Білімділік: Студенттерді Adobe Photoshop бағдарламас арқылы фотосуреттегі адамның келбетін монтаждауды үйрету.
Дамытушылық: Студенттердің логикалық және фантазиялық ойлау қабілеттерін арттыру, өз пікірін айтуға, өздігінен және топпен жұмыс істеуге дағдыландыру,ғылыми көзқарастарын арттыру.
Тәрбиелік: Студенттерді техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға, ұжымшыл-дыққа, еңбекқорлыққа, уақытты үнемдей білуге, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың материалдық – техникалық жасақталуы: Интерактивті тақта, компьютер,веб камера, флипчарт , кубик, БҮҮ кестесі, бейнеролик « Как изменить цвет волос с помощью Photoshop», Adobe Photoshop бағдараламасы.
Тренинг «Сәлемдесу» студенттер бір-бірімен Филлиппин елінің сәлемдесу рәсімі арқылы амандасады.
(Филиппин елінде сәлемдесу рәсімі жас ерекшеліктеріне байланысты әр қилы. Мысалы, жас жігіт үлкен кісіні көрген кезде ол басын изеп, оң қолымен үлкен кісінің оң қолын ұстайды. Кейін саусағының ұшын оның маңдайына тигізеді де «мано по» деп айтады. «Мано» - қол, «по» - құрмет деген мағына береді).
2.Жұмыс орнын дайындау.
3.Зейіндерін сабаққа аудару.
І.Кіріспе нұсқау: 50 минут
1. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.
1.1 «Кубизм стратегиясы.
/ кубикті лақтыру арқылы сұрақтарға жауап беріледі.Кубиктің алты бұрышына 1,2,3,4,5,6 сандары жапсырылады және сандарда жасырылған сұрақтарға жауап алынады.
1.Фотошоп қандай редактор ? Программаның іске қосылуы?
2.Құжаттарды ашу және сақтау , құжаттың кеңейтілімі?
3. Adobe Photoshop программасының терезе элементтері? Файл, Редактирование, Слой, Изображение, фильтр менюлері қандай қызмет атқарады?
4. Adobe Photoshop программасының терезе элементтері? Выделение, вид, Окно, Помощь менюлері қандай қызмет атқарады?
5.Негізгі палитралар қандай түстерден құралады?
6.Фотошоп құралдары қандай құралдардан тұрады?
1.2. Кестемен жұмыс.БҮҮ» стратегиясы .
Білетінім
Үйренгенім келеді
Үйренгенім
Әр студентке БҮҮ кестесі орналасқан парақ ұсынылады. Студенттер кестенің «Білетінім» бағанына өздерінің білетіндерін, «Үйренгім келеді» бағанына фотошоп программасында не жасап үйренгілері келетіндіктерін толтырады. «Үйренгім келеді» бағаны арқылы жаңа сабақ байланысады. «Үйренгенім» бағаны сабақ соңында толтырылады.
2.Жаңа сабақ.
Adobe Photoshop - фотосуреттерді өңдеуде, түзетуде ең кең тараған бағдаралама. Мұнда фотосуреттің жарықтығын күшейтуге, әлсіретуге, қажет емес элементтерді алып тастауға немесе бір элементті қосуға , артқы фонын өзгертуге, суретті әсемдеуге т.б. болады.