сипатталады. Олардың ішіндегі ең негізгілері: ғимараттың учаскесінің дұрыс орналасуы, негізгі бөлмелердің бағыты, табиғи жарық коэффициентінің, жарық коэффициентінің, тереңдік коэффициентінің жеткіліктілігі. Негізгі бөлмелердің табиғи жарықтануына қойылатын талаптар: жеткіліктілігі, біркелкілігі, жұмыс орнының жарқырамауы, көлеңке түспеуі, бөлменің ысымауы.
Бұл жағдайлардың орындалуы мекеменің құрылысы (қайта салынуы) кезінде жүзекге асырылады. Бірақ ҚНменЕ талаптары сақталған күннің өзінде көптеген жағдайлар кері әсер етіп, табиғи жарықты сандық және сапалық жағынан біршама төмендетуі мүмкін. Бұндай жағдайларға бөлме интерьерінің бояуы, жиһаздар мен басқадай құрал-жабдықтардың түр-түсі мен орналасуы, терезенің өлшемі мен конфигурациясы, санитарлық жағдайы, терезе алдының биіктігі т.с.с. жатады.
Күнделікті санитарлық бақылауда бөлменің жарықтандырылу жағдайын тексерген кезде бөлменің бағыты, көлеңке коэффициенті, тереңдік коэффициенті терезенің конфигурациясы мен өлшемі, оның санитарлық жағдайы, есіктердің, терезе жақтауларының түр-түсі, әйнектелуі, терезе алдының биіктігі, қараңғылайтын заттар (перде, гүлдер т.б.) қабырғаның, төбенің, құрал-жабдықтардың бояуының түсі, оның санитарлық жағдайы анықталады.
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту:1. Бөлмелерді жарықтандыру реті
2. Бөлмедегң жарықтандыру жүргізу барысындағы қауіпсіздік техникасы
V. Үйге тапсырма. Сабақты қорытындылау.
Дәріс оқу, сұрақтар құрастыру, студенттерді бағалау