Қызығушылығы Шаттық шеңбері: Ғажайып сәт: Архат: Дидактикалық ойын: Сергіту сәті: Қорытынды: | -Балалар, біздің сабағымызға қонақтар келіпті қане, бәріміз қонақтармен амандасайық. -Балалар, таңертен тұрғанда алдымен біз нені көреміз? -Иә, балалар, күн бізге не береді? -Олай болса бір-бірімізге алақанмен жылуымызды жеткізейік. Күніміз жарқын болсын! Асманымыз ашық болсын! Күніміз сәтті болсын! Деніміз сау болсын! -Жарайсыңдар, балалар. Осы кезде есік қағып, қонаққа әже келеді. -Мен бауырсақ пісірейін деп едім, маған көмек көрсетесіңдер ме? -Тәрбиеші: Әже, балалар бауырсақтың қайдан келетінін білгісі келеді. -Әже: Бауырсақ ұннан жасалады. Балалар, ұннан көптеген нан тағамдары жасалады. Олар:нан, бауырсақ, құймақ, кеспе, шелпек, таба нан т.б. -Тәрбиеші: балалар нан туралы тақпақ біледі. -Жарайсың, Архат! -Балалар, біз ендеше еңбектеніп, осы дәмді бауырсақты өзіміз ермексазбен мүсіндеп берсек қалай болады? Тәсілдері: ермексазды үзіп алып, алақанға салып домалақтаймыз. Дайын бауырсақты әжеге сыйлаймыз (Әже рахметін айтып шығып кетеді). "Нан қайдан келеді?" Мақсаты: нанның келу жолдарын сурет бойынша айту және ретімен орналастыру. Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар, Үлкен болып өседі. -Балалар, "Бауырсақ" ертегісін білеміз ғой? -Бауырсақты кім пісірді? -Бауырсақ домалап келеді, домалап келеді. Ең бірінші неге кезедеседі? -Домалап келе жатып, тағы қандай аңға кездеседі? -Сонан соң неге кезедеседі? -Одан құтылып келе жатып, тағы қандай аңға кездеседі? -Ал түлкі не істейді? -Балалар, біз түлкіге бауырсақты жегізбейік, онымен дос болайық. -Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келді? -Әжеге не мұсіндеп бердік? -Сабақ сендерге ұнады ма? -Жарайсыңдар, балалар. Сендердің бүгінгі істеген жұмыстарыңа қуанышпен рахмет деп айтқым келеді. -Сау болыңдар балалар! | -Балалар шеңбер бойымен тұрып қонақтармен амандасады Сә-ле-мет-сіз-дер-ме? -аспанды, күнді, күннің нұрын -нұрын, шуағын, жылуын -иә Нан қоқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып қастерлеп, Торғайларға тастаңдар. -иә, жасап берейік -иә -әже пісірді -қоянға -аюға -қасқырға -түлкіге -бауырсақты жеп қояды -әже -бауырсақ -иә, ұнады -сау болыңыз! |