Просмотр содержимого документа
«"Сиқырлы орманға саяхат"»
…………………………………
……………………………
……………………………………
Ашық сабақ
Тақырыбы: Сиқырлы орманға саяхат
( тактильді сезімталдықты дамыту сабағы )
-2016 ж
Орманға саяхат ( тактильді сезімталдықты дамыту сабағы )
Мақсаты:
Қолдың ұсақ қимыл және қолдың көру –қимыл үлесімдігін (көз ,қол ) жүйесі бойынша , саусақтар , қол басының қимыл кемшіліктерін түзету.Кеңістікті тактильді –қимыл арқылы қабылдауды жетілдіру.кеңістікке бағдарлау . Қол еңбегі дағдыларын бекіте отырып ,сипау арқылы заттардың қасиеттерін сезіне тани білу.
Көрнекіліктер:Әр түрлі ойыншықтар ,фигуралар ,доптар, массаждық жайылмалар ,құрғақ бассейн т,б .
Іс-әрекет кезеңдері:Мотивациялық қозғаушылық
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Шаттық шеңбері
Алақанды ашайық
Күннің нұрын салайық
Таза ауаны жұтайық
Жүрекке жылу жинайық
Жинаған жылы шуақты
Қонақтарға сыйлайық
(Оқушылар бірге тақпақ айтып ,соған байланысты қимыл жасайды.)
Ізденушілік –ұйымдастырушылық .Әңгімесу: (Оқушылар берілген сұраққа жауап береді.)
-Қазір Жылдың қай мезгілі ?
-Табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Жарайсындар !
Орман саяхатына шығу үшін ,біз не істейміз?
-Иә,саяхатқа шығу үшін киінеміз.
(Күн тимеу үшін басымызға қалпақ, күн сәулесін өткізбейтін көзілдірік киеміз ,сонымен бірге адаспау үшін компос,дүрбі , қол шам аламыз.)
Балалар сендер балық аулап көрдіңдер ме?
-Балықтар қайда өмір сүреді?
Олай болса ,біз бүгін балық ұстауға барамыз.
Жолға шықпас бұрын, мен сендерге бір тапсырма беремін. Соны орындауларыңыз керек.
-Келістік пе?
Мен қазір бірнеше сөз айтамын,ішінде балыққа қатысты сөз болса қол соғасыңдар,басқа сөз айтсам қол соқпайсыңдар.( қалам , су, дәптер ,кітап қармақ , орман)
-Жарайсыңдар !Балалар жолға шығамыз.Бір-біріміздің артынан ілесіп жүреміз.Міне орманға да жеттік.
-Орманда қандай аңдар өмір сүреді?
-Қандай құстар өмір сүреді?
(Аңдар мен құстардың түстерін ,мінезін атау.)
Мынау ағаш ,Ағашта отырған тиынға көмектесейік, шашып қалған жаңғағын теріп берейік .Балалар жаңғақтарды жіптен өткізіп береді.
-Көктемнен кейін қандай мезгіл ?
-Жаз мезгілінде ойнайтын ойындар?
-Жазда болатын мейрамдар?
Жарайсыңдар! Саяхатымызды жалғастырамыз.
Міне өзенге де жақындап қалдық .Мына сайдың ішінен ,тастардың үстінен секіріп –секіріп өтсек тез жетеміз.
Өзенге түсіп ішіннен балықты тауып ,тапсырманы орындау.
1.дөңгелекті табу 3.үш бұрышты табу
2.дұрыс жемісті қою 4. Үлкен- кішісін ажырату.
Алдымызда «Сиқырлы дорба» көрініп тұр.
Ойын шарты: Дорбаға пішіні , көлемі әр түрлі заттар салынған .Балалар әр түрлі тактильді сезімталдықты дамытуға арналған жаттығу жасайды.Мен заттардың атын атаймын .Сендер дорбаның ішін қарамай ,қолдарымен сипай отырып , заттарды тауып, атау керек.
-Жарайсыңдар,
-Балалар орманан саңырауқұлақтар терейікші? себетімізге салып алайық
Саңырауқұлақтар арасынан « Ғажайып дорба» көрініп тұр.
Ойын шарты: екі оқушы ойнайды.Екеуіне екі дорба беріледі .Ішінде ұсақ заттар салынған өшіргіш қалам түйме доп қарындаш т.б( Мен заттарды атаймын оқушылар дорбаның ішінен затты тауып көрсетеді .
Жолда ұясынан құлап қалған балапандар шырылдап жатыр екен.Балапандарды құтқару үшін қолымызды жылытамыз.
( саусақтарымызды алақанымызға бүгіп бір қалыпты демімізбен үрлейміз,алақанымызды көкірегімізге қойып ,жүректегі қайырымдылықты сыйлаймыз.Ал, алақанымызды ашып қанаттарын сермеген көңілді балапандарды ұшырамыз.)
Балықтар қайда өмір сүретінің біледі. Орманда қандай аңдар өмір сүретінің біледі.
Қандай түсінікті игереді? Тактильді сезім талдығы ,ұсақ қол қимылдары ,сөйлеу тілдері , сипап сезу арқылы заттардың қасиеттерін сезіне ,тани біледі.Толық жауап беру қабілеттері артады.