3.Сан есімнің мағыналық түрлерін атап көрсетіңдер?
4.Есептік сан есім деген не?
5.Жинақтық сан есім деген не?
6. Болжалдық сан есім деген не?
7. Топтық сан есім деген не?
8. Бөлшектік сан есім деген не?
10. Реттік сан есім деген не?
ІІІ. Жаңа сабақ
-Ал, балалар бәйге сабақ болғаннан кейін «Жүзден-жүйрік, мыңнан тұлпар», «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген мақалды есте сақтай отырып бәріміз сабаққа қатысып, жүзден жүйрік шығуымыз керек.
1-кезең «Кім тапқыр» ойыны
Берілген үлестірмедегі сөйлемдерден сан есімді тауып, мағынасына қарай талдау .
2-кезең «Білгенге маржан» оқушылар тақтада сан арқылы жазылған сөздерді оқийды.
1-топ 6+бақан 2-топ Т+10
Тем+2 5+ік
К+2+лік Дүние+100+і
2+бастұз М+10+ша
7+м 100+ім
1+жан Сал С-2+р
Қ+10+ақ 1+лік
3-кезең «Кім жүйрік» Халық даналығында 3,7,2,6,4 сандарына байланысты ұғымдарды айту.
1. Жеті атасын білмеген жетесіз.
2.Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,
Алтау ала болса, ауыздағы кетер
3.Ананың қарызын,
Арқалап Меккеге
Үш апарсаң да
Өтей алмассың.
4. Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені
4-кезең «Сен маған, мен саған» ойыны . Мақал, жұмбақ, жаңылтпаш, өтірік өлең, жұмбақ айтып жарысқа түсу.
5-кезең «Білгір» ойыны. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып жазыңдар .