Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: Домбыра»
Ашық сабақ
(Қазақ тілі)
Тақырыбы: Домбыра
8 - сынып
Мұғалім: Магзамова Л.К
Ақтау қ., 2018ж.
Сабақтың тақырыбы: Домбыра
Сабақтың мақсаты:білімділік – өткен сабақ бойынша игерілген білімдерін пысықтау, қайталау. Жаңа тақырыпқа түсінік беру.
дамытушылық – оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру, есте сақтау қабілетін дамыту.
тәрбиелік – білімге деген құштарлығын арттыра отырып, ой өрісін кеңейту.
Әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Көрнекілік: интербелсенді тақтадан домбыраның суретін, құрылысын көрсету, белгілі ақынның домбыра туралы өлеңдерінен үзінді тыңдату.
Сабақтың барысы: а) ұйымдастыру
ә) үй тапсырмасын тексеру
б) жаңа сабақ
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл - пәл кем бұра. Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана: Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.
Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын Деп бір хаһан шанағына құйған оның қорғасын.
Жалған сөйлеп көрген емес соның өзінде: Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан кезінде.
( осы жерде ақын Қадыр Мырза Әли туралы мағлұмат беру, суретін көрсету)
Сабақтың тақырыбына келейік. Мұғалім баяндайды: Домбыра — қазақхалқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра талай әншілер мен термешілерге, жыршыларға серік болған.
ә) мәтінді (1-тапсырма) бірінші болып мұғалімнің оқуы, содан соң бір- бір абзацтан оқушылардың оқып, әркім өз абзацын орыс тіліне ауызша аударуы.
Сергіту сәті: Атақты күйшінің орындауындағы Құрманғазының бір тамаша күйін тыңдау ( “Сарыарқа” немесе “Балбырауын” )
2- тапсырманы ауызша орындау / мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
Өнердің қандай түрлерін білесіңдер?
Қос ішекті музыкалық аспап қалай аталады?
Домбыра арқылы нені баяндаған?
Домбыра қандай бөліктерден тұрады?
Домбыраны неден жасаған?
“Зуылдак” әдісі бойынша жаңа сөздерді жатқа айту: сазгер, музыкалық аспап, терме, қос ішекті аспап, құрылысы, ат үстінде, термешілер, шанақ, қақпақ беті.
кестемен жұмыс / тұйық етістіктің емлесіне тоқталу / тұйық етістік ережесін тағы бір қайталап өту.
4-тапсырма жазбаша орындалады.
5- тапсырма мәтінін диктант ретінде жазғызу.
Домбыра – қазақ халқының ең негізгі музыкалық аспабы. Ол ішекті музыкалық аспаптар тобына жатады. Әрбір үйде домбыра болған және әрбір қазақ домбырада ойнаған. Домбырамен күй орындаған. Ән айтқанда домбырамен сүйемелдеген.