Разработка урока предназначена для учителей - предметников казахского языка с русским языком обучения. Урок включает в себя различные приемы и методы работы. Упражнения на развитие речи, обогащение словарного запаса, работа со слабоуспевающими и одарееными детьми . А так же содержит приемы критического мышления, разноуровневые задания.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: интерактивтік оқыту әдісі, мәтінмен жұмыс, аударма, сұрақ-жауап, сөз тіркестер мен сөйлемдер құрастыру, мәнерлеп оқу.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
І Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Бүгін сабағымызда кім жоқ?
Бүгін ауа-райы қандай?
Бүгін аптаның қай күні?
Қазір бізде қандай сабақ?
Бүгін сендерде неше сабақ?
Қазақ тілі нешінші сабақ?
Лексикалық минимум:
Балалар, енді мына қазақтың мақал-мәтелдеріне есімізге түсірейік, мағынасын ашайық (экранға жазылған мақал-мәтелдерді оқып, нүктенің орнына керекті сөздерді қою)
Ас атасы - ............. (нан)
Ас – адамның ......... (арқауы)
Ас қадірін ......... (тоқ білмейді)
Сыйлап берсе, .............. (суын іш)
Жаңбырмен жер көгереді, ............. (батамен ел көгереді)
Қалай ойлайсыңдар бұл мақал - мәтелдер не туралы айтылған?
(Ас,тағам, бата жайында айтылған)
Сонымен қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?
Қазақтың ұлттық тағамдары. Бата.
Мұғалім: Ал, әзірше өткен сабағымызды қайталайық, үйге не берілді? (36 бет «Шеберлер таласы» мәтін.
ІІ. Үй тапсырмасы:
Мәтін бойынша сұрақтар (білім алушылар өздері үйден дайындап әкелген сұрақтарыноқытушының қорапшасына салып, сол қорапшадан өздері бір-бірлеп алып, жауап береді)
38 бет. 3 тапсырма. Асты сызылған сөздердің қай септіктерде тұрғанын анықтау)
Екі адам бір - бірімен ұрысып, арызға келді. Киіз үйді қыс болсын, жаз болсын артып жүре береміз.Олар ақырында сотқа келеді. Қыста сіз жер үйде тұрыңыз. Ақшаңызға жер үй мен киіз үй сатып алыңыз.
(Бір- бірімен, киіз үйді, маған, жер үйде, ақшаңызға)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқытушының кіріспе сөзі:
Әрине, қай халықтың болсын өздерінің шаңырақтары болады, сол шаңырақтың астында үнемі дастарханы мол, ешқашан жиналмайтын халық- осы қазақ халқы ғана десек, артық айтпайтын шығармыз. Онда сендермен жаңа сабағымызға байланысты шағын видеоролик тамашалайық.
Видеоролик бойынша сұрақтар:
Роликте не туралы баяндалған?
Қазақ халқының ұлттық тағамдары туралы, қазақ халқының қонақжайлылығы туралы айтылған.
Қандай дәстүр, қандай ырым туралы айтылған?
Соғым сойған кезде соғымның етімен барлық туыс туғандарға және көршілерге ауыз тигізу керек. Әйтпесе көптен айырылып, жалғыз қалады деп ырымдаған.
А) Оқытушы алдымен грамматикалық тақырыпты қайталап кетеді.
- Жалғау қалай аударылады? Жалғау дегеніміз не?
- Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі болады?
Жалғау
Көптік
Септік
Тәуелдік
Жіктік
-лар,-лер,-дар, -дер,-тар,-тер
7 септік бар
Атау с.
Ілік с.
Барыс с.
Табыс с.
Жатыс с.
Шығыс с.
Көмектес с.
Жекеше түрі
І ж. –ым,-ім,-м
ІІ ж –ың,-ің,-ң
-ыңыз,-іңіз
ІІ ж. –ы,-і.
Жекеше түрі
Іж. –мын, мін, -бын,-бін, -пын, -пін.
ІІж. –сың, сің
-сыз, -сіз
ІІІж. О.
ІV Мәтінмен жұмыс (осы кезеңнен бастап шағын топ жұмысы басталады, топ жетекшісін білім алушылар өздері таңдайды, топ жетекшілері осы кезеңнен бастап бағалау парағына өз білімдерін бағалай бастайды.Содан соң мұғалім ең жаңа сабақта кездесетін жаңа сөздермен таныстырып өтеді)
1.Сөздікпен жұмыс:
Ұлттық дастархан- национальная кухня
Қазы- қарта, жал -жая- лакомые куски конины
Қаймақ - сметана
Сүзбе - творог
Құрт - сушенный молочный продукт
Бата- благословение; напутствие; доброе пожелание
Ақ батасын беру - искренне благословить
2.Әр топтың бір – бір оқушы келіп мұғалімнің ұсынған тақырыбын таңдап алады.
Тапсырма:
1. Мәтінді мәнерлеп оқу, шеңберлей оқу.
2. Мәтінге сұрақтар қою.
3. Мәтінді келесі топқа түсіндіру ( кесте, сызба арқылы т.б.)
4. Мәтінді қорғау.
V. Жазбаша жұмыс. (тақтада берілген сөздерді дұрыс құрастырып, жалғау түрлерін анықтайды)
А) Қазақ-тың ұлттық дастарқаны-нан мынадай ұлттық тағамдар көруге болады.
Батаны көбінесе жасы үлкен адамдар береді. (оқушылар бір—бірін тексеріп шығады)
В) Тақтамен жұмыс ( 4 білім алушы шығып берілген сөздерге жалғаулар жалғайды, ал топ мүшелері тексеріп шығады)