Білімділік: ?аза?стан таби?аты туралы м?лімет бере отырып оны? ??ндылы?тары жайлы т?сініктерін ке?ейту.Ауызекі с?йлеу ар?ылы коммуникативті да?дыларын ?алыптастыру.
Дамытушылы?: Шы?армашылы? ?абілеттерін, жа?сылы? жасай білу іскерліктерін, ойлау ?абілетін дамыту, ?з ойын еркін жеткізе білуге да?дыландыру.
Т?рбиелік: Таби?атты ?ор?ау?а, елін жерін с?юге т?рбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: ?аза?станны? таби?аты.»
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғаты.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Қазақстан табиғаты туралы мәлімет бере отырып оның құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту.Ауызекі сөйлеу арқылы коммуникативті дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, елін жерін сүюге тәрбиелеу.
Адамның жаны-.......................... . (туған елінде).
3.Ел іші-.................. . (алтын бесік).
4.Туған жердің күні де ыстық, ......................... . (түні де ыстық).
5. Әркімнің өз жері-............ . (жұмақ).
6. Туған жердің суы ......, (тәтті).
Топырағы да ............... . (ыстық).
7. Жері байдың - .............. (елі бай).
Үй тапсырмасы бағаланады.
Жаңа сабаққа шығу үшін оқушылар табиға туралы слайд көріп, өлең тыңдайды.
-Балалар мына өлеңді мұқият тыңдап мағынасын түсінуге тырысыңдар және мына презентацияға қарап естеріңе сақтап отырыңдар.
-Балалар презентатцияны көрдіңдер өлеңді тыңдадыңдар осы не туралы болды, өлеңде не туралы айтылған не туралы слайд көрдіңдер?
Балалар: -Тау, су, көл өзен, өсімдік, жануарлар туралы болды,
Осы айтқандарыңды біз бір сөзбен қалай айтамыз
Балалар: -Табиғат!-деп айтады.
-Біздің айтқан мақал-мәтелдеріміз не туралы еді?
-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қазақстанның табиғаты»- деп аталады.
Сабақтың мақсаты: балалар бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз?
Жаңа сөздермен жұмыс:
Мекендейді-обитают
тығыз байланысты- тесна связанно
ластамай- не загрезняя
қорғау- охранять, защищать.
Бұлан-лось
Үкі-сова
Қарсақ- степная лисица
Сөз тіркестер құрастырамыз
Сын есім+зат есім
Зат есім+етістік
Септіктермен жұмыс
Тақтада табиғатқа қатысты суреттер ілініп тұрады Мысалы: бұлан, үкі, аққу, қарсақ. т б, суреттін артында бір септік атауы жазылған, балалар сол суретті алып суретке қарап сол сөзді септейді.сөл суреттерде жаңа сөздің суреттері де бар.
Мәтінмен жұмыс. Оқушылар 3 топқа бөлінген, әр топта 5 баладан,бір мәнінді 3 бөлікке бөліп әр топқа беріледі, оқушылар оқып танысады түсінуге тырысады.Сосын әр топтан 2 бала шығып басқа топтарға барып сол топтың мәтінімен танысып түсініп өз топтарына қайтып оралады, алған мәліметті ортаға салады бір тұрас мәтін жинайды.
Осы мәтіннен түсінгендеріңді қағаз бетіне түсіресіңдер.
кластер жасап оны қорғайды.
Мәтінге диолог құрастарады, 2 сұрақ, жауап.
1 топтың мәтіні
Қазақстанның жері бай, табиғаты өте әдемі. Қазақстан жерінде таулар өзен-көлдері бар жерлер көп. Қазақстан жерін 10% таулар алып жатыр. Іле Алатау, Қаратау, Алтай, Баянауыл, Тарбағатай таулары бар.Табиғат пен адам бір –бірімен тығыз байланысты. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сондықтан табиғатымызды ластамай қорғайық.
2 топтың мәтіні
Қазақстанның жері бай, табиғаты өте әдемі. Қазақстан жерінде таулар өзен-көлдері бар жерлер көп.Өзендері: Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық. Көлдері: Балқаш, Зайсаң,Алакөл, Марқакөл,т.б. Каспи және Аал теңізі де бар.Табиғат пен адам бір –бірімен тығыз байланысты. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сондықтан табиғатымызды ластамай қорғайық.
3 топтың мәтіні
Қазақстанның жері бай, табиғаты өте әдемі. Қазақстанның орманды жерлерінде алуан түрлі жануарлар, құстар, жәндіктер мекендейді. Жануарлары: бұлан, қарсақ, қоян, барс, т.б. Құстары: үкі аққу, бүркіт. т.б.Табиғат пен адам бір –бірімен тығыз байланысты. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сондықтан табиғатымызды ластамай қорғайық.
Сергіру сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп кішкентай ағаштар
Биік болып өседі.
5 жолды өлең жазу
1 Зат есім
2 2 сын есім
3 3 етістік
4 сөйлем
5 синоним-ассоцияция
Қорытынды:
Сабақ сендерге ұнады ма?
Қандай тапсырмалар ұнады сендерге?
Табиғатқа тілектер
Ватманға ағаштың суретін саламын сол ағашқа балалар өз тілектерін жасыл жапыраққа жазып жапсырамыз.
Ыстық орындық ойыны.
Әр топтан кезек- кезек бір оқушы шығады, басқа топ оқушылары өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды.
Қорытынды: сабақтта бүгін не өттік?
Мақсатымызға жеттік пе?
Бағалау.Топ басшысы бағалау парағына әр тапсырмадан алған бағаларын жазып сабақтың соңында қорытынды бағасын қояды, қойған бағаларын оқып шығады.