«Қарлы кесек» әдісі 1-4 ке дейін санды белгілеп, нақты сұрақ жазып, ұшақ жасап ұшырады. Сұраққа жауап беріп І ІІ ІІІ ІVтопқа бөлінеді. «Өзі туралы кластер» тренинг Оқушылар өздері туралы кластер құрастырады. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар бес негізгі рөлін жазады. Мысалы:жанұяның еркесі, адал дос т.б. |
«Қарлы кесек» арқылы топтарға бөлу. |
Ортасы | Біліу және түсіну «Әлемді шарлау» әдісі І топ. Сөйлемдерді жалғастырып жаз. Бұл түн менің ең соңғы көрген дүнием болғандықтан, көп нәрселер әлі көз алдымда тұрады. ІІ топ. Жіберген жоқшылары осындай хабар әкелген соң, Жарасбай түні бойы күйіп, қорланудан тыныштық ала алмады. ІІІ топ.Сол жылы Асқардың стипендиядан басқа қаражаты болмай, бір мезгіл пристаньда қара жұмыс істейтін еді. ІV топ. Ер Төстік жалмауыздың қолында қалды деп, елі мүлде күдер үзіп қояды. |
Қолдану | Постер қорғау .І топ. Кестені толтыр. Берілген есімшенің өткен шақ формасындағы жұрнақ пен жалғауға мысалдарды сәйкестендіріп жаз. 1 | -ғандықтан,-гендіктен,-қандықтан,-кендіктен | Күн жылы болғандықтан,біз серуенге шықтық. | 2 | (-ғаны,-гені,-қаны,-кені) + үшін | Күн жылы болғаны үшін,біз серуенге шықтық. | 3 | (-ма,-ме,-па,-пе,-ба,-бе) + й | Күн жылы болмай,біз серуенге шықпадық. | 4 | -ып,-іп,-п | Күн жылы болып,біз серуенге шықтық. | 5 | үш шақтағы етістік + деп | Күн жылы болады деп,біз серуенге шықтық. | 6 | (-ған,-ген,-қан,-кен) + соң | Күн жылы болған соң,біз серуенге шықтық. | ІІ топ. Сөйлемдердің басыңқы сыңарларын ойдан жазып, себеп бағыныңқылы сабақтас құрап жаз. Шұға шын ауруға айналған соң, .... Қуанышы қойнына сыймай ... Қастарында көлденең кісі болғандықтан .... ІІІ топ. Суретпен жұмыс. Мәтін құрап жаз. Мәтінге тақырып қой. Мәтінде себеп бағыныңқылы сабақтас болу керек. ІVтоп. «Көктем » тақырыбына сурет салып, қорғау. Сурет мазмұнында себеп бағыныңқы сабақтас болу керек. |