- аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру (таза тақта, бос тұрған орындықтардың түп-түзу тұруы, еденге арналған және тақта сүртуге арналған шүберектің суланып салынуы) және оқушылардың (оқушылардың сыртқы киім киістерін, оқу құралдарының түгел бар болуы) сабаққа дайындығын тексеру;
- мәлімдеме бойынша сабақта бар оқушылардың түгел бар болуын тексеру;
- оқу сабақтарының журналына бүгінгі күнді, «жоқ» белгісін қойып, сабақтың тақырыбын жазу;
- сабақтың жұмыс жоспарын хабарлау.
2.
Үй тапсырмасын сұрау
«Жұмыс және қуат»курс тақырыбы бойынша викторина өткізіледі
30сұрақ
10 - 30
10 - 20
10 - 10
3.
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін хабарлау
Деформация және оның түрлері, иілгіштік және пластикалық деформация.
4.
Жаңа сабақ тақырыбын өткізу жоспары:
1. Деформация және деформация түрлері
2. Гук заңы
5.
Сабақты пысықтау:
Жаңа өткен материалды жоспар бойынша әрбір сұрақты қарастыру барысында бекіту және оқушылардың қосымша қойған сұрақтарына жауап беру.
6.
Үй тапсырмасы:
Қайталау
Деформация түрлеріңе мысал келдіріңіз
7.
Сабақты қорытындылау.
1) сабақтың қорытындысын айту;
2) белсенді оқушыларды айту;
3) белсенді түрде сабаққа қатыспайтын оқушыларға ұсыныстар жасау.
Оқытушы _________ Е.Т.Игишов
Тарау І Динамика
Курс тақырыбы: Деформация негізгі түсініктері
16 Сабақ тақырыбы :Деформация және оның түрлері, иілгіштік және пластикалық деформация.
Жоспар
Деформация және деформация түрлері
Гук заңы
Деформация және деформация түрлері
Сығылу және созылу деформациясы
Майысу, иiлу деформациясы
Жылжу деформациясы
Бұралу деформациясы
1.Сыртқы күштердiң әсер етуiнiң нәтижесiнде дененiң сыртқы пiшiнi мен көлемiнiң өзгеруiдеформация деп аталады
Деформацияның негізгі формуласы
Бұл жерде
— Элементтің деформациядан кейінгі ұзындығы
— Элементтің ұзындығы
Деформацияның негізгі екі түрі: серпімді(иілгіштік) және пластикалық
Сыртқы күштердiң әсерi тоқтатылғаннан кейiн жоғалып кететiн деформациялар – серпiмдi деформациялар деп,
ал жоғалмайтын деформациялар- пластикалық деформациялар деп аталады.
Серпімді(иілгіштік) деформация түрлері №16.1суретте көрсетілгең
Сығылу және созылу деформациясы. Егер бiртектi металл стерженнiң екi ұшына шамасы жағынан тең, бағыттары жағынан қарама – қарсы күштермен әсер етсек, онда стерженнiң деформациясы созылу деформациясы деп аталады
Созылу деформациясы мынадай екi шамамен сипатталады: абсолюттiжәне салыстырмалы(ұзарулары)
Жылжу деформациясы. Деформацияның бұл түрi, тiк қабаттар белгiлi бiр бұрышқа бұрылғанда, жазық қабаттардың өзара бiр-бiрiмен параллель күйде жылжуымен сипатталады.Дене қабаттарының бiр-бiрiмен салыстырмалы түрде ығысуына әкелiп соғатын деформацияны жылжу деформациясы деп атаймыз.
Бұлар деформацияның күрделi түрлерiне жатады. Әлбетте, иiлу және бұралу бiртектi емес созылу (сығылу) және бiртектi емес жылжу деформацияларына келтiрiледi. Мысалы, жүктелiнген бөрене(балка) иiлу деформациясына ұшырайды.
Бұранданы бұрағанда, машина бiлiгiн, бұрғыны және т.б. айналдырғанда бұралу деформациясынаұшырайды.
Гук заңы
Гук заңы — деформация мен одан туған пішін өзгерісі арасындағы тура пропорционалдықты анықтайтын заң.
Гук Роберт (1635-1703). Ағылшын физигi Гук 1635 жылы Уайтта дүниеге келген. Оксфорд университетiнде оқып, Р.Бойльдiң ассистентi болады. 1665 жылдан бастап Лондон университетiнiң профессоры болып қызмет етедi.
Гук жұмыстары жылулық, серпiмдiлiк, оптика, аспан механикасы салаларына байланысты болады. 1660 жылы Р.Бойльмен бiрге Герикенiң ауа насосын құрастырды, 1665 жылы Х.Гюйгенспен бiрге термометрдiң тұрақты нүктелерi – мұздың еру нүктесi және судың қайнау нүктесiн орнатты. 1660 жылы қатты денелер үшiн серпiмдiлiк заңын ашты (Гук заңы).
Гук заңы тура пропорционал болып табылатын деформацияның ең жоғары шегі — пропорционалдық шек болып табылады. Бұл заң ұлғаю, сығу және ығыстыру кезіндегі Гук заңы болып табылады. Өлшем бірлігі кг/ см2 немесе км/мм2
Денелердің деформациясы кезінде келесі Гук заңдары қолданылады: