Сабақтың көрнекі құралдары: « Рахмет »сауда үйінің,оның ішіндегі бөлімдердің презентациясы, қағаздан жасалған құмыра, гүлдер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу
2. Кезекшімен әңгімелесу
Сыныпта кім жоқ?
Настя, ... жоқ
Настя ауырып жатыр ма?
Иә, ауырып жатыр
Сабақтың мақсатымен таныстыру
М.:Балалар, Настя көптен ауырып жатыр, ол үшінші тоқсанның басында ғана мектепке келеді деп естідім, оның үйіне кіріп шығайықшы? Бос қол бару- дұрыс емес шығар, дүкенге барып, бірдеме сатып алайық. Дұрыс па? Біздің мектебімізге қандай дүкен жақын?
Оқушылардың жауаптарын тыңдау.
Экранда «Рахмет» сауда үйі
Мұғалім: Бұл қандай дүкен?
Оқушы: Бұл «Рахмет» сауда үйі.
Мұғалім: «Рахмет » қандай?
Балалардың жауаптарын тыңдау
М.:- Ол неше қабатты?
Б.:- «Рахмет»төрт қабатты ғимарат.
М.:- Үзіліс бола ма?
Б-5: -Үзіліс болмайды
М:- Не сатып аламыз?
Б.:- Тағамдарды сатып алайық.
М.: -Тағамдар қай қабатта сатылады?
Б.: -Тағамдар астыңғы қабатта сатылады.
М.: -Қараңдаршы, мынау қандай бөлім?
Б.: - Мынау «Нан»бөлімі
М.: - Сөрелерде не жатыр?
Б.:-Сөрелерде нан өнімдері жатыр. Олар: ақ нан, қара нан, тоқаштар, бауырсақ,торттар, бәліштер.
М.:- Кіріп бірдеме сатып алайықшы. Мен сатушы боламын. Кім сатып алушы болады?
«Дүкенде» д. о.
Мақсаты: балалардың тақырып бойынша байланыстырып сөйлеуді, есте сақтау қабілеттерін дамыту және қалыптастыру.
Сөздіктер: жаңа піскен, керек, тоқаштар, жұмсақ, ала ғой, барлығы. Қанша тұрады? Қанша төлеу керек?
М.: Мынау қандай бөлім?
Б.: «Көкөністер» бөлімі
М.: Сөрелерде не жатыр?
Б.: Сөрелерде көкөністер, жеміс-жидектер жатыр
М.: Қандай жемістер бар екен?
Б.: Алма, ..., ... ,... бар.
М.: Бізге жеміс керек пе? Неге?
Б.: Себебі олар пайдалы, оларда дәрумендер бар.
М.: Кім сатушы болады? Кім сатып алушы болады?
«Көкөністер» бөлімінде (д. о.)
Мақсаты: балалардың тақырып бойынша байланыстырып сөйлеуді, есте сақтау қабілеттерін дамыту және қалыптастыру.
Сөздіктер: жарты килограмм, керек,арзан , қымбат, жұмсақ ,ала ғой, барлығы. Қанша тұрады? Қанша төлеу керек?
Алынған жемістердің сапасын, түрін , түсін,дәмін сипаттау
Мысалы:
Б.: Алма әдемі, қызыл, дөнгелек, бағасы арзан.
Б.: Жүзім жаман емес, қымбат емес, жасыл.
М.:- Мынау қандай бөлім?
Б.:- «Кітаптар мен кеңсе тауарлары» бөлімі.
Бөлімде қандай тауарлар бар екенін айтып беру.
Мұғалімнің «Бұл бөлімнен бірдеме сатып аламыз ба?» деген сұрағына жауап беру
М.: Барлығын сатып алдық. Кім Настяның үйіне барады?
Бара алмайтындарының себептерін сұрау.
М: Қараңдаршы, қандай әдемі құмыра!
Бармайтындарың Настяға тілектеріңді гүлдерге жазып, құмыраның үстіне қойындар. Кім барады солар тілектеріңді апарып береді. Еңбек сабағында сендер жасаған гүлдерің қандай әдемі, олардытілектерімізбен бірге осы сабағымызға келген мұғалімдерге сыйласақ қайтеді екен? Сыйлаймыз ба?