Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып түсіндіріледі.
Сан есімдер-сандық ұғымды білдіретін сөздер. Олар екі түрлі қызметте жұмсалады.
Белгілі бір заттың нақтылы сандық мөлшерін білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді.
Санның атауы болып қызмет етеді де, не? деген сұраққа жауап береді.
Домбырада он перне, екі ішек бар.
Қырық беске төртті қосса, қырық тоғыз болады.
Есептік сан есімдер тек заттық ұғымда жұмсалғанда ғана түрленеді: көптелеі, септеледі, тәуелденед, жіктеледі.
Жинақтық сан есімдер көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларының бәрін қабылдайды.
Бөлшектік сан есімдер әр түрлі септік жалғауларын қабылдай береді,, бірақ көптелмейді, тәелдік жалғауларын қабылдамайды. Жіктік жалғауларын қабылдаса, заттық ұғымда жұмсалады.
88- жаттығу. Мәтіндердегі заттық ұғымда жұмсалып тұрған сан есімдерді тауып, қалай түрленіп тұрғанын түсіндіру.
89-жаттығу.
Мәтіндерді оқып шығып, сан есімді мағыналық түріне қарай ажырату.
ІІІ бөлімдегі сан есімдерді цифрмен жазып, емлесін айту.
Сан есімдер сандық мөлшерін білдіпі тұр ма, әлде заттанып тұр ма ажырату.
90-жаттығу. Цифрмен берілген сан есімдерді сөзбен жазу, құрамына қарай талдау.
Он екі, жеті, он сегіз, екі жүз отыз алты, алпыс-жетпіс, бір мың тоғыз жүз он екі, жүз жиырма үш мың үш жүз қырық алты, алпыс бір мың тоғыз жүз он, үш мың, бір мың алты жүз алпыс төрт.
дара
күрделі
жеті
Он екі, он сегіз, екі жүз отыз алты, алпыс-жетпіс, бір мың тоғыз жүз он екі, жүз жиырма үш мың үш жүз қырық алты, алпыс бір мың тоғыз жүз он, үш мың, бір мың алты жүз алпыс төрт.
Жаңа материалды бекіту.
Қорытынды.
Сан есімдер нені білдіреді және сұрақтары қандай?
Сан есім құрамына қарай қандай түрге бөлінеді?
Сан есімнің мағыналарына қарай қандай түрлері бар және олар қалай жасалады?
Үйге тапсырма.
91-жаттығу. Оқып шығып, сан есімдерді құрамына, мағынасына қарай талдап, емлесін түсініп, сөйлем құрау.
92-жаттығу. Мәтіндегі сан есімдерді тіркескен сөздерімен бірге жаттап келу.