Мамандығы: 1401000 Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану
Біліктілігі: 1401262 Жалпы құрылыс жұмыстарының шебері
Бөлімнің тақырыбы: Сылақ жұмыстары
Сабақтың тақырыбы: Кешенді жұмыстар
Сабақтың мақсаты:
- өндірістік-техникалық білім, білік және дағдыларға қойылатын талаптарды ескере отырып білім алушылардың даярлық деңгейін анықтау.
Сабақтың типі: еңбек тәсілдері мен әдістерін үйрену сабағы
Сабақтың әдістері: сөздік әдіс(түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап), көрнекілік әдіс(еңбек әдістері мен тәсілдерін көрсету), практикалық әдіс(оқу-өндірістік жаттығуларды орындау).
Материалды-техникалық жабдықтар, құрал-саймандар мен оқу-әдістемелік құралдар: Ерітінді араластырғыш,ерітіндіге арналған ыдыс, қалақша,ожау, тегістеуіш, жарттылай тегістеуіш, денгейлегіш, правило.
Өткізілетін орны: ; 106 Жалпы құрылыстық жұмыстар шеберханасы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
1.1. Сәлемдесу;
1.2. Білім алушыларды түгендеу;
1.3.Білім алушылардың оқу құрал-жабдықтарын тексеру.
2. Кіріспе нұсқау:
2.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру;
2.2. Білім алушылардың тақырып бойынша теориялық сабақтарда және өндірістік оқыту сабақтарында алған білімін тексеру:
2.3. Білім алушыларға сабақта жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру, сонымен қатар орындалған жұмыстың сапасын бақылау әдістерін үйрету
3. Білім алушылардың оқу-өндірістік жұмыстарына ағымдағы нұсқау жүргізу:
3.1. Білім алушылардың тексеру жұмыстарын өз бетінше орындауы:
1. Сылақ ерітінділерін әзірлеу
2. Жай сылау жұмыстарын орындау
3. Беттерді тегістеуіш арқылы тегістеу
3.2. Ағымдағы нұсқау (жұмыс орындарын арнайы аралап жүру арқылы):
- жұмыс орнының ұйымдастырылуын және жағдайын тексеру;
- еңбек тәсілдерін орындау дұрыстығын және техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеру;
- технологиялық жұмыстарды орындау ретінің дұрыстығын тексеру;
- жұмыстарды қабылдау.
4. Қорытынды нұсқау:
4.1. Сабақты қорытындылау;
4.2. Жіберілген қателерді талдау;
4.3. Білім алушылардың жұмысын бағалау және оны түсіндіру;