Психологиялық тренинг 10 мин. «Өзіңді тереңірек тани біл» Нұсқау: Қазір сіздерге сурет арқылы бірнеше жеміс –жидектердің ішінен өзіңізге көбірек ұнайтынын таңдаңыз. Сол таңдау арқылы сіздің мінез-құлқыныз қандай, соған тоқталайық. Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді де, ел ондай адамдарға сенімсіздікпен қарауы мүмкін. Құлпынай ұнатсаңыз, сіз көңілді қонақжай адамсыз.елмен тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән талғамыңыз нәзік. Ешкімге тауелді емессіз. Дегенмен қызғаншақтығыныз жоқ емес. Шабдалыны ұнататындар көпшіл, кез келген адам мен тіл табыса алатын ашық жарқын болып келеді. Сізден сыпайылылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз – қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеіуге дәрменсіздік танытасыз. Егер сізге алма өте ұнайтын болса, жігерлі бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығынызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасы болсада, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақын жанды, өз-өзіңізге риза адамсыз. |