Просмотр содержимого документа
«план урока на открытый урок»
Сабақ№ _____
Мерзімі: _________
Пән: "Қазақ тілі"
Оқытушы: Ахметова Бибігүл Қабланқызы
Топ: ЭМ-7 ІІ курс.
Сабақтың тақырыбы:«Ұлттық киімдері». Қорытынды сабақ.
Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Студенттердің өткен сабақтарда алған білімдерін жүйелеу, өз бетінше алған білімін бекітуге дағдыландыру. Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, салыстыра білу, негізгіні ажыра алу дағдыларын дамыту, сөз байлығын дамыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін молайту, сөздік қорларын байыту. Тәрбиелік: Жерін қадірлей білуге, салт-дәстүрлерімізді, мәдениетімізді қастерлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың эстетикалық талғамын жетілдіру, өз ойын еркін жеткізе алатын азамат тәрбиелеу.
Грамматика: Фонетикалық талдау, тәуелдеу.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ, сайыссабақ. Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих, эстетика Көрнекіліктер: суреттер, суретті кітаптар, ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдардың суреті, плакаттар.
Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.
Сізгеде, өзімеде сәттілік тілеймін.
Үй тапсырмасын тексеру. Үйге қандай тапсырма берілді?
Үй тапсырмасын қайталаңдар. Сонымен үйде ұлттық киімдер жайлы мәлімет дайындап келіңдер деген тапсырма берілген болатын. Қане, үй жұмысын маған кім оқиды?
Нашар оқитын студенттерге үй жүмысын тексеру мақсатында 5 сұрақтан құралған тест жұмысын беремін.
1. Ұлттық қиімді тап?
А) шалбар Ә) сәукеле Б) биляй
2. "Ұлттық киімдер" сөзінің орысша аудармасын тап?
Үй жұмысын қорытындылау: Балалар, сонымен біз өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
Ұлттық киімдерге не жатады?
Сабақты бастамас бұрын топты екіге бөлемін. Әр студентке ұлт киімдердің атауы жазылған парақшалар таратамын.(сәукеле, тақия) Сол парақшаларда жазылған атауларға сәйкес оқушылар топ құрайды.
1 топ. Сәукеле тобы.
2 топ. Тақия
Сөзжұмбақ
Сонымен балалар, сабақтың тақырыбы қалай аталады? Сабақтың тақырыбын бәріміз бірге табайық? Ол үшін сөзжұмбақты шешейік.
Ұ - күннің көзінен түсетін сәуле? (нҰр)
Л - Бет, ажар, мүсін сөздерінің синонимі? (кеЛбет)
Т - біз тұрып жатқан Республика қалай аталады? (ҚазақсТан)
Т - Фонетика дауыссыз және .... болып екіге бөлінеді. (дауысТы)
Ы - жылқы сүтінен жасалатын сусын? (қЫмыз)
Қ - Үнді, ұяң және (Қатаң)
К - шай ішетін ыдыс (Кесе)
И - қойдың жүнінен жасалатын аяқ киім? (пИма)
І - сүттен жасалатын тағам (Ірімшік)
М - ана сөзінің аудармасы (Мама)
Д - суверенный сөзінің аудармасы? (егеменДі)
Е - Қожа Ахмет Ясауи ..... (кесенЕсі)
Р - Ту, Елтаңба, Әнұран Қазақтан Республикасының ... (Рәміздері)
Дұрыс, сабағымыздың тақырыбы "Ұлттық киімдер" деп аталады. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күннің ретін, сынып жұмысын, сонымен қатар сабағымыздың тақырыбын жазып алыңдар.
Сабағымыздың мақсаты:
- Балалар, бүгінгі сабағымызда біз ұлттық киімдерді қайталаймыз.
Бүгінгі сабақтың мақсаты алған мағлұматтарымызды есімізге түсіре отырып, білімімізді бекіту, дұрыс сөйлеуге, өз бетімен жұмыс істеуге үйрену және сөздік қорымызды дамыту.
Топтастыру стратегиясы сөздікпен жұмыс. - Балалар, бағанадан айтылған заттарды екі топқа бөліп жазып, сөздіктен аудармасын табыңдар. 1 топ: Ұлттық киімдер: