Просмотр содержимого документа
«Сөйлемнің айқындауыш мүшелері»
Мерзімі:
Сынып:
Тақырыбы: Сөйлемнің айқындауыш мүшелері
Мақсаты: 1. Айқындауыш мүшелер туралы түсінік беру, түрлері.
2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: СКТ
Сабақтың тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу, сабаққа дайындалу
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау
ІІ Жаңа сабақ
Сөйлемде кейде бір сөзді заттық жағынан айқындап, түсіндіріп тұратын сөз я сөздер тобы болады. Осыны айқындауыш дейміз.
Мысалы, Біздерге, қарттарға, жастар сияқты өмір сүруге тура келеді. Сөйлемдегі айқындауыш – қарттарға, ол біздерге деген толықтауышты айқындап тұр. Есіктен қарт шахтер Бейсен кірді. Бұл сөйлемде айқындауыш – қарт шахтер;ол Бейсен деген сөзді нақтылап тұр.
Түрлері:
Оңашаланған айқындауыштың анықтауыштан айырмашылығы бар: анықтауыш өзі анықтайтын сөзінен бұрын тұрса, оңашаланған айқындауыш онан кейін тұрады да, өзі айқындайтын сөздің мағынасын нақтылайды. О.а. өзі айқындайтын мүшесімен қызметтес әрі тұлғалас болады. М., Отарбай жаңадан келген жас мұғалім, сабақты жақсы өткізуге тырысты.
Қосарлы айқындауыш өзі айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады. М., Амангелді батыр, Ер Тарғын, Ақан сері, Біржан сал, әнші Күләш.
58-жаттығу.
Төмендегі сөйлемдерде оңашаланған айқындауыштың қандай сөйлем мүшесін айқындап тұрғанын анықтаңдар.
59-жаттығу.
1. Мәтінді оқып, не туралы екенін анықтаңдар. Көшпенділер мәдениеті туралы әңгімелеңдер.
2. Қарамен жазылған сөздерге өз тараптарыңнан оңашаланған айқындауыш сөз тауып айтыңдар.
60-жаттығу.
1. Оңашаланған айқындауыштары бар сөйлемдерді бір бөлек, қосарлы айқындауышы бар сөйлемдерді бір бөлек көшіріп жазыңдар.
2. Оңашаланған айқындауыштар қандай сөйлем мүшесін айқындап тұрғанын анықтаңдар.
Сатылай кешенді талдау.
Шығарды
1 Бұл сөз 3 құрамнан тұр.
2. Тұлғасына қ/й: туынды
3. Құрамына қ/й: дара
4. 1 лек., 3 гр-қ мағ-қ бар.
5. Лек. Мағ. – іс-әрекетті білдіреді.
6. 1 гр. Мағ. – етістік
7. 2 гр. Мағ. – (-ар) есімше
8. (-ды) – жедел ө.ш.
9. Мағ. қ/й: есімше, ж.ө.ш., ашық рай, болымды, сабақты.
10. Не істеді?
ІІІ Бекіту
Сұрақ-тапсырмалар.
1. Анықтауыш пен айқындауыштың айырмашылығын өздерінің атауларынан шығарып түсіндіріп беріңдер.
2. Айқындауыш өзі айқындайтын мүше қай септікте тұрса, сол септікте тұра ала ма? Мысал келтіріңдер.