Просмотр содержимого документа
«Саба?ты етістік пен салт етістік»
Сабақтың тақырыбы: Сабақты етістік пен салт етістік.
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: оқушыларға етістіктердің мағынасына қарай сабақты етістік пен салт етістіктер болып бөлінетіндігі жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
Негізгі болымды
Туынды болымсыз
дара
дара сабақты
салт
күрделі
Тұлғасына қарай: негізгі, туынды;
Құрамына қарай: дара,күрделі;
Мағынасына қарай: болымды, болымсыз.
б)Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі сабақта «Сабақты етістік пен салт етістік» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Асылды қайрақ ұштайды.
Ақылды білім ұштайды.
Нені қайрақ ұштайды?
Нені білім ұштайды?
Ақылды, асылды қай септікте тұр?
Берілген мақал жолдарындағы етістіктің /ұштайды/ алдына келген (асылды, ақылды) сөздердің табыс септігінде тұрғанын байқадыңдар ма?
Етістіктер мағынасына қарай сабақты етістік және салт етістік болып екіге бөлінеді. Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер сабақты етістіктер деп аталады. Сабақты етістіктер кімді? нені? (кейде табыс септіктің жасырын түрі—не?) деген сүрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады. Мысалы: Сөзді сен баста. Бүл сөйлемдегі баста деген етістік сөз деген сөздің табыс сеептікте тұруын талап етіп тұр. Кейде ондай сөздер табыс септіктің жасырын түрінде тұруы да мүмкін. Ондайда екі сөздің (табыс септікті сөз бен етістіктің) арасына басқа сөз келтіріп қолданып көру керек. Мысалы: Өлең айт—өлеңді айт, т.б. сонда табыс септігі айқын байқалады. Кейде тура объект мәнін білдіріп тұратын табыс септіктегі сөз сөйлемде қолданылмауы да мүмкін. Ондайда етістіктен сұрақ қою керек. Етістіктен кімді? нені? деген сұрақ қоюға болса, онда ол—сабақты етістік. Мысалы: айт, көр, оқы, т.б. етістіктерден кімді? (нені?) айт? деп сұрақ қоюға болады. Мыс: Мен өз елімді сүйемін. Не істеймін – сүйемін етістік.кім сүйтін? Мен-бастауыш. Кімді сүйемін? Елімді –толықтауыш. Қай елді сүйемін? өз –анықтауыш.
Бұл сөйлемдегі сүйемін- сабақты етістік. Отанымды қорғаймын.
Мағынасы жағынан тура объектіні—табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады. Салт етістіктер барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе беруі мүмкін, бірақ табыс септіктегі сөзбен байланыспайды. Мысалы: қаладан қайт немесе түсінде келді, т.б. болып қолданылса да, нені (ауылды, т.б.) қайт, нені түсінде, т.б.) келді деп айтуға болмайды. Сондықтан да бұлар—салт етістіктер.
Кейбір етіс жұрнақтары салт етістіктерді сабақты етістіктерге немесе сабақты етістіктерді салт етістіктерге айналдыру қызметін атқарады. Мысалы: өзгелік етіс жұрнақтары: -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, -р, -т салт етістікке жалғанса, оны сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді—шамды сөндірді, т.б. ал ырықсыз (кейде өздік) етіс жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: әңгімені айтты—әңгіме айтылды, т.б.