Просмотр содержимого документа
«Сын есімні? шырайларын ?айталау »
Пәні: қазақ тілі. Ашық сабақ.
Сыныбы: 7 «А» Күні:
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің шырайларын қайталау.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімдерін байқап, сөйлем ішінен сын есімдерді ажырата білуге, білімділікке алған білімді тұжырымдай білуге үйрету.
Дамытушылық:Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын кеңейту ес қабілетін, сөйлеу шеберлігін дамыту, өз бетінше ойланып, қортынды жасай білуге төселдіру, түрлі әдістерді пайдалана отырып, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: Өз елін, өзі туып өскен мекенін сүюге баулу, адамгершілікке баулу. Оқушыларды белсенділікке, алғырлыққа, шапшаңдыққа, білімділікке, ойлылыққа, жетектеу,пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақ әдіс – тәсілдері:Сұрақ – жауап, салыстыру,сөйлесу, топтастыру, баяндау, ойландыру, жаздыру, оқыту, психологиялық тренинг, іздендіру, қосымша түсіндіру.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезең:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Кезекші мәлімдемесі.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
2. Психологиялық ахуал .
Оқушыларды шаттық шеңберіне шақыру. Балалар, жүректерімізді ұстап, жылуын сезінейікші. Жүрек жылуын бір – бірімізге берейік оқушылар жылы сөздер айтады.
Саян, мен саған қуанышты күн тілеймін....
3.Оқушыларды топқа бөлу. Үлестірмелі сызбалар бойынша (қызыл,сары,көк,қоңырқай түсті қағаздар бойынша)бір түсті алған оқушылар бір топ болады.
4.Сұрақ –жауап.
1Сын есім дегеніміз не?
2.Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
3.Сын есім құрамына қарай ?
4.Сын есім қалай түрленеді?
5.Сын есімнің шырайы дегеніміз не?
6.Шырай нешеге бөлінеді ?
7.Жай шырайға мысал келтір.
8Салыстырмалы шырай қандай жұрнақтар арқылы жасалады ?
9.Күшейтпелі шырай қалай жасалады?
10.Асырмалы шырай қалай жасалады?
5.Үй тапсырмасын 53- жаттығуды ауызша тексеру.
6.Топпен жұмыс: Деңгейлік тапсырмалар үлестіру.
І деңгей тапсырмасы:
Күшейткіш буындар арқылы асырмалы шырай жасаңыз, берілген сурет бойынша сөйлем құраңыз.
Топтар берілген тапсырмалар бойынша өз жұмыстарын топпен шығып, түсіндіріп береді.
7.Сергіту сәті.
8.Кітаппен жұмыс.
54-жаттығу. Берілген сын есімдерден күшейтпелі шырай жасаңдар. Күшейтпелі шырайдағы сын есімдерді қатыстырып сөйлем құраңдар,ауызша
55-жаттығу.Төмнедегі сөз тіркестерінен сөйлем құрастырыңдар,жазбаша.
9.36 бет. Тапсырма. Сөз ойыны «Жалғастыр».
Мақсат: сын есім шырайларын қайталау.
Ойынға 3-4 бала қатысады, қалғандары кезекпен ауысып келіп отырады.
1-бала сапалық сын есімге мысал айтса, 2- бала одан салыстырмалы шырай, ал 3-бала күшейтпелі шырай жасап тез айтулары керек.
10.Тест тапсырмасын орындау.
11.Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын, сұрақ-жауап.
12.Рефлексия. Не білдім? Не білгім келеді ? Не қиындық тудырды ?
Оқушылар сабақ бойынша өз ойларын білдіреді.
13.Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.
14.Үйге тапсырма:36 бет. 56-жаттығу.Өздеріңмен бірге жүрген оқушылардың жақсы оқитыны туралы « Өте зейінді оқушы» деген атпен шағын шығарма жазыңдар, берілген тірек сөздер арқылы.