Просмотр содержимого документа
«"Суық күндер" 3 сынып қазақ тілі»
Сабақтың тақырыбы: Суық күндер. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жыл мезгілдерінің ерекшеліктері туралы мәліметтеу. Жаңа сөздермен таныстыру. Білімділік: Жыл мезгілдеріне толығырақ тоқталу,оқушылардың білім деңгейін көтеру. Дамытушылық:Осы тақырып бойынша білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Сөйлеу тілін дамыту. Тібиелік:Қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру. Сабақтың түрі : жаңа сабақ Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі: суреттер Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу. Шаттық шеңберін құру. Оқушылар кезек-кезек жыл мезгілдерін атап шығап және қандай сөзіне мысалдар келтіреді.
Үлгі: Қыс – қыс қандай? Қыс суық.
Жаз- жаз қандай? Жаз ыстық. ә)оқушыларды түгендеу
-Бүгін сыныпта кім кезекші?
-Бүгін сыныпта кім жоқ?
-Бүгін аптаның қай және нешінші күні?
-Қазір жылдың қай мезгілі, бүгін ауа-райы қандай?
-Қазір қандай сабақ , нешінші сабақ?
2.Үй тапсырмасын тексеру.
А) Жыл мезгілдерін ата.
Б) Қандай күндер болады?
3.Жаңа сабақты түсіндіру Сөздікпен жұмыс.
Оқушыларды бірінші жаңа сөздермен таныстырп аламын. Тілдерін жаттықтырып бірге оқимыз.
Аяз-мороз
Қазір-сейчас. Қар-снег 1-тапсырма. Берілген сөздерді аудар. Және сөз тіркестерін жасап, сөйлем құрап жаз. Ақ белый
Жылы теплый
Суық холодный
Әдемі красивый
Жақсы хороший
Аязды морозный
Қарлы снежный Үлгі: Ақ қар, жылы күн, суық күн, әдемі көйлек. 2-тапсырма. Диалогті түсініп оқы.