Жаңа тақырып | Жаңа сабақты түсіндіру: Шартты бағыныңқы сабақтас деп құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісі екіншісіндегі істің жүзеге асу я аспау шартын білдіретін құрмаласты айтамыз.Мысалы: Екпей,егін бітпес;үйренбей,білім бітпес.Бір елді бір ел жақсы білсе,жақсы өнегесін де алар еді. Келтірілген мысалдың екеуінде де бірінші сыңардағы іс-әрекеттердің жүзеге асуына шарт ретінде алынған.Жасалу жолдарын,сұрақтарын былай көрсетуге болады: Бағыныңқының баяндауышы | Тұлғалық белгісі | сұрауы | Сөйлемдердің сызбасы | 1.Шартты рай | -са, -се | Қайтсе? (Не етсе?) | /........./ тыңдаса, /- - - - - - - /. | 2. Көсемше | -ма + й (-ма + й) -майынша (-мейінше). | Қайтпей? (Не етпей?) Қайтпейінше? (Не етпейінше?) | /.........../ таппай / - - - - - /. /............./ үйренбейінше / - - - - - - - /. | 3.Есімше | -ған + да (-ген, + де) | Қайткенде? (Не еткенде?) | /.................../ болмағанда /- - - - - - - - - /. | Шартты бағыныңқы сабақтас құрамындағы жай сөйлемдер сабақтаса байланысады.Бағыныңқы сыңардың баяндауышы тиянақсыз болып келеді.Тағы да екі-үш күн бөгейтін амалын тапсаң өзің,қозыдай көгендеп қолыңа берейік. Сабақтаса байланысқан жай сөйлемдер баяндауыштары шартты бағыныңқы сабақтаса жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей формаларда тұрады. 1. Ол заманда ұл балаға бас кеспесе,қан төкпесе,ат қойылмайтын еді.2. Сын тезі құрылмай,әдебиет сөзі сыңар болып (мінсіз болып) шыға алмайды.3. Дәл осы минутта мұғалім кіріп келмегенде,мұның аяғы жақсылықпен тына қоюы екіталай еді.4.Оның өскен ортасын білмейінше,жұмбақ қаиетін де түсінуге болмайды. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлем сыңарларының арасына үтір қойылады. 1 | -са,-се + жіктік жалғауы -май, -мей, -пай, -пей, -бай, -бей -майынша, -иейінше, -пайынша, -пейінше, -байынша, -бейінше -ғанда,-генде, -қанда, -кенде | Сабақ оқысаң,бес аласың. | 2 | Сабақ оқымай,бес алмайсың. | 3. | Сабақ оқымайынша,бес алмайсың | 4 | Сабақ оқығанда,бес алар едің. | Жаттығумен жұмыс: 124-жаттығу. Төменде берілген шартты мәнді құрмалас сөйлемдердің сыңарының баяндауыштарын кестеде көрсетілген жолдармен жасап көріңдер. Алдыңа бір қарасаң, артыңа бес қара Егер жау берілмесе оны құртар болар. Ат өнері білінбес,бәйгеге түсіп жарыспай. |
Шығармашылық жұмыс
| Топтарға тапсырмалар. Суреттерге қарап сөйлем құрастырыңдар.Ат пен күшіктің диалогын құрастырыңдар. Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не? Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем қалай жасалады? Салалас құрмалас сөйлемнен қандай айырмашылығы бар? |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды |