Саба?ты? ма?саты: 1) шы?армашылы? жазу ж?мыстары туралы т?сінік беру,жеке адам ?міріне ?атысты іс-?а?аздарды? бірі – хат,оны? т?рлері,тілдік сипаты туралы ??ым беру; 2) жазу ж?не с?йлеу м?дениетін ?алыптастыру,о?ушыларды ?арым-?атынас жасау ?дебіне,тіл м?дениетіне т?рбиелеу; 3) ?з бетімен ж?мысты дамыту,о?ушы шы?армашылы?ын арттыру,эпистолярлы? жанрды? т?рлері мен типтерін ажырата білу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Шы?армашылы? жазу ж?мыстары. Хат. »
Пәні: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Додобасова Ардақ Жексембаевна
Алматы облысы
Сарқан ауданы
Шатырбай орта мектебі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жазу жұмыстары. Хат.
Сабақтың мақсаты: 1) шығармашылық жазу жұмыстары туралы түсінік беру,жеке адам өміріне қатысты іс-қағаздардың бірі – хат,оның түрлері,тілдік сипаты туралы ұғым беру; 2) жазу және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,оқушыларды қарым-қатынас жасау әдебіне,тіл мәдениетіне тәрбиелеу; 3) өз бетімен жұмысты дамыту,оқушы шығармашылығын арттыру,эпистолярлық жанрдың түрлері мен типтерін ажырата білу.
Сабақтың типі: жаңа білім меңгерту.
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдісі: топтастыру стратегиясы,екі жақты күнделік,БҰҰ стратегиясы,өз бетімен жұмыс.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру (тірек сызбаларының көмегімен).
Мұғалі сөзі. – Балалар, мен сендерге сәлем әкеліп отырмын. Қане,оқып көріңдерші (бір оқушы шығып оқиды).
- Осы арқылы мен сабақтың тақырыбын ашқалы тұрмын.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы деп ойлайсыздар?
-Хат туралы.
-Олай болса,алдымен шығармашылық жазу жұмыстарына тоқталып өтейік. (Тірек сызба пайдаланылады).
- Балалар,осы күні бір-біріңмен хат алысып тұрасыздар ма? ..
Шығармашылық жазу жұмыстары
Тезис
Хат
Дағдыны қалыптастыру
Жазба тіл
Ой еңбегін ұштау
Сауаттылық
Ойды әсем жеткізу
Мақсаты
түрлері
Мақала
Шығарма
күнделік
Пікір
Өмірбаян
Конспект
-Қазір хат неге мүлде сирек жазылады? ..
- Ия,қазіргі ғылым мен техниканың дамыуы хатты күнделікті қажеттіліктен ысырып шығарды.Адамдар қазір бір-бірімен телефон,интернет арқылы,ұялы телефон арқылы кез-келген уақытта байланысқа шыға алады,бірақ хаттың олардан үлкен айырмашылығы бар.Хатта сырыңды,ішкі сезіміңді сеніп жаза беруге болады.Бұл - әр адамның шығармашылық өз еңбегі.Хат үлкен сауаттылықты,жазу мәдениетін талап етеді.
Үнтаспадан оқушы хатының мәтінін тыңдатып,хаттың жазылу ретін,құрылысын оқушылармен бірге отырып талдау.
1.Амандасу.
2.Айтылмақ ой.
3.Қоштасу.4.Хат жазушының аты-жөні.
5. Хаттың жазылған мерзімі
Эпистолярлық жанр
Жалпыамандықты білдіретін хатттар
Қызметтік хаттар
Шығармашылық хаттар
Жеке хаттар
Жеке іскерлік хаттар
Ресми іскерлік хаттар
Әдебиеттегі хаттар
Жазылу түрі
Қара сөз,өлең түрінде
Қара сөз түрінде
Қара сөз,өлең түрінде
Пысықтау жаттығулары.
311-жаттығу.Кітаппен жұмыс (ауызша)
Шығармашылық жұмыстар (өз бетімен жұмыс)
Еркін жазу стратегиясы.
Дос құрбыңа хат жаз.
Мен сүйетін тұлғаға хат.
Бастауыш сыныпта сабақ берген ұстазыңа хат жаз.
Болашаққа хат.
Туысқандарыңның біріне хат жазып көр.
Б.Бұлқышевтың «Шығыс ұлына хат» шығармасы, хаттың қай түріне жатады?
Мына хаттан не ұқтың?
Ойыңды жинақтап айтып бер. (Ш.Уалихановтың Ф. Михайловичке жазған хаты)
Берілген хатты толықтырып көр
Хат кімге жазылған Эпистолярлық жанрдың қай түріне жатады
Хат үзіндісін негізге ала отырып,Ыбырайдың қызметі туралы айтып бер. (Ы.Алтынсариннің В.В. Катаринскийге жазған хатынан үзінді беріледі)