Келісемін: Өткізу орны: 303 кабинет |
Мерзімі: 23.02.2016 Уақыты: 13.30 – 14.15 | Сыныбы: 5 «А» | Пәні: қазақ әдебиеті Пән мұғалімі: Төребекова Іңкәр Қымбатқызы |
Тақырыбы: | Сапарғали Бегалин. «Бала Шоқан» әңгімесі |
Мақсаты: | С.Бегалиннің шығармашылығы туралы мағлұматтарын кеңейту. Шоқан туралы шығарма арқылы ұлы ғалымның бейнесін таныту. |
Міндеттері: | Білімділік – Оқушыларға жазушы туралы мағлұматтар беру, шығарманың мазмұнын игертіп, идеясын ашу, оқу белсенділігін арттыруда, әңгімемен жұмыс жасауда бала жауабын қадағалау. Дамытушылық – Оқушыларды әңгімедегі тапсырмалар арқылы өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру, қазақ әдебиетінен алған білімін практикада қолдана алады. Тәрбиелік – Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, қабілеттерін, шығармашылығын дамыту,топта жұмыс істеу арқылы оқушылардың коммуникативті дағдылары қалыптасады. |
Күтілетін нәтиже: | Әңгімемен жұмыс жасай отырып, әңгімеге зер салады, функционалдық сауаттылығы артады. Интеллектуалды деңгейі мен өмірлік көзқарастарында өзгерістер болады. Ізденуге ықпал етеді. |
Сабақтың түрі: | қайталау сабағы |
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: | топтық жұмыс, түсіндіру, талдау, сұрақ – жауап, СТО технологиясы, өзін – өзі бағалау |
Көрнекілігі және құрал жабдығы: | Электронды тақта, слайд, плакат, маркер, тақта, Шоқанның балалық шақ суреті, басқа да суреті, слайд көрсету, Шоқан салған суреттер, дидактикалық материалдар. |
Сабақтың барысы: |
Кезеңдері | уақыты | мұғалімнің іс - әрекеті | Оқушының іс - әрекеті | Бағалау |
Ұйымдастыру | 5 минут | Оқушыларды үш топқа 7-8 оқушыдан бөлу. 1 – топ «Бала Шоқан», 2 – топ «Сары бала», 3 – топ «Жақып». Топ ережесі: Тәртіпке бағыну Өзара сыйластық Тыңдай білу, ести білу Белсенділік таныту Сын мәдениетіне үйрену Қолдау көрсету Уақытты үнемдеу | Орындықтардың артқы жағында топ аттары жазылған қағаз бойынша үш топқа 7-8 оқушыдан бөлінеді. | Мадақтау |
Қызығушылығын ояту Тақырыпты айқындау. «Болжау стратегиясы» Мақсат қою. | 2 минут | Бағыттау: Біз топқа қалай бөліндік? Бүгінгі тақырып? Сабақ мақсатымен таныстырады. | 1. Әңгіме кейіпкерлерін топтастыру арқылы. 2. Сапарғали Бегалин. «Бала Шоқан» әңгімесі. 3. Оқушылар өз мақсаттарын қояды. | Мадақтау |
Үй тапсырмасын тексеру №1 | 12 минут | Топтық жұмыс “Суреттер сөйлейді” стратегиясы Оқушылар әңгіме бойынша салған суреттерін қорғайды. | Оқушылар әңгіме бойынша салған суреттерін қорғайды. Оқушылар жауабы тыңдалады. | Формативті бағалау |
№2 – «Бір сөйлем» стратегиясы | 2 минут | Әр топ қорытынды ретінде бір сөйлеммен түйінді жасайды. | Формативті бағалау |
Жаңа сабақ №1 Топтық жұмыс «Бала Шоқан» әңгімесін талдау | 5 минут | I топ «Кілем тоқу» стратегиясы (жоспар құрады) II топ Шығармаға «Сатылай кешенді талдау» Автор Шығарма аты Кейіпкерлер Оқиға желісі Немен аяқталады Не суреттеледі Қандай тәсіл қолданады III топ Шығармаға композициялық талдау жасату. Оқиғаның басталуы Оқиғаның байланысы Оқиғаның дамуы Оқиғаның шиеленісуі Оқиғаның шарықтау шегі Оқиғаның шешімі | 1Әңгіменің желісіне жоспар құрайды. Оқушылар автор, кейіпкерлер, Шоқан, Мысықтың кескін – келбетін бейнелеу, Жақыптың бұзақылығы туралы жазады. Оқулықпен жұмыс. Әңгімеден әсерлі суреттеген, сипаттаған жерлерін тауып оқиды. Оқушылар шығармаға композициялық талдау жасайды. | Формативті бағалау |
Сергіту сәті | 1 минут | Ал бәріміз тұрайық, Алақанды ұрайық. Оңға қарай бұрылып, Солға қарай бұрылып. Бір отырып, бір тұрып, Бой серігіп алайық. | | Мадақтау |
№2 Топтық жұмыс | 10 минут | I топ «Өнер – ердің қанаты» (өнер туралы мақал – мәтелдер) II топ «3 неліктен?» стратегиясы (сұрақ құрастырып, оған жауап алады) III топ Бүгінгі күннің мүсіншілері? (танымдық тапсырма) | Өнер туралы мақал – мәтелдер айтады. Әңгіме бойынша неліктен деп басталатын 3 сұрақ әзірлейді. Бүгінгі күннің мүсіншілерін, ізденіп келген мәліметтерін айтады. | Формативті бағалау |
Қорытындылау | 3 минут | «Синквейн» стратегиясы арқылы сабақты қорытындылайды 1 – топ «Шоқан», 2 – топ «Мысық», 3 – топ «Жақып» Үлгі: Шоқан Ақылды, қамқор Қорғайды, ренжітпейді, тамақтандырады Бала Шоқан ғалым | Түйін жасайды, жинақтайды, дәлелдейді. | Формативті бағалау |
Үйге тапсырма | 1 минут | «Егер мен мүсінші болсам...» тақырыбына эссе жазу. | Оқушылар күнделіктеріне жазып алады. | |
Бағалау | 1 минут | Әр топ бағалау парақшасы арқылы өзін – өзі бағалайды. | Топ өзін – өзі бақылау парағы бойынша бағалайды. | Мадақтау |
Рефлексия | 3 минут | Қойған мақсаттарына жеткендігін немесе жетпегендігі туралы жазған стикерлерін тақтаға шығып, толық жетсе – ағаштың тамырына, жартылай жетсе – діңгегіне, түсінуге қиындықтар туындаса – ағаштың басына жабыстырады. | Білім нәтижесін саралайды: «Саялы бәйтерек» аясында» - сурет/стикер. Әр топ өзіне берілген тапсырма бойынша рефлексия жазады. | Мадақтау |