Просмотр содержимого документа
«слесарь по строительству (на казахском языке) »
Сабақтың тақырыбы: Құрылыс слесары
Грамматикасы:Атаулы сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Атаулы сөйлемдерді пайдалана отырып, мамандық туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Мәтін арқылы білімдерін жетілдіріп, жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту, құрылыс саласындағы термин сөздер арқылы өз ойын,пікірін жеткізе алу үшін қажетті білік қалыптастыру.
Тәрбиелік: Өз кәсібіне кұрмет сезімін тәрбиелеу.Білімді, білікті маман болуға баулу.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, әңгімелеу,топпен жұмыс, ойын әдістері.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Әсемпаз болма әрнеге
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де-бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан.
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.-деп Абай Құнанбев айтқандай болашақ құрылысшылар дың қатысуымен ашық сабағымызды бастап жіберейік.
Топқа бөлу
1 топ:Жобалаушылар
2 топ: Сылақшылар
2.Үй жұмысын тексеру: өткен сабақта : «Үй төбесін жабушы маман» және грамматикалық тақырыпТолымды,толымсыз сөйлем.-тақырыбын өткен болатынбыз. Өткен тақырыпта болған сөздерді қайталау мақсатында Сөзжұмбақ шешейік;
Үй төбесін жабушы маман қандай материалдар пайдаланады?
3.Сергіту сәті
Мамандыққа байланысты қандай өлеңдер білесіңдер?
Қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
фильм
4.Жаңа тақырыпты түсіндіру
Құрылыс слесары
Қазіргі құрылыс алаңдарында машиналар мен механизмдер көптеп кездеседі. Олар крандар, экскаваторлар, бульдозерлер.Насостар, ауыр жүк көтергіш шығырлар, бояу езетін, бор езетін, колмен жұмыс істейтін электр құралдар, арматуралар даярлайтын білдектер және басқа да механизмдер.Слесарь механикалық қызметті жүзеге асырады, сондай-ақ құрылыс машиналары мен құрал-жабдықтардың жоспарлы және ағымдағы жөндеужұмыстарымен айналысады. Ол құрылыс машиналарыныңақауындеркезінде анықтап, оның тораптарын бөлшектеп қарап шығады және қайта құрастырып жөндейді. Жөндеу шеберханаларындаақаулы мойынтіректерді ауыстырады, біріктіреді, түзетеді, тісті доңғалақтарды, белдікті, шынжырлы және тіс тетікпен жұмыс істейтін беріліс механизмдерін жөндейді. Оларды тазартады, майлайды, ретке келтіріп қиыстырады.Слесарь құрылыс машиналары мен механизмдерін басқару тәсілдерін жақсы біледі. Құрылыс саласындағы слесарь құрылыс ұйымдарында,жөндеуқұрылыс басқармаларында жұмыс істейді. Ол жұмыстарды арнаулы ұстаханалардада, ашық аспан астында да атқара береді.Барлықслесарьлар кәсіптік-техникалық колледждерде даярланады.
Тапсырмалар:
1.- Мәтінді оқып шығындар, асты сызылған сөздерд мен сөз тіркестерін дәптерлеріне жазып алындар.
Мәтіндегі сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне тоқталып өту
Бүгінгі сабағымыздың грамматикалық тақырыбы атаулы сөйлем:Жай сөйлемнің түрлерін қайталап өтейік:
Жақты Жақсыз
Атаулы
Толымды Жай сөйлем Толымсыз
Жалаң Жайылма
Тапсырма
Мәтінде қарамен жазылған толымды сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдап және толымсыз сөйлем жасандар.
Атаулы сөйлем: Атаулы сөйлем - ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың құбылыстың, мезгілдің, мекеннің аты аталып көрсетілетін жай сөйлемнің ерекше түрі.
Жаңа XXI ғасыр ғылым мен техниканың қарыштап дамуына жол ашып, адамазат қоғамын ақпарат тасқыны дәуіріне бастап әкелді. Ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану – қазіргі кезде ең тиімді оқытудың қайнар көзі. Жаңа технологияларды қолдану барысында оқушылардың пәнге ынтасы, белсенділігі артып, білім сапасы тереңдейді. Ізденімпаздық дербес ойлау, өзіндік қорытындылау қабіліттері дамиды. Оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу, дұрыс сұрақ қойып, өз ойын сауатты, толық жеткізу дағдыларды одан әрі қалыптысады.
Қазіргі ақпараттар технологиялар уақытында білімді, білікті, жоғары деңгейдегі маман даярлау үшін сабақтарда әртүрлі ақпараттық технологияларды пайдалануының тиімділігі өте зор. Себебі білікті, білімді маман болашақта ел үшін, халық үшін қызмет етеді.Осы мәселе аясында қазақ тілі пәнінің облыстық колледждер оқытушыларының әдістемелік ұйымының отырысында «Ақпараттық технологиялар-білім сапасын көтерудің жолы»-- тақырыбы бойынша баяндама –презентация жасадым. «Тапқыр достар»-интеллектуалдық іс-шараның әдістемелік әзірлемесі СҚ БА және ПКҚДИ-ң «Білім бұлағы»- журналының 2012 жылғы қаңтар айының нөмірінде басылып шықты. «Ашық сабақтар» сайтында кәсіби қазақ тілі бойынша: «Ақшаның мәні мен маңызы» - атты сабақ жоспары орналастырылды.