Мен Өскемен қаласында тудым. Өскемен – әсем қала! Өскемен – жасыл қала. Өскеменде көптеген әдемі ғимараттар бар. Онда мәшинелер көп. Маған Өскемен қаласы ұнайды.
Көктөбе – әдемі жер. Адамдар Көктөбеге аспажолмен көтеріледі. Көктөбеге бару үшін билет алады. Көктөбеден Алматы қаласы толық көрінеді. Маған Көктөбе өте ұнайды.
III. Жаңа тақырыпты меңгерту:
Сөздікпен жұмыс.
Балмұздақ, тоңазытқыш, субұрқақ, жасыл қала, сүйікті қалам , туған жерім , әдемі ғимараттар, ұнайды.
ІІ. Мағынаны тану
2.1. Жазылым. Айтылым.
Менің сүйікті тағамым.
Сенің сүйікті тағамың.
Сіздің сүйікті тағамыңыз.
Оның сүйікті тағамы.
Балмұздақты тоңазытқышқа сал.
2.2. Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, дұрыс оқуға машықтанады.
Тыңда. Қайтала. Оқы.
Балмұздақ – менің сүйікті тағамым. Балмұздақ сүттен, қаймақтан, қанттан жасалады. Балмұздақ тоңазытқышта сақталады. Мен үшін ең қызықты, ең керемет мереке – «Балмұздақ күні» мерекесі. Бұл күні дәмі, түрі әртүрлі балмұздақтар көп болады. Пломбир, Мүйізше, Ақшақар балмұздақтары өте дәмді.
Айтылым. Жазылым. Оқулықтағы 1,2 -тапсырманы орындау.Мәтінді тыңдайды, дұрыс оқуға машықтанады.
52 бет. Оқушы әрекеті: Айтылым. Жазылым.
1-тапсырма. Суреттің орнына сөзді қойып жаз.
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, мәтінді оқы.
Айжан бүгін анасымен д...кенге барды. Дүкенде балмұзда...тың көп т...рлері бар екен. Анасы Айжанға қ...лпынайдан жасалған балм...здақ алып берді. Балмұздақ ...те дәмді.
Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындайды.
3-тапсырма. Диалогті оқы. Осы үлгіге қарап, сыныптасыңмен сөйлес.
4-тапсырма. Сурет бойынша сұраққа жауап бер.
Тілдесім.
4-тапсырма. Көктөбе туралы сыныптасыңмен сөйлес.
ІV. Сабақты қорытындылау.
- Бүгін сабақта не істедік? -Қандай жаңа сөздер үйрендік? -Қандай тақырыпта мәтін оқыдық? -Мәтінде не туралы айтылған
Менің сүйікті тамағым – балмұздақ.
«Балмұздақ күні» мерекесінде әртүрлі балмұздақтар болады. Бұл күні дәмі, түрі әртүрлі балмұздақтарды көресің. Маған құлпынайдың дәмі бар балмұздақ ұнайды.