Сабақ: Қазақ тілі Менің отбасым | Частная бизнес школа «Бриг» |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Жандаулетова Анар Торехановна |
Сынып: 1 | Қатысқандар: 16 | Қатыспағандар: - |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | Т1.1.1 Сөзді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оларды дұрыс қабылдайды. Т5.1.1 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді Т6.1.1 Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді. А.1.1.1.Таныс сөздерді қолдану арқылы сұрақ қояды. А2.1.1 Қарапайым әңгімелерді (мәтінді) мазмұндайды |
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар орындай алады: отбасы мүшелерінің атауын біледі, ишара арқылы отбасы мүшелерінің іс- әрекетін көрсете алады, жіңішке сұрақтарға жауап бере алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: салған суретіне қарап, таныс сөздерді пайдаланып сөз тіркестерін және жай сөйлемдер құрайды,мәтіннен түсінгенін сұраққа жауап беру арқылы білдіреді. Кейбір оқушылар орындай алады: жай сөйлемдер құрастырып айтады, салған суретіне қарап шағын мәтін құрайды және айтады. |
Тілдік мақсат: | Оқушылар орындай алады: мәтінді түсінеді, таныс сөздер арқылы сұрақ қоя біледі, сұраққа жауап береді. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: отбасы мүшелерінің атаулары Ишара: отбасы мүшелерін қимыл арқылы көрсетеді |
Алдыңғы оқу: | Отбасы мүшелерінің атауларын біледі, ишара арқылы көрсете алады, үлгі бойынша бір отбасы мүшесін сипаттай алады. |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Басы | Мұғалім психологиялық ахуал жасайды. Оқушылар көңіл-күйлерін смайликтер арқылы анықтайды. Ұ. Мұғалім сыныпқа хормен «Құттықтаймын, мама» әнін айтқызады(қызығушылақтарын ояту) Мұғалім оқушылармен бірігіп сабақтың мақсатын айтады. Тақырыпқа сай суреттер көрсетеді. (итербелсенді тақта арқылы) Ж. Отбасы мүшелері туралы мазмұндау жоспарын көрсетеді. Оқушылар қайталайды. Мысалы: Мынау – менің әкем. Оның аты – Виктор. Оның шашы сары, көзі көк. Ол ... жаста. | Отбасы мүшелерінің суреттері |
Ортасы | «Үш ақылды стратегиясы». Қабілеті әртүрлі оқушылар қатысады. (Бір оқушы ишарамен көрсетеді, екіншісі сұрақ қояды, үшіншісі жауап береді) Қ. бағалау «Бас бармақ» стратегиясы арқылы өтеді. «Адасқан сөздер» ойыны. Флипчарт арқылы шашранды сөздер жиынтығынан сөйлем құрау. Жұппен жұмыс. «Бағдаршам» стратегиясы арқылы бағаланады. Отбасы мүшелері туралы өлеңдер жаттап үйренеді (МК арқылы) | Отбасы мүшелері атаулары, отбасы мүшелерін сипаттауға арналған дара сын есімдер. Мысалы: кішкентай, үлкен, биік, сүйкімді, мейірімді, ақылды, күлкілі. |
Соңы | Топтық жұмыс. Әр оқушының алдында отбасы мүшелеріінің фотосуреттері жатады. (алдын ала берілген тапсырма) Топтан бір қабылдау деңгейі жоғары оқушы отбасы мүшесінің фотосуреті бойынша әңгіме құрайды. Ұжымдық бағалау «Бас бармақ» стратегиясы арқылы өтеді. | Отбасы мүшелерінің фотосуреттері |
| Үй тапсырмасы: отбасы мүшелері туралы олеңдер жаттайды. Мұғалім оқушылардың бағалауына комментарий жасап, қорытынды баға қояды. Қорытынды жасағанда мұғалім оқушыларды отбасы мүшелерін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелейді. | |
Рефлексия | Оқушылар көңіл-күйлерін смайликтер арқылы көрсетеді | смайликтер |
Саралау. Қабілеті төмендеу жұпқа және топқа мұғалім өзі көмектеседі. Қабілеті жоғары оқушыларға әңгіме құрап айтуға көбірек мүмкіндік береді. | Бағалау. Қалыптастырушы бағалаудың екі түрін қолданады және комментарий арқылы қорытынды бағалайды. (балдық бағасыз) | Пәнаралық байланыс – «Орыс тілі»,, АҚТ-мен байланыс, Құндылықтармен байланыс - отбасы мүшелерін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелейді. Топта жұмыс – бір-бірін тыңдау, құрметтеу. |
Рефлексия | |
Қорытынды бағалау |