Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын «Шаттық шеңбер» арқылы арттыру. Үй жұмысын тексеру: «Жаз мезгілі демалысқа қолайлы кез» тақырыбына бейнефильм көрсетіңіздер, әңгімелеңіздер. Бағалау: "Екі жұлдыз. Бір тілек." Топқа суреттер арқылы бөлу, топ ережесімен таныстыру. 1 –топ - сусындар бейнеленген суреттерімен, 2-топ тағамдар суреттерімен. Бағалау критериялары: - мәтін мазмұның айта аламын -3 ұпай; - жаңа сөздердің мағынасын меңгеремін -2 ұпай; - жаңа сөздерде қарым-қатынаста қолдана аламын -5 ұпай. пай - "5", 5 ұпай -"4", 3-2 ұпай - "3". 1 - тапсырма. Сөзжұмбақты шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтаңыздар. 1. Өңделген бидай ( Ұн). 2. Майға қуырылған шеңбер нан (Күлше). 3. Айраннан алынатын, жейтін өнім (Құрт). 4. Сиырдан алынатын сусын (Сүт). 5. Бидай, арпа қосылып жасалған сусын (Ашытпа). 6. Бидай, күріш, тары – бұлар дәнді -? (Дақыл). 7. Ұйыған сүттен жасалатын қою сусын (Қатық). 8. Піспеген нан (Қамыр). 9. Жейтін заттың жалпы атауы (Тағам). 10. Түйе сүтінен жасалатын сусын (Шұбат). 11. Биенің сүтінен жасалатын сусын (Қымыз). Бағалау: "Бағдаршам" әдісі бойынша бір-бірін тексеру. Дұрыс емес Қателері бар Дұрыс 2 - тапсырма. Оқулықтағы 84 беттегі мәтінді өз бетінше оқып, жаңа сөздермен танысып, аударыңыздар, жаңа сөздермен сөз тіркесін жазбаша құрастырыңыздар,топта талдаңыздар. Жаңа тақырып бойынша постер құрыңыздар. Бағалау: «Екі жұлдыз бір тілек» 3 - тапсырма. Өз бетінше ғаламтордан сабақ тақырыбына сай мақал –мәтелдерді көшіріп, мағынасын ашып, талқылаңыздар. Топқа таныстырыңыздар. Бағалау: «Бас бармақ» Үй жұмысы: Жеміс – жидектер, сүт тағамдарының суреттерін алып келіңіздер, әңгімелеңіздер. 2. Рефлексия: Сабақтан алған әсерін стикерге жазыңыздар. |