Дамытушылық: тығыздыққа байланысты аккумулятор күйін бағалау.
Тәрбиелік: техникалық қауіпсіздік ережелерін орындау.
Пән аралық байланысы: ЭЛЕКТРОТЕХНИКА
Сабақтың түрі: зертханалық жұмыс №1.
Көрнекілік: аккумулятор, салмақ ашасы, ареометр.
Сабақ құрылымы
№
Сабақ құрылымының элементтері
Уақыт
I.
Ұйымдастыру бөлімі
5 минут
ІІ.
Кіріспе тест
5 минут
IIІ.
Тәжірибе жұмысы
74 минут
ІV.
Жұмысты безендіру
5 минут
V.
Сабақтың қорытындысы
1 минут
І. Ұйымдастыру бөлімі. Сәлемдесу. Дәрісхананың тазалығына, балалардың киім үлгісіне назар аудару. Оқушыларды түгелдеу. Журнал толтыру.
ІІ. Кіріспе тест.
1. Электр энергияны өндіру үшін аккумуляторда қандай энергия пайдаланады?
А) Механикалық;
Б) Химиялық;
С) Жылулық;
Д) Электрикалық;
Е) Жарықтық.
2. Аккумулятордың негізгі тұтынушысы?
А) Генератор;
Б) Фара;
С) Магнитофон;
Д) Стартер;
Е) Темекі тұтатқыш.
3. Аккумулятордан кері бағытта ток өткізілсе, онда?
А) Аккумулятор істен шығады;
Б) Зарядын жоғалтады;
С) Заряд алады;
Д) Стартер қосылады;
Е) Кері бағытта токтың өтуі мүмкін емес.
4. Аккумулятордың маркасындағы 60 саны?
А) Аккумулятордың ток сыйымдылығы;
Б) Кернеу;
С) Ток күші;
Д) Көлемі;
Е) Қуаты.
5. Шығыс Қазақстан Облысы үшін жазға уақыттағы электролит тығыздығы?
А) 1,29 г/см3;
Б) 1,28 г/см3;
С) 1,25 г/см3;
Д) 1,23 г/см3;
Е) 1,27 г/см3.
IIІ.Тәжірибе өткізіледі.
3.1 Мұнда бірінші ретте сақтық шаралары еске түсіріледі.
3.2 Жұмысты өткізер алдында аккумулятордың үстіңгі бетін шаң-тозаңнан тазалаймыз. Содан кейін бұрағышпен аккмулятор қақпақтарын ашамыз.
Тығыздықты өлшеу үшін ареометр басқышын қолмен еппен сығып, ұштықты электролитке батырамыз. Содан кейін басқышты еппен босатып, шыны ішіндегі электролиттің жоғарлауын шкала бөліктерімен бақылаймыз. Электролит жылжуының аяқталғаны нақты мәнді көрсетеді. Бұл күйде денсиметр қалтқысы шыныға жанаспауы керек. Жұмыс барысында техника қауіпсіздігінің ережелері орындалу керек.
Т
Ареометр – тығыздықты өлшеу үшін қызмет етеді.
ығыздықпен қоса электролиттің температурасы өлшенеді. Электролит температурасы 250С келтіріледі. Температураға қарай ареометр мәндері түзетіледі.
Электролиттің температурасы, 0С
Ареометр көрсеткіштерін түзету, г/см3
Электролиттің температурасы, 0С
Денсиметр көрсеткіштерін түзету, г/см3
– 55... – 41
– 0,05
+5...+19
– 0,01
– 40... – 26
– 0,04
+20...+30
– 0,00
– 25... – 11
– 0,03
+31...+45
+0,01
– 10...+4
– 0,02
+46...+60
+0,02
Табылған нәтіжелер кестесі:
аккумулятор №
1
2
3
4
5
6
тығыздық шамасы, гр/см3
Кестедегі көрсеткіштерге сүйеніп, аккумулятордың техникалық күйі туралы туралы қорытынды жасау.