Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер, күз көрінісі макетін құрастыру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 49-жаттығудағы сөйлемдерді оқу, сөздерге дыбыстық талдаужасау.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру
Сызбаға сүйене отырып, 51-жаттығудағы сөздерді талдау. Анықтаманы еске түсіру.
Зат есім - заттың, құбылыстың, іс-әрекеттің атын білдіреді. Сұрақтары : Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Сын есім дегеніміз – заттың сынын білдіреді. Сұрақтары: Қандай? Қай?
Сан есім – заттың ретін, санын, мөлшерін, қатарын білдіреді. Сұрақтары: Неше? Қанша?
Етістік – заттың қимылын білдіреді. Сұрақтары: Не істеді? Қайтті?
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 52-жаттығудағы сызба бойынша оқушылардың сөз таптары туралы алған білімдерін тиянақтап, мысалдар келтіру.
ә) Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркемжазу: Ж жЖжЖадыра
Мазмұнды суреттер бойынша сөйлемдер құрап, сөз таптарын таптыру.
54-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде орындау.
Сұрақтар бойынша сөйлем құрау.
55-жаттығудағы сөздерді сөз таптарына топтап жазу. Бұл жаттығуды оқушылардың түсінгендерін анықтау мақсатымен өздеріне орындатып, ауызша талдау.
Ү. Бекіту: 1. 57-жаттығудағы сөздерді ретпен жинастыру. Қыс көрінісі макетін сұрақтарға жауап беру арқылы құрастыру, сөз таптарын таптыру.
- Қазір жылдың қай мезгілі ?
- Қыста не жауады ?
- Ауа-райы қандай болады ?
- Қыста балалар қандай ойын ойнайды ?
- Қыс мезгілінде неше ай бар ?
Қар – зат есім, суық- сын есім, сырғанайды- етістік, үш- сан есім.
ҮІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөз таптарына не жатады? Зат есім дегеніміз не? Сын есім, етістік дегеніміз не? Әр сөз табы қандай сұраққа жауап береді? Мысал келтір.
ҮІІ.Үйге тапсырма:56-жаттығу, сөз таптарын қайталау.