1. «Тамақтануды тиімді ұйымдастару» туралы бейнефильм арқылы психологиялық ахуал туғызу және сабақтың тақырыбын ашу. 2. Түрлі пішіндер арқылы 3 топқа бөлініңіздер. 3. Табыс критерияларымен танысыңыздар. Табыс критериялары: Жаңа сөздердің мағынасын меңгердім. Мәтінді аудара аламын. Тиімді тамақтанудың қағидалары мен ұсыныстарды білемін. Мәтіндегі септік жалғауларын ажыратамын. 4.Үй жұмысын тексеру: «Дастарқанжасау» тақырыбына презентация көрсетіп әңгімелеңіздер. Бағалау: "Бағдаршам" әдісі бойынша бір-бірін тексеру. Дұрыс емес Қателері бар Дұрыс Тапсырма:Оқулықтағы жаңа мәтінмен және сөздермен «INSERT» әдісі арқылы танысыңыздар. Жаңа ақпаратты тыңдаңыздар, талқылаңыздар, сөздерді есте сақтаңыздар және аударыңыздар. \/ - білдім «+» - жаңа «-» - басқаша ойладым «?» -түсінбедім, сұрақтар бар Тапсырма:Әр топ үш сөйлемнен көшіріп септік жалғауларын белгілеңіздер. Бағалау: «Бас бармақ» Тапсырма:Жаңа тақырып бойынша «Кластер» құрастырыңыздар. Бағалау: «Бас бармақ» Сергіту сәті. Тапсырма: Әр топта, мәтінге сүйеніп, 5 сұрақтан құрастырыңыздар. Әр топтың спикері келесі топқа «Автобус аялдамасы» әдісі арқылы сұрақ қойыңыздар. Бағалау: «Бас бармақ» Тапсырма: Тест сұрақтарына жауап беріңіздер. (Интерак. тақтада тест тапсырмалары көрсетілген). Бағалау: Бір- бірінің тапсырмаларын тексеріп, бағалаңыздар. (Тест тапсырмаларының жауаптары көрсетіледі) . 1. Үй тапсырмасын беру. «Тамақтануды тиімді ұйымдастару» тақырыбына байланысты мақал – мәтелдерді біліңіздер, бейнефильм түсіріңіздер. 2. Бір – бірінің жауаптарын бағалаңыздар, мадақтаңыздар. 3. Рефлексия. Көңіл күйлеріңіз қалай? Берілген тапсырмалар қиын болды ма? Қандай тапсырмаларды орындауда қиыншылық туды? |