Білімділік –ұлттық киімдермен таныстыру, көрсету, ұлттық сөзініңерекшелігін көрсету, баяндау, есте сақтау қабілетін ұлғайту, .ұлттық киім туралы білімдерін кеңейту, шығу тарихын есте сақтауға баулу,
Дамытушылық– ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын, тапқырлықтарын, ой-өрістерін дамыту, өз ойларын шапшаң әрі анық айтуларын қалыптастыру, логикалық тұрғыда талдай білу, өз білімдерін практикада пайдалану
Тәрбиелік- адамгершілікке, сыйластыққа,Отанымызға сүйіспеншілігін арттыру
бір-біріне өзара көмек, мейірімді қарым-қатынас қалыптастыру, сыныпта, топта жұмыс жүргізуде өзгелердің пікірімен санаса білу; ортақ іске араласу сезімдерін, ұжыммен жұмыс істей білуге тәрбиелеу; оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа және жауапкершілікке, сүйіспеншілікке және пәнге деген қызығушылықтарын тәрбиелеу
Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,сурет.
Пәнаралықбайланыс: тарих,әдебиет.
Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, зерттеу .
Сабақтыңбарысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ. Қазақтың ұлттық киімдері.
Мұғалімнің кіріспе сөзі-
Психологиялық көңіл-күй туғызу
-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ, өйткені сабағымызға қонақтар келіп отыр.Бүгін жаңа модуль бастап отырмыз. Бірінші сабақ – кіріспе сабақ.Тақырыбы:
«Ұлттық киімдер.»
Мақсатымыз: Ұлттық киімдерді танып,біліп,аз болса да қалай, неден жасалатынын,кімдер киетінін біліп,танысу;
Киім – адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Олардың бәрі де адамдардың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі..
Қазақ халқы
1. Жылы киім тәнді жылытар,
Жылы сөз жанды жылытар.
(Теплая одежда тело согревает, теплое слово – душу).
2. Киім кірі жуса кетеді,
Көңіл кірі айтса кетеді.
(Одежда очищается при стирке, душа – от задушевной беседы).
Мақалдың мағынасын айта кету.
Жалпы қазіргі кезде қандай киім түрлерін білесіңдер?
I. Киім түрлері
1.Түңгі киім.
2.Үй киімі
3.Күндізгі киім.
4Жұмыс киімі.
5.Мектеп формасы.
6.Спорт киімі.
7.Ұлттық киім.
-Ал бүгін ұлттық киімдер туралы айтамыз.(слайд )
II ..Мәтінмен жұмыс. 110 бет.2-тапсырма.
Мәтінді түсініп оқу , сұрақтарға жауап беру, 1,2 оқушы не ұққандурын әңгімелейді.
Мәтінді түсініп оқып, әңгімелеңдер.
Қазақ халқының ұлттық киімдері климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сыртқы, сулық, біркиер, сәндік, салтанат-ғұрып киімдері болады. Біркиер киім қымбат матадан тігілген. Той-думандарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киім болған. Ішкі киімдер: көйлек, желет, кәзекей; сыртқы киімдер: шапан, күпі, кеудеше, тон; сулық киімдерге: шекпен, шапан, т.б. жатады. Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі: көйлек, кимешек,қамзол, тақия, сәукеле, кәзекей, кебіс, мәсі, т.б.
III. Ал қазір ұлттық киімдер туралы тірек сызбаны оқиық.
сулықкиімдер,
іштік киімдер,
ерлердіңбаскиімдері
Қазақтың ұлттық киімдері
әйелдердіңбаскиімдері,
сыртқы (өң) киімдер
Аяқкиімдер
- Сынып үш топқа бөлінген, алдын ала берілген, тапсырма бойынша ,бүгінгі сабақты өткізуге осы
Топтар көмектеседі
IV. Сызба арқылы ұлттық киім түрлері.
-Әлеуметтік дәрежесіне,қызметіне байланысты ұлттық киім түрлері түсіндіріп өтеді.
Қазақ халқының ұлттық киімі климаттық жағдайларды ескеріп,ежелгі дәстүр бойынша тігіледі.
-пайдалану ерекшеліктеріне қарай
-жыл мезгіліне байланысты
-жас және жыныс ерекшеліктеріне сәйкес.
-жоғары текті қазақтардың киімі
-сән - салтанат киімдері
-ұлттық ойын-сауыққа арналған
-неке киімдер
-малшылар,аңшылар,батырлар
V.Топтық жұмыс.
1-топ.Сырт киімдер туралы (слайд)
Бір оқушы шапан туралы айтып береді.
2-топ . Қазақ халқының ұлттық бас киімдері (слайд)
Келесі оқушы тымақ туралы айтады
Үшінші оқушы тақия,сәукеле туралыәңгімелейді
3- топ. Ұлттық аяқ киімдері (слайд)
оқушы етік,мәсі,кебіс,байпақ туралы айтады.
VI.Үш оқушы қатысқан кішкентай көрініс
VII. Дәптермен жұмыс. Сөздерді орналастыр. Интеракт.тақтада орындалады.