Білімділік: Оқушыларға « Отаным-Қазақстан» тақырыбына байланысты лексиканы меңгерту, тілдік қатынаста білім деңгейлерін, іскерлік дағдыларын тексеру, шығармашылдық жұмыста ізденімпаздылыққа үйрету,
Дамытушылық: Оқушылардың тілін, ой-өрісін, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сұраққа дұрыс жауап беруге жаттықтыру. Танымдық қабілеттерін дамыта отырып, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті, музыка, тарих, география.
Сабақтың эпиграфы:
Қазақстан Туыменен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, Әнұранды орындау
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Психологиялық даярлық- эпиграфпен танысу, топқа бөлу
-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ.Сондықтан тақырып ойынша алған білімдеріңді ортаға салып, әр кезеңдерде болатын тапсырмаларға белсене қатысып отырыңдар.Сәттілік тілеймін!
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. «Миға шабуыл» әдісі.
1.Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не? Нешеге бөлінеді?
2.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
3. Кезектес салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
4.Талғаулы салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
5.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
6.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
7.Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын, барысын оқушыларға таныстыру.
Қазақстан-біздің сүйікті Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, жазық даласы мен ормандары бар. Халқымыз Алтай мен Еділ, ТяньШань мен Сібір аралығын алып жатқан орасан зор аймақты қорғап, сақтап қалған.Біздің Отанымызда жүзге жуық ұлттар мен халықтардың өкілдері өзара түсіністікте, тату өмір сүруде. «Отан отбасынан басталады» деп халқымыз айтқандай, Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым.Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті-оның жарық дүниедегі жансаясы, Отаны.Сонымен бірге Қазақстанның әрбір азаматы өзінің ана тілінде сөйлейді, өз халқының мәдениетін дамытады.
б)Жаңа сөздермен таныстыру, мағынасын ашу.
Қорғау үшін-чтобы защитить
Орасан зор аймақты-очень большую территорию
Сақтап қалды-сохранил
Түсіністікте-в согласии
ІV.Жаңа тақырыпты бекіту. Мәтінмен топтық жұмыс.
1 топ. Мәтінді мәнерлеп оқу, аудару.
2 топ .Мәтіннен жоспарға негіз болатын сөйлемдерді табу.
3 топ. Мәтінге 10 сұрақ дайындау.
V.Дәптермен жұмыс. Сатылай кешенді талдау.
1 топ. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау.
Мен Қазақстанды жақсы көремін, себебі ол-менің Отаным.(Бұл сөйлем айтылуына қарай хабарлы сөйлем,2 жай сөйлемнен құралған құрмалас сөйлем, оның ішінде себеп-салдар құрмалас сөйлем,себебі- жалғаулық арқылы байланысқан)
2 топ. Сөйлем мүшелеріне талдау.
Мен Қазақстанды жақсы көремін, себебі ол-менің Отаным.(Бұл 1 сөйлемде жақсы көремін- күрделі баяндауыш,2 сөйлемде Отаным-баяндауыш, мен, ол- дара бастауыш, Қазақстанды-тура толықтауыш, менің-анықтауыш)