Просмотр содержимого документа
«Саба? жоспары "Себеп - салдар ?стеуі"»
Күні:04.03.2016ж Пән:Қазақ тілі Сынып:6
Сабақтың тақырыбы:Себеп - салдар үстеуі Сабақтың мақсаты: 1. Үстеу туралы ұғымды тереңдей түсіндіру. Үстеуге тән ерекшеліктер мен оның мағынасына қарай бөлінуін ұғындыру. Себеп - салдар үстеуі туралы мағлұмат беру. 2. Оқушылардың ақыл - ойларын, іскерлік белсенділіктерін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал жасау. 3. Өз ойын дұрыс айта білу негізінде жүйелі сөйлеуге баулу, ұжымшылдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту. Сабақтың түрі: дәстүрлі емес. Сабақтың әдіс – тәсілдері: СТО стратегиялары, түсіндірмелі, топпен жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: тірек - сызба, сөзжұмбақ, сәйкестендіру тесті. Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, ағылшын. Сабақтың барысы: І. Қызығушылықты ояту. А) Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушылармен амандасу; ә) психологиялық орта туғызу; - Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сабақ барысында көтеріңкі көңіл-күй мен сәттілік тудыру үшін бір – бірімізге қарап жақсы тілектер айтайық.Мен барлығыңды шаттық шеңберіне шақырамын. (шаттық шеңбері, тілек ағашы)
Оқушыларды түс таңдау арқылы топқа бөліп отырғызу. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
285-жаттығу. Мінездеме жазу. А) «Дау-дамай» стратегиясы бойынша «иә, жоқ» сөздерін айта отырып, сұрақтарға жауап беру. 1. Үстеу құрамына қарай екіге бөлінеді? (Иә) 2. Бүгін, ертең сөздері мекен үстеуі? (Жоқ) 3. Үстеу заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөз табы? (Жоқ) 4. Мекен үстеуі қимылдың, іс - әрекеттің болу орнын білдіреді? (Иә) 5. Үстеулер мағынасына қарай жеті түрге бөлінеді? (Иә) 6. Күшейткіш үстеуі қалай, не мақсатпен деген сұрақтарға жауап береді? (Жоқ) ІІІ. Жаңа сабақ - Мына суретке қараңыздар. Кімнің, қандай шығармасынан алынған деп ойлайсыздар? Жақында ғана әдебиет пәнінен өттіңіздер, киносын да көріп жүрсіздер. (Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа») Қожаның қай сәтінен көрініс бейнеленген?(Сөмкеге бақа салып жатырған кезі) Енді мысал сөйлемдерге назар аударамыз. 1. Қожа сөмкеге бақаны лезде салды. (сын - бейне) 2. Қожа сөмкеге бақаны қасақана салды. (мақсат үстеуі) 3. Қожа сөмкеге бақаны аса сақтықпен салды.( күшейткіш үстеуі) 4. Қожа сөмкеге бақаны салып, кейін кетті. (мекен үстеуі) 5. Қожа сөмкеге бақаны таңертең салды. ( мезгіл үстеуі) 6. Қожа сөмкеге бақаны онша қорықпай салды. ( мөлшер үстеуі) 7. Қожа сөмкеге бақаны құр босқа салды. (себеп-салдар үстеуі)
- Құр босқа қандай сұраққа жауап береді?
- Неге?
- Ол қандай үстеу, қандай мағынада қолданылып тұр?
- Ендеше бүгін өтетін тақырыбымыз «Себеп-салдар үстеуі». Ережені оқушылар өздері шығарады.
Себеп - салдар үстеуі қимылдың, іс - әрекеттің болу себебін немесе салдарын (нәтижесін) білдіреді де, не себепті? неге? қалай? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп - салдар үстеуіне: босқа, құр босқа, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан, бекерге, жоққа сияқты сөздер жатады. Мысалы: босқа әуре болма, амалсыздан келіп отыр, бекерге айтқансың т. б.
І топ. Берілген үстеулердің синонимдерін тауып жаз.
Босқа -...
Амалсыздан-...
Еріккеннен-...
ІІ топ. Берілген себеп-салдар үстеулерін қатыстырып сөйлем құра.
Шарасыздан, бекерге, құр босқа.
2) «Кім шапшаң» ойыны.
Босқа – зря – for nothing. Амалсыздан – вынужденно – compulsively. Себепсіз – без причины – without a reason. Шарасыздан – от безысходности – from despair.
3)Мақалдың жалғасын тап. Морфологиялық талдау жаса. І топ.
... жүріп, анық бас,
Еңбегін кетпес далаға. (ақырын)
ІІ топ.
... қарап қырымға,
Мұң мен зарды қолға алар. (қыранша)
4)І топ.Үстеуді сәйкестендір.
Әдейі Мезгіл үстеуі
Тысқары Мекен үстеуі
Өте, нақ Сын-қимыл үстеуі
Қыруар Мөлшер үстеуі
Әрең-әрең Күшейткіш үстеуі
Енді Мақсат үстеуі
Бекерге Себеп-салдар үстеуі
ІІ топ.Сөзжұмбақ «Наурыз»
1.Мөлшер үстеуінің сұрағы.
2.Мағынасына қарай қай үстеу қалай?не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап береді?
3.Жұрнақ арқылы жасалатын үстеуді қандай үстеу дейміз?
4. «Ендігәрі»тұлғасына қарай қандай үстеу?
5.Биыл 22 наурызда «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі»тойланады.
Сөйлемде қандай үстеу сөз бар?
6. «Ертең» мағынасына қарай қандай үстеу?
ІҮ.Жаңа сабақты бекіту.
Себеп-салдар үстеуін табыңдар, жасалу жолын көрсетіңдер.
Орынды іске жүріп ой таппаған,
Не болмаса жұмыс қып, мал таппаған,
Қасиетті болмайды ондай жігіт,
Әншейін құр бекерге бұлғақтаған. (Абай Құнанбаев)
Өзінің ақыл-ойын артықша бағалайтын адамды үйреткісі келген кісі уақытты босқа шығындайды. (Демокрит)
Ү.Қорытындылау.
ҮІ.Рефлексия. Тақтаға екі смайлинк іліп қою.(біреуі қуанып, біреуі ренжулі) Балалар стикерге сабақ ұнады ма, соны жазып, смайлинктің қасына жапсырады.
ҮІІ.Үйге тапсырма.
Үстеудің барлық түрін қатыстырып, «Менің болашақ мамандығым» тақырыбына ой толғау жазу.
ҮІІІ.Бағалау.Топ басшысына берілген бағалау парақша бойынша қорытынды баға қоямын.