Сабақтың мақсаты:оқушылардың еңбекқорлық, қамқорлық қасиеттерін аша
отырып, қиянат жасамау құндылықтарын ұғындыру.
Сабақтың міндеттері:
1.Табиғатқа қамқорлықтың, бірліктің, адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
2.Ортақ іс істеуді, командамен жұмыс істеуді дамыту;
3.Ынтымақтастыққа, үлкендерге көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Оқушылардан бес «Т»- ны сақтауын сұрау: (тәртіп, тазалық, талап, тыныштық, татулық) Топқа бөлу:
Сабақтағы жағымды күйге ену:«Нұрға бөлену»
Үй тарсырмасынтексеру: 73-74 бет. «Көп біріксе – береке » мәтінін түсініп оқып келу.
1.Мектеп жанындағы ағаштардың ну орманға айналуының себебі неде деп ойлайсыңдар?
2. Көпшілікпен бірге еңбектенген ортақ істерің туралы естеріңе түсіріп, айтып көріңдер.
3.«Көп біріксе – береке » дегенді қалай түсінесіңдер?
Жағымды ой-пікір (дәйексөз)
«Келісіп істесе, көп іс бітеді.» тақтаға іліп қойған дәйексөзді оқушыларға хормен оқытамын содан ой қорытамыз:
– оқушылар жұмысты қалай орындады?
(татулықпен, бірлікпен , достықпен, т. б.)
– Ортақ іс дегенді қалай түсінеміз?
(Көпшілікпен бірге еңбек ету.)
Сый мәтін
(«Мөлдір бұлақ» журналынан үзінді:)
«Көрші ақысы – тәңір хақысы»
Айдардың төртінші сыныпта оқып жүрген кезі. 2000-жылдың орта шені еді. Жер үй салу үшін телім алыпты. Келген жерлері айдала екен. Мектеп те алыс. Маңайларында ешнәрсе жоқ. Айдардың үй іші келе сала Құдайы тамақ таратқан. Туыстары, ата-анасының жолдастары келді. Уақытша күрке құрып, сонда тұратын болды. Айдар үлкендердің «Асар жасаймыз» дегенін естіді. Айдар мен қарындасы сабақта. Уақытша қаладағы көршілерінің үйіне жатып оқитын болды. Анасы күнде азық-түлік әкеледі. Әне – міне дегенше 25-мамыр да келіп жетті. Соңғы қоңыраудан кейін анасы оларды жаңадан көшіп келген жерлеріне алып келді. Үйлері аяқталуға аз қалыпты.
- Әй, балапаным-ай, асар үй салатын адам емес. Туыстар, олар болмаса отбасымен араласатын адамдар, жора-жолдастардың бір-біріне көмектесуін, әсіресе үй салғанда көмектесуін «Асар» дейді, - деп мәнісін түсіндірді.
Енді Айдарларға көрші болып көп балалы отбасы қоныс аударыпты. Өздері алыстан көшіп келіпті. Мұнда танитын ешкімдері жоқ екен. Оларды Айдардың ата-анасы ерулікке шапқырды. Сөйтіп Айдарлар көршілерінің балаларымен танысып, араласып кетті. Бірақ балалары шетінен жылауық, жалқау екен. Үй иесі сол үйді жалғыз өзі көтерді. Ал Айдар болса бір тал кірпіш болса да әкесіне алып беріп көмектесетін. Тіпті үш жасар қарындасы әкесінің қолына су құйып беретін. Асарлатып үйлері тез бітті. Жаңа оқу жылында сабаққа жаңа үйден барды.
Мына көршілерге бір бөлмені босатып берейік, үйін бітіре алмады. Аязда кішкентай балалары үсіп қалмасын, - деді әкесі бәріне қарап.
Балалары ойнап жүрмесе, бітіріп алатын еді, -дедім ашулана.
Қой, балам, олардың туыстары жақын болса, біз сияқты бітіріп алатын еді. – деді әкесі. «Жұмыла көтерген, жүк жеңіл» -Әкеңнің айтып отырғаны дұрыс, - деп қоштады анасы. Көршіге қол ұшын беруіміз керек деп шешті, олар үй ішімен.
Сұрақтар:
1.Айдардың үй іші қандай қиындыққа тап болды?
2. Айдардың үйін салуға кімдер көмектесті?
3.Асар деген не?
4.Өздерің өмірде кімге көмектестіңдер?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс:
І. Тасырма
Оқулықпен жұмыс:(Оқушылардың сабақта алған білім-біліктерін іс жүзінде көрсетулеріне жағдай туғызу мақсатында шығармашылық жұмыс беріледі. Онда балалар оқулықтағы суретке қарап, әңгіме құрастырады. Сұрақтарға жауап береді:
Оқушылар топпен жұмыс орындауда
1.Суреттегі достардың бірлігі неден аңғарылады?
2.Олар бірліктің нәтижесінде неге қол жеткізеді?
ІІ. Тапсырма:
Дәптермен жұмыс:1.Берілген сөзжұмбақты шешсең бірлік туралы мақал шығады. («Бірлік бар жерде –тірлік бар».)2.Өздеріңнің достарыңмен, сыныптастарыңмен бірге жасаған ортақ істерің туралы жазып келіңдер.
Ойын – жаттығу
«Күш бірлікте» Ойын ұйымдастырылады. Бір оқушыға бір қорап, қалған оқушылардың барлығына бір қорап беріледі. (геометриялық фигуралар, таяқшалар, т. б.)бір балаға және бір топ балаларға жинауды ұсыну, уақыт беру
. - Жарайсыңдар, оқушылар! Ойын барысында өздеріңнің ұйымшылдықтарыңды көрсете білдіңдер. Бәріміз жұмылсақ бітпейтін іс жоқ екен. Ылғый да осылай бірлігімізді көрсете білейік. Өздерің байқағандай жалғыз адамның ісінің өнімділігі мәз емес екен.
«Күш білекте» жарысында Сагиндыкова Аружан мен Кенжетаева Палзада, Абдигалиев Кажымухан, Шамшетдин Ботакөкөз сайысып күштің білекте екеніне көз жеткізді.
Үйге тапсырма:№15 сабақ, 78-80. бет. Аңыз «Төле би» түсініп оқып келу.
Сабақтың қорытынды сәті
Тыныштық, Тыныштық, Тыныштық, Тыныштық, бар жерде,
Тыныштық, Тыныштық, Тыныштық, Тыныштық, бар әлемде.
Сабаққа қатысқан ұстаздар: Чакеева Индира, Мананбаева Ризвангуль, Алламбергенова Айгүл.