5мин | Шаттық шеңбері. -Балалар,қазір қай мезгіл? -Күз мезгілі бізге қандай қуаныш сыйлайды? -Қандай жемістерді білесіңдер? -Қане,көзімізді жұмып,елестетейік.Біз Алтын күз мерекесінде аналарың жасаған столда отырмыз.ортада үлкен табақ толы жемістер тұр:қызыл,сары алмалар,жасыл сопақ алмұрттар, ананас, апельсин,мандарин,шабдалы,сары,қара өріктер,ең үстінде банан мен жүзімдер салынған екен.Мерекеде өте жақсы өнер көрсеткенімізге қуаныштымыз.Сондай көтеріңкі көңіл-күймен жемістерді жеуге кірістік.Дәмі қанда-а-а-й! -Ал,көзімізді ашайық.Жеміс жеп болдық па?... жемістердің бізге қандай пайдасы бар? -Олай болса,бәріміз бірге айтайық: денсаулығымыз мықты болсын! | Оқушылар сұрақтарға жауап береді Көздерін жұмып,елестетеді Хормен айтады. | | Шаттық шеңбері | |
5мин | Топқа бөлу,үй тапсырмасын тексеру Сұрақтар:Қандай күн? Қайда бару? Кіммен бару? Жауаптар:көңілді күн,өзенге бару,Айнұрмен бару -Бұл сұрақтар сендерге таныс па? Қайдан? -Олай болса,әр топ өз сұрағы бойынша құраған сөз тіркесін оқып,сыңарларының қызметін анықтап айтып,дәлелдесін | Әрбір оқушы сұрақ таңдап алады да ,сол сұрақтың жауабы қай столда тұрса сонда барып отырады. -Үй тапсырмасы – 17 жаттығудан Сөз тіркесі екенін дәлелдейді | Жұлдызша беру | | Қима қағаздар смайликтер |
| -Балалар, сонымен сендер алдыңғы өткен үш сабақтан не үйрендіңдер? -Ал енді бүгінгі сабақта сөйлемдегі сөз тіркесін табуға үйреніп, сөз тіркесі туралы білімдеріңді жинақтайсыңдар. 1.Үш топқа мәтін беріледі. 2.18,19 жаттығу -Балалар,қане ортаға келіп,дөңгеленіп тұрайық.Мына алманы шеңбер бойымен жүргізе тұрып, «Алма» өлеңін жаттаймыз: Қызыл алма, Сары алма, Кең даламның бәрі алма. Толтыр қабын жомарттың, Олжа болма сараңға! Өлең аяқталған кезде алма кімге барса,сол оқушы тақтаға барып бағанның екі жағындағы сөздерден сөз тіркесін құрап жазады. 3.20 жаттығу Шеңберде қатар тұрған екі баладан жұптастыру. | -сөз тіркесін құрауды,мағынасын және қай сөз табынан жасалғанын анықтауды үйрендік 1.мәтіннен сөз тіркестерін тауып жазады. 2.топтар сағат тілімен ауысып, толықтырады. 3.өз постерлеріне сөз тіркесіндегі сөздер қай сөз табынан жасалғанын жазады. 4.тағы да ауысып,бағалайды Өлеңді жаттайды,сөз тіркесін жазады. Өлеңдегі сын есім мен зат есімнен жасалған сөз тіркесін табады 20 ж/ды оқып,өзара талқылап, дәптерге орындайды,түсіндіреді. |
+ - !
Жұлдызша беру Бағдаршам |
Карусель
Алма кетті домалап... Жұптық жұмыс | Power Point Мәтін Постер Маркер Алма смайликтер |
5мин | -Сөз тіркесі бойынша алған білімдеріңді саралап,өзіңнің қай баспалдақта тұрғаныңды айт Үйге тапсырма: 48 бет – 21 жаттығу. Тұрақты сөз тіркестері туралы біліп келу. | Оқушылар жетістік баспалдағына қарап,өз таңдауын айтады,неге оны таңдағанына түсінік береді. Күнделіктеріне баға қойғызады | Сабақ бойынша жиынтық бағалау | Жетістік баспалдағы | Power Point |