C.Торай?ыровты? "?амар с?лу" романы та?ырыбында?ы саба? жоспары мектепті? 11сынып о?ушыларына, сонымен ?атар "?аза? тілі мен ?дебиеті" маманды?ында о?итын колледж ж?не жо?ары о?у орындарында о?итын студенттерге ?дебиет саба?ында пайдалану?а болады. Cаба? 2-са?ат?а арнал?ан. Бірінші саба?та С?лтанмахм?т Торай?ыровты? шы?армашылы? ?мірі жайлы т?сінік беріледі ж?не "?амар с?лу" романыны? мазм?нын білім алушылар?а ?й тапсырмасы ретінде ?з беттерінше мазм?нын о?ып білу тапсырылады. Екінші саба?та білім алушыларды? о?ып білген "?амар с?лу" романы талданады. Саба? екі топ?а б?лінеді. "?амар" тобы ж?не "Ахмет" тобы. Саба? романны? проза мен поэзия араласып келгендіктен, ?дебиет теориясынан "проза", "поэзия" с?здеріне т?сінік беріліп, айырмашылы?ы ажыратылады.Сонан со? екі топ?а талдау с?ра?тары шы?арма желісі ар?ылы д?лелдеу беріледі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«С.Торай?ыровты? "?амар с?лу" романына талдау»
НҰРЖАН Гүлжанат
Түйебайқызы
Қостанай гуманитарлық колледжі
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің оқытушысы
С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романына талдау
(2-сабақ)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Қамар сұлу» романының мазмұнымен терең таныстыру, романның тақырыбы мен идеясы аша білуге, шығарманы компазициялық құрылысына жан-жақты талдата отырып білім беру;
Дамытушылық: романды жан жақты талдай отырып оқушының сөз мәдениетін жетілдіру, өзіндік жеке көзқарасын қалыптастыра отырып шығармашыққағ ғылыми ізденушілікке баулу;
Тәрбиелік: қазақ әйелдерінің теңсіздігі жайындағы жазылған осы роман арқылы оқушыларды қыз баланы құрметтеуге тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу, түгендеу. Аудитория тазалығына назар аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Топтастыру» әдісі
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық ғұмырнамасы жайлы дерек жинау. «Қамар сұлу» романының мазмұнымен танысу.
Оқушыларды «Қамар» тобы және «Ахмет» тобына бөліп үйге берілген тапсырманы топтастыру әдісімен пысықтау.
«Қамар» тобы хронологиялық кесте толтырады. Айтылған жырлар жайында мазмұндай отырып кестені толтырады.
Жылдар
Оқиғалар
1893-1920
Өмір сүрген жылдары
1908—1910 жылдары
Баянауылдағы медреседе оқиды
1911 жылы
Троицк қаласынан көрші ауылға келіп, молдалық құрған Нұрғалидан дәріс алады
1913 жылы
«Айқап» журналына жауапты хатшы
1916 – 17 жылдары
Томскіде орысша оқиды
1919 жылы
Павлодарға келіп, біраз уақыт кеңес өкіметіне қызмет етеді.
1920 жылы 20 мамырда
27 жастағы Сұлтанмахмұт дүние салады.
Ахмет» тобы С.Торайғыровтың шығармашылығы жайында баяндай отырып поэзия, проза жанрында көтерген тақырыпттары жөнінде сипаттап, шығармашылығы жөнінде кесте толтырады.
өлеңдері
поэмалары
прозасы
«Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы»
«Анау-мынау», «Жарлау», «Бір адамға», «Бұлар кім?» , Оқудағы мақсат не?, Оқып жүрген жастарға, ағайынның азғандығы т.б
«Адасқан өмір»,
«Кедей»,
«Айтыс»,
«Қайғы»
«Қамар сұлу»,
«Кім жазықты?»
«Ауырмай есімнен жаңылғаным»
Сөйтіп «Қамар» тобы мен «Ахмет» тобы бір-бірлерінің жауаптарын тыңдай отырып Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмір жолы мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат алады.
ІІІ. Жаңа сабақ. Үйге берілген С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романының мазмұны негізінде шығарма мәтіні бойынша талдау жасалынады.
Ой қозғау.
Проза дегеніміз не?
Поэзия дегеніміз не?
Ой өрбіту. «Қамар сұлу» романының тақырыбы мен идеясын анықтау.
«Қамар» тобы романның тақырыбы:
Қазақ әйелдерінің теңсіздігі арқылы қоғам өміріндегі әлеуметтік шындықтың бетін ашады. (романнан мысал келтіру арқылы дәлелдейді)
«Ахмет» тобы романның идеясы:
қазақ жастарының азат өмірді аңсауы, оқу, өнер-білімге шақыруы.(өз ойларын шығарма арқылы жеткізеді)
Ой дамыту. «Қамар сұлу» романының жанрлық ерекшелігі, құрылысы
«Қамар» тобы:
Сыншылдық реализмде жазылған шығарма
«Ахмет» тобы:
Роман проза мен поэзия араласқан, тілі бай көркем сөзі байырғы қазақ тілі.