М??алім о?ушылар?а білімді игертуде тек ба?ыттаушы, іс –?рекетті ?йлестіруші ?ызметін ат?арады. Демек, о?ушыны? ?зіндік ж?мыс істеуіне м?мкіндік береді. О?ушыны? ?зіне деген сенімділігін ны?айта т?седі. ?аза? тілі п?ні бойынша сіздерге 7-сынып?а арнал?ан саба? жоспарын ?сынып отырмын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Саба? жоспары "Есімдік. Есімдікті? т?рлері"»
Сабақтың тақырыбы: Есімдік. Есімдіктің түрлері.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Есімдік және оның түрлерін меңгерту, есім сөздердің орнына қолданыла алатынын түсіндіру.
2 Дамытушылық: Сөз байлығын, сөздік қорын байыту, ойлау, байқағыштық қасиеттерін дамыту, қатесіз, ұқыпты жазуға үйрету.
3 Тәрбиелік : Оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оқуға, білімге, деген қызығушылығын арттыру, ізденімпаздыққа, әдептілікке, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, түсіндіру.
3. Оқушылармен бірге топ ережесін қайталап шығамыз.
Топ ережесі:
Сабақта бір-бірімізді тыңдау;
Ойын ашық айта білу;
Ұйымшылдық;
Жаңалыққа құштар болу;
Бір-бірін сыйлау;
Берілген тапсырмаларды уақытында орындау;
Біреудің сөзін қайталамау;
Уақытты үнемдеу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру кезеңі:
Тест арқылы өткен сабақты пысықтау. (Иә, жоқ деп оқушылар жауап береді).
1. Сан есімнің сұрақтары қандай? қай? (жоқ)
2. Жасалу жолына қарай сан есім негізгі және туынды болып бөлінеді? (иә)
3. -ау, -еу сан есімнің реттік жұрнақтары. Дұрыс па? (жоқ)
4. Сан есім құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді? (иә)
5. Сан есім мағынасына қарай есептік, реттік, бөлшектік, жинақтық, топтау, болжалдық болып бөлінеді. (иә)
ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Ой қозғау. Есімдік дегеніміз не? Әр топ есімдіктің қызметі мен ерекшелігін, айырмашылығын жазып көрсетеді.
Екі топқа кеспе қағаздар таратылады. Бұл қағазда бүгінгі сабақтың тақырыбы жасырылған.
ө
е
і
ь
қ
г
и
л
к
м
й
а
ф
ұ
е
с
і
м
д
і
к
ң
п
т
с
у
ы
ү
ж
ә
д
ш
р
х
н
Есімдік дегеніміз-зат есім, сын есім, сан есім сөздердің орнына қолданылатын сөздер. Мысалы: Асан мен Арман биыл мектеп бітірді. Олар мемлекеттік емтиханға да бірге дайындалмақшы. Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу есімдігі; 3) сұрау есімдігі; 4) өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6) болымсыздық есімдігі; 7) белгісіздік есімдігі.
1. Жіктеу есімдігі заттық ұғыммен байланысты қолданылады. Олар: мен, сен, сіз, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктері үш жақта, жекеше және көпше түрде қолданылады.
2. Сілтеу есімдігі нұсқау, мегзеу, көрсету мағыналарын білдіретін бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, әне, міне, мынау деген сөздер.
3. Сұрау есімдігіне жауап алу мақсатымен қойылған сұрау мәнді сөздер жатады. Олар: кім? не? қандай? қай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? т. б.
4. Өздік есімдігіне әр тұлғада түрленіп қолданылатын өз деген бір ғана сөз жатады. Өз есімдігі түрленіп тәуелденіп: сенің өзің; көптеліп: өздері, септеліп: өзімніңтүріндеқолданылады.
5. Жалпылау есімдігіне жалпылау, жинақтау мағынасын білдіретін бәрі, барлық, бар, барша, бүкіл, күллі, бүтін, түгел, тегіс деген сөздер жатады.
6. Болымсыздық есімдігіне ештеңе, ештеме, ешкім, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайдан, ешқайда, дәнеңе, дәнеме деген болымсыздық мағынаны білдіретін сөздер жатады.
2. Мәтінмен жұмыс. Есімдіктерді тауып, түрлерін ажырату.
Ана
Жер бетіндегі ең әдемі сөз-Ана. Адам алғашқы сөзін де осыдан бастайды. Жер бетіндегі тілдердің бәрінде де осы сөз ерекше қастерлі.
Ананың қолы ең қасиетті, аялы қол, ол нені болса да атқара алады. Ананың жүрегі ең сенімді және сезімтал жүрек, оның сүйіспеншілігі ешқашан сенбейді, оның көзінен еш уақытта ешнәрсе де қалтарыс қалмайды.
Сенің жасың қанша болса да-мейлі бес жас болсын, мейлі елу жас болсын, саған әрқашанда ана керек, оның аясы, мейрімі керек. Сенің анаңа деген сүйіспеншілігің неғұрлым зор болса, өмірің де соғұрлым шексіз қуанышқа, шалқар нұрға бөлінеді.
3. Сөйлемдерді оқып, көп нүктенің орнына керекті есімдіктерді қойыңдар.
І-топ. Ол маған ____айтқан жоқ. ____ адамды көрмедім. ____ескерткіш үлкен емес. Университеттің ____корпусы бар. ____кең және үлкен, ____кішкентай. Үйді ____ тұрғыздым.
ІІ-топ. Біз _____кездескен емеспіз. Мен енді ____бармаймын. "Университет" аялдамасы ____салынған. Аялдамада ____адам күтіп тұр. Оның ____студенттер. Көкөністерді де ____жерімде өсіремін.